Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау 01.07.2018 жылға

Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау

Облыста барлық топтағы 28 821 мүгедек тұрады (соның iшiнде 1 топтағы — 2 751 адам, 2 топтағы — 11 297 адам, 3 топтағы — 12 024 адам, мүгедек-балалар — 2 749 адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар нысандар қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған Меморандумның «Паспортталған нысандардың жалпы санынан бейiмдеуден өткен нысандардың санын ұлғайту» көрсеткiшiне жету 100 %-ды құрады.

2018 жылы 1 672 паспортталған нысандардың бейiмдеу шараларының кешенiн толық өткiзу бойынша жұмысы жалғасады.

2018 жылы 595 мың теңге сомасына 27 бiрлiк жол белгiлерiн орнату және 1 бiрлiк жаяу жүргiншiлер өткелдерiн қайта жабдықтау жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2014 жылғы 28 қарашадағы № 139-р өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершiлiк құндылықтарды нығайту жөнiндегi 2015 — 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау мақсатында 2018 жылы «Ақмола облысында iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» жыл сайынғы облыстық көрмесiн өткiзу жоспарлануда. Бүгiнгi танда республикалық iс-шаралар жоспары негiзiнде облыстық жоспар бекiтiлдi.

Ағымдағы жылдың 1 шiлдедегi жағдайға сәйкес 17 өтiнiш қабылданды (Ақкөл — 1, Астрахан — 1, Ерейментау — 1, Жарқайың -3, Целиноград — 1, Степногорск қ. — 2, Көкшетау қ. — 8).

Жыл сайын облыстық бюджеттен мүгедектердi құрылғылар мен оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн ақшалай қаражат бөлiнедi. Сонымен, 2018 жылы мүгедектердi 294,5 млн.теңге сомасына қамтамасыз ету жоспарлануда:

 — 136,4 млн. теңге сомасына 1 239 адамды, сонын iшiнде 20 мүгедек-балаларды шипажайлық — курорттық емдеумен. 01.07.2018 жылдағы жағдайға сәйкес 530 адам жолданды;

- 27,4 млн. теңге сомасына 161 бiрлiк санында тифлотехникалық құралдармен, 01.07.2018 жылдағы жағдайға сәйкес мүгедектер 154 бiрлiк бұйымдармен қамтамасыз етiлдi;

- 11,6 млн. теңге сомасына 215 бiрлiк сурдотехникалық құралдармен, 01.07.2018 жылдағы жағдайға сәйкес мүгедектер 112 бiрлiк бұйымдармен қамтамасыз етiлдi;

- 38 млн. теңге сомасына 448 бiрлiк кресло-арбалармен, 01.07.2018 жылдағы жағдайға сәйкес мүгедектер 438 бiрлiкпен қамтамасыз етiлдi;

- 81,1 млн.теңге сомасына 1 584 бiрлiк бұйымдар санында протездiк-ортопедиялық бұйымдармен, 01.07.2018 жылдағы жағдайға сәйкес 233 мүгедектер 326 бұйымдармен қамтамасыз етiлдi;

- «Инватакси» қызметiне 27,2 млн.теңге қарастырылды (РБ -2,7 млн.теңге, ОБ — 11,8 млн. теңге, ЖБ — 12,7 млн.теңге).

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен сөйлеу процессорларымен 16,8 млн.тенге сомасына 4 мүгедектi қамтамасыз ету жоспарлануда.

2018 жылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен үкiметтiк емес ұйымдарымен көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтерiмен 164 млн.теңге сомасына 450 адамды қамту жоспарлануда (жартылай стационар — 203, үй жағдайы арқылы — 197, адам саудасының құрбандары — 10, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары — 40).

Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсетумен 26 бөлiмше қызмет iстейдi, 584 әлеуметтiк қызметкерлер 2 866 адамға қызмет көрсетедi (соның iшiнде, жалғыз басты мүгедектер — 112, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек-балалар — 144, ҚҚК бұзушылығы бар — 144, психоневрологиялық сырқаттары бар 18 жастан жоғары —136, қарттар — 2 330). 2018 жылдың 1 шiлдедегi жағдайға сәйкес — 294,6 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлiнiң 15 мамандарымен есту бойынша 147 мүгедектер үшiн қызметтер көрсетiледi, 2018 жылдың 1 шiлдедегi жағдайға сәйкес игеру сомасы 12,5 млн. теңгенi құрады. 653 жеке көмекшiлерiмен қозғалыста қиыншылық көретiн бiрiншi топтағы 666 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2018 жылдың 1 шiлдедегi жағдайға сәйкес игеру сомасы 40,9 млн. теңгенi құрады.

2018 жылдың 1 шiлдесiне мiндеттi гигиеналық құралдарымен 190,9 млн. теңге сомасына 2 819 мүгедек қамтамасыз етiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 16.08.2018 15:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.11.2018 10:45
Қаралым саны: 1254