Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау 01.10.2019 жылға

Мүгедектердiң орталықтандырылған қорының мәлiметi бойынша облыста барлық топтағы 29 219 мүгедек тұрады (оның iшiнде 1,2 топтағы — 14 004 адам, 3-топтағы — 12 360 адам, мүгедек-балалар — 2855 адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар объектiлер қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмдеуден өткен объектiлердiң санын ұлғайту» Меморандумның көрсеткiшiн жеткiзу 100 %-ды құрады.

2019 жылы 1 672 паспортталған объектiнi толық бейiмдеу шаралары жалғасуда. Сонымен қатар, 335 нысанды қосымша паспорттау жұмыстары жүргiзiлдi.

2019 жылы 408 мың. теңге сомасына 17 жол белгiсiн және 1 жаяу жүргiншiлер өткелiн қайта жабдықтап орнатылды.

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Сонымен, 2019 жылы 467,1 млн.теңге сомасына мүгедектердi қамту жоспарланған:

- санаторлық-курорттық емделумен 1 243 адам, оның iшiнде 26 мүгедек бала. Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша емделуге 1 093 адам жiберiлдi;

- 589 бiрлiк тифлотехникалық құралдармен ағымдағы жылдың 1 қазанына 516 бiрлiк бұйым берiлдi;

– сурдотехникалық құралдармен — 368 бiрл. а. ж. 1 қазандағы жағдай бойынша 205 бiрл. бұйым берiлдi;

- кресло — арбамен — 505 бiрл. а. ж. 1 қазандағы жағдай бойынша 242 бiрл. бұйым берiлдi;

- протездiк-ортопедиялық бұйымдармен — саны 1 373 бiрлiк бұйым. Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 106 бiрл. бұйым берiлдi;

«Инватакси» қызметiне 11,7 млн.теңге қарастырылған, 274 адам қамтылды.

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен 8,6 млн. теңге сомасына 2 мүгедек сөйлеу процессорларымен қамтамасыз етiлдi, қосымша 1 ересек мүгедектi қамтамасыз ету жоспарлануда.

Мемлекеттiк сектор шеңберiнде облыста 26 бөлiмше және 7 үйде әлеуметтiк көмек көрсету қызметi 544 әлеуметтiк қызметкерлермен 2 792 адамға қызмет көрсетiледi (соның iшiнде мүгедектер — 111, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалар-121, ТҚА бұзылған балалар-125, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан балалар-141, қарттар — 2 294).

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 20 ымдау тiлi мамандары 162 есту кемiстiгi бар мүгедекке қызмет көрсетедi, 659 жеке көмекшiлер жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы 662 мүгедекке қызмет көрсетедi, 3 716 мүгедек мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 10.10.2019 08:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.10.2019 09:00
Қаралым саны: 165