Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау 01.11.2019 жылға

Мүгедектердің орталықтандырылған қорының мәліметі бойынша облыста барлық топтағы 29 219 мүгедек тұрады (оның iшiнде 1,2 топтағы – 14 004 адам,   3-топтағы — 12 360 адам, мүгедек-балалар — 2855 адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар объектілер  қолжетімділікпен қамтамасыз етілді.

  Облыс тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнінде 2015-2017 жылдарға арналған «Паспортталған объектілердің жалпы санынан бейімдеуден өткен объектілердің санын ұлғайту» Меморандумның көрсеткішін жеткізу 100 %-ды құрады.

2019 жылы 1 672 паспортталған объектіні толық бейімдеу шаралары жалғасуда. Сонымен қатар, 335 нысанды қосымша паспорттау жұмыстары жүргізілді.

2019 жылы 408 мың. теңге сомасына 17 жол белгісін және 1 жаяу жүргіншілер өткелін қайта жабдықтап орнатылды.

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлінеді. Сонымен, 2019 жылы 467,1 млн.теңге сомасына мүгедектерді қамту жоспарланған:

- санаторлық-курорттық емделумен 1 245 адам, оның ішінде 26 мүгедек бала. Ағымдағы жылғы 1 қарашасына жағдай бойынша емделуге 1 233 адам жіберілді;

- 766 бірлік тифлотехникалық құралдармен ағымдағы жылдың 1 қарашасына 516 бірлік бұйым берілді;

– сурдотехникалық құралдармен - 393 бірл. а. ж. 1 қарашасына жағдай бойынша 205 бірл. бұйым берілді;

- кресло – арбамен - 503 бірл. а. ж. 1 қарашасына жағдай бойынша 297 бірл. бұйым берілді;

- протездік-ортопедиялық бұйымдармен - саны 1 373 бірлік бұйым. Ағымдағы жылғы 1 қарашасына жағдай бойынша 420 бірл. бұйым берілді;

«Инватакси» қызметіне 11,7 млн.теңге қарастырылған, 274 адам қамтылды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 12,9 млн. теңге сомасына 3 мүгедек сөйлеу процессорларымен қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік сектор шеңберінде облыста 26 бөлімше және 7 үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметі 551 әлеуметтік қызметкерлермен 2 767 адамға қызмет көрсетіледі (соның ішінде мүгедектер – 107, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалар-117, ТҚА бұзылған балалар-120, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан балалар-139, қарттар – 2 284).

Ағымдағы жылғы 1 қарашасына жағдай бойынша 20 ымдау тілі мамандары 163 есту кемістігі бар мүгедекке қызмет көрсетеді, 666 жеке көмекшілер жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 670 мүгедекке қызмет көрсетеді, 3 143 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

Мақаланың шыққан күні: 10.11.2019 09:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.11.2019 09:00
Қаралым саны: 181