Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау 01.09.2019 жылға

Мүгедектердiң орталықтандырылған қорының мәлiметi бойынша облыста барлық топтағы 29 440 мүгедек тұрады (оның iшiнде 1,2 топтағы — 14 118 адам, 3-топтағы — 12 452 адам, мүгедек-балалар — 2 870 адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар объектiлер қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмдеуден өткен объектiлердiң санын ұлғайту» Меморандумның көрсеткiшiн жеткiзу 100 %-ды құрады.

2019 жылы 1 672 паспортталған объектiнi толық бейiмдеу шаралары жалғасуда. Сонымен қатар, 335 нысанды қосымша паспорттау жұмыстары жүргiзiлдi.

2019 жылы 408 мың. теңге сомасына 17 жол белгiсiн және 1 жаяу жүргiншiлер өткелiн қайта жабдықтап орнатылды.

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Сонымен, 2019 жылы 467,1 млн.теңге сомасына мүгедектердi қамту жоспарланған:

 — 136,4 млн. теңге сомасына санаторий — курорттық емделумен 1 243 адам, сонын iшiнде 26 мүгедек-балалар. Ағымдағы жылғы 1 қыркүйек жағдай бойынша 708 адам емделуге жiберiлдi;

- тифлотехникалық құралдармен 191,5 млн. теңге сомасына 589 құрал берiледi. Ағымдағы жылғы 1 қыркүйек жағдай бойынша 516 бiрлiк бұйым берiлдi;

- сурдотехникалық құралдар — 28,5 млн. теңге сомасына 368 құрал берiледi. Ағымдағы жылғы 1 қыркүйек жағдай бойынша 150 бiрл. бұйым берiлдi;

- кресло-арбалар 25,1 млн. теңге сомасына 302 құрал берiледi. Ағымдағы жылғы 1 қыркүйек жағдай бойынша 235 бiрл. бұйым берiлдi ;

- протездiк-ортопедиялық құралдар 85,6 млн.теңге сомасына 1 373 құралмен қамтылады. Ағымдағы жылғы 1 қыркүйек жағдай бойынша 73 бiрл. бұйым берiлдi;

«Инватакси» қызметiне 11,7 млн.теңге.

Республикалық бюджет қаражат есебiнен кохлеарлық импланттары 2 мүгедек 8,6 млн.теңге сомасына қамтылады, қосымша 1 ересек адамды қамтамасыз ету жоспарлануда.

Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсетумен 26 бөлiм жұмыс iстейдi, 564 әлеуметтiк қызметкерлер 2 988 адамға қызмет көрсетiледi (оның iшiнде, мүгедектер — 146, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек-балалар — 122, ҚҚК бұзушылығы бар — 126, 18 жастан үлкен психоневрологиялық сырқаттары бар — 143, қарттар — 2 451). 2019 жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша — 472,3 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлiнiң 20 мамандарымен есту бойынша 162 мүгедектер үшiн қызметтер көрсетiледi, 2019 жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша игеру сомасы 55,6 млн. теңгенi құрады. 659 жеке көмекшiлерiмен қозғалыста қиыншылық көретiн бiрiншi топтағы 662 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2019 жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша игерудiң сомасы 73,8 млн. теңгенi құрады.

2019 жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша мiндеттi гигиеналық құралдарымен 200,3 млн. теңге сомасына 3 716 мүгедек қамтылды.

Мақаланың шыққан күні: 10.09.2019 08:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.09.2019 09:00
Қаралым саны: 170