Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау 01.05.2019 жылға

Мүгедектердiң орталықтандырылған қорының мәлiметi бойынша облыста барлық топтағы 29 355 мүгедек тұрады (оның iшiнде 1,2 топтағы — 14 123 адам, 3-топтағы — 12 395 адам, мүгедек-балалар — 2 837 адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар объектiлер қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмдеуден өткен объектiлердiң санын ұлғайту» Меморандумның көрсеткiшiн жеткiзу 100 %-ды құрады.

2019 жылы 1 672 паспортталған объектiнi толық бейiмдеу шаралары жалғасуда.

2019 жылы 408 мың. теңге сомасына 17 жол белгiсiн және 1 жаяу жүргiншiлер өткелiн қайта жабдықтап орнатылды.

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Сонымен, 2019 жылы 467,1 млн.теңге сомасына мүгедектердi қамту жоспарланған:

 — 136,4 млн. теңге сомасына санаторий — курорттық емделумен 1 243 адам, сонын iшiнде 26 мүгедек-балалар;

- тифлотехникалық құралдармен 191,5 млн. теңге сомасына 589 құрал берiледi;

- сурдотехникалық құралдар — 28,5 млн. теңге сомасына 368 құрал берiледi;

- кресло-арбалар 25,1 млн. теңге сомасына 432 құрал берiледi;

- протездiк-ортопедиялық құралдар 85,6 млн.теңге сомасына 1 373 құралмен қамтылады.

«Инватакси» қызметiне 11,7 млн.теңге.

Республикалық бюджет қаражат есебiнен кохлеарлық импланттары 2 мүгедек 8,6 млн.теңге сомасына қамтылады.

Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсетумен 26 бөлiм жұмыс iстейдi, 543 әлеуметтiк қызметкерлер 2 786 адамға қызмет көрсетiледi (оның iшiнде, мүгедектер — 106, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек-балалар — 122, ҚҚК бұзушылығы бар — 128, 18 жастан үлкен психоневрологиялық сырқаттары бар — 140, қарттар — 2 290). 2019 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша — 190,9 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлiнiң 19 мамандарымен есту бойынша 152 мүгедектер үшiн қызметтер көрсетiледi, 2019 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша игеру сомасы 15,1 млн. теңгенi құрады. 612 жеке көмекшiлерiмен қозғалыста қиыншылық көретiн бiрiншi топтағы 618 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2019 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша игерудiң сомасы 31,1 млн. теңгенi құрады.

2019 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша мiндеттi гигиеналық құралдарымен 133,9 млн. теңге сомасына 3 478 мүгедек қамтылды.

Мақаланың шыққан күні: 10.05.2019 08:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.05.2019 09:00
Қаралым саны: 156