A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау 01.11.2017 жылға

Мүгедектердiң орталықтандырылған қорының мәлiметi бойынша облыста 28 702 мүгедектер тұрады (оның iшiнде 1 топтағы — 2 741 адам, 2 топтағы — 11 273 адам, 3 топтағы — 11 989 адам, мүгедек-балалар — 2 699адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарыжүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар нысандар қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмдеуден өткен объектiлердiң санын ұлғайту» Меморандумның көрсеткiшiн жеткiзу 100 %-ды құрады.

2017 жылы 1 672 паспортталған нысандарды толық бейiмдеу шаралар жұмыстары жалғасуда.

2017 жылы 4,1 млн. теңге сомасына 22 бiрлiк жол белгiлерiн және 3 бiрлiк жаяу жүргiншiлер өткелдерiн қайта жабдықтау орнатылды.

2014 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң № 139-р өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершiлiк құндылықтарды нығайтудың 2015 — 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау мақсатында 2017 жылы «Ақмола облысында iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» облыстық көрмесi өттi. Осы iс-шарада 16 әлеуметтiк жобалар қатысты. Конкурстың нәтижесi бойынша «Отбасылық тәрбие орталығы «Өмiр» қоғамдық бiрлестiгiнiң «Мүгедек балалар үшiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету бойынша орталығын ұйымдастыру «Жить вопреки!» әлеуметтiк жобасы жеңiмпаз болып белгiлендi.

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Сонымен, 2017 жылға жалпы сомасы 301,5 млн.теңге қарастырылған. Осы қаражаттан мүгедектердi:

 — санаторлық — курорттық емделуге 1 658 мүгедектер, оның iшiнде 27 балалар 127,8 млн. теңге сомасына, 2017 ж. 01.12. жағдайына 1 646 адам жiберiлдi;

- тифлотехникалық құралдар саны — 480 бiрлiк 25,1 млн. теңге сомасына, 2017 ж. 01.12. жағдайына 480 құрал берiлдi;

- сурдотехникалық құралдар — 394 бiрлiк 23,9 млн. теңге сомасына; 2017 ж. 01.12. жағдайына 394 құрал берiлдi;

- арнайы жүрiп-тұру құралдар (кресло-арбалар) — 557 бiрлiк 46,8 млн.теңге сомасына, 2017 ж. 01.12. жағдайына 557 кресло-арба берiлдi;

- протездiк-ортопедиялық құралдармен саны 1 502 бiрлiк сомасы 66,9 млн.теңгеге қамтуды жоспарланған. 2017 жылдың 01.12. жағдайына мүгедектер 1 502 құралмен қамтылды.

- «Инватакси» қызметiне 13,7 млн.теңге (республикалық бюджеттен — 2,7 млн.теңге, жергiлiктi бюджеттен — 11 млн. теңге).

Республикалық бюджет қаражатының есебiнен кохлеарлық импланттары бар 21,7 млн.тенгеге 6 мүгедектi қамтылды.

2017 жылы республикалық бюджет есебiнен үкiметтiк емес ұйымдары көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтермен 61,9 млн.теңге сомасына 340 адам қамтылған (305 жоспар).

Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсету 26 бөлiмi жұмыс iстейдi, 585 әлеуметтiк қызметкерлер 2 837 адамға қызмет көрсетедi (оның iшiнде, жалғыз басты мүгедектер — 121, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек-балалар — 161, ҚҚК бұзушылығы бар — 151, 18 жастан үлкен психоневрологиялық сырқаттары бар — 141, қарттар — 2 263). 2017 жылдың 1 желтоқсан жағдайы бойынша — 522,5 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлiнiң 16 мамандарымен есту бойынша 150 мүгедектер үшiн қызметтер көрсетiледi, 2017 жылдың 1 желтоқсан жағдайы бойынша игеру сомасы 22,6 млн. теңгенi құрады. 637 жеке көмекшiлерiмен қозғалыста қиыншылық көретiнбiрiншi топтағы 650 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2017 жылдың 1 желтоқсан жағдайы бойынша игерудiң сомасы 85,7 млн. теңгенi құрады.

2017 жылдың 1 желтоқсан жағдайы бойынша мiндеттi гигиеналық құралдарымен 3072 мүгедек қамтылды. 2017 жылдың 1 желтоқсан жағдайы бойынша игерудiң сомасы 301,5 млн. теңгенi құрады.

Мақаланың шыққан күні: 16.04.2018 09:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.04.2018 09:49
Қаралым саны: 520

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz