Мүгедектердiң орталықтандырылған қорының мәлiметi бойынша облыста барлық топтағы 29 355 мүгедек тұрады (оның iшiнде 1,2 топтағы — 14 123 адам, 3-топтағы — 12 395 адам, мүгедек-балалар — 2 837 адам).
Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар объектiлер қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.
Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмдеуден өткен объектiлердiң санын ұлғайту» Меморандумның көрсеткiшiн жеткiзу 100 %-ды құрады.
2019 жылы 1 672 паспортталған объектiнi толық бейiмдеу шаралары жалғасуда. Сонымен қатар, 335 нысанды қосымша паспорттау жұмыстары жүргiзiлдi.
2019 жылы 408 мың. теңге сомасына 17 жол белгiсiн және 1 жаяу жүргiншiлер өткелiн қайта жабдықтап орнатылды.
Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Сонымен, 2019 жылы 467,1 млн.теңге сомасына мүгедектердi қамту жоспарланған:
— 136,4 млн. теңге сомасына санаторий — курорттық емделумен 1 243 адам, сонын iшiнде 26 мүгедек-балалар. Ағымдағы жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша 291 адам емделуге жiберiлдi;
- тифлотехникалық құралдармен 191,5 млн. теңге сомасына 589 құрал берiледi. Ағымдағы жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша 512 бiрлiк бұйым берiлдi;
- сурдотехникалық құралдар — 28,5 млн. теңге сомасына 368 құрал берiледi. Ағымдағы жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша 53 бiрл. бұйым берiлдi;
- кресло-арбалар 25,1 млн. теңге сомасына 432 құрал берiледi;
- протездiк-ортопедиялық құралдар 85,6 млн.теңге сомасына 1 373 құралмен қамтылады.
«Инватакси» қызметiне 11,7 млн.теңге.
Республикалық бюджет қаражат есебiнен кохлеарлық импланттары 2 мүгедек 8,6 млн.теңге сомасына қамтылады, қосымша 1 ересек адамды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсетумен 26 бөлiм жұмыс iстейдi, 564 әлеуметтiк қызметкерлер 2 972 адамға қызмет көрсетiледi (оның iшiнде, мүгедектер — 146, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек-балалар — 117, ҚҚК бұзушылығы бар — 124, 18 жастан үлкен психоневрологиялық сырқаттары бар — 134, қарттар — 2 451). 2019 жылдың 1 шiлде жағдайы бойынша — 239 млн.теңге игерiлдi.
Ымдау тiлiнiң 19 мамандарымен есту бойынша 152 мүгедектер үшiн қызметтер көрсетiледi, 2019 жылдың 1 шiлде жағдайы бойынша игеру сомасы 16,9 млн. теңгенi құрады. 612 жеке көмекшiлерiмен қозғалыста қиыншылық көретiн бiрiншi топтағы 618 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2019 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша игерудiң сомасы 40,2 млн. теңгенi құрады.
2019 жылдың 1 шiлде жағдайы бойынша мiндеттi гигиеналық құралдарымен 170,0 млн. теңге сомасына 3 566 мүгедек қамтылды.