Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау 01.04.2018 жылға

Облыста барлық топтағы 28 821 мүгедектерi тұрады (оның iшiнде 1 топтағы — 2 751 адам,2 топтағы — 11 297 адам, 3 топтағы — 12 024 адам, мүгедек-балалар — 2 749 адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар нысандар қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмдеуден өткен объектiлердiң санын ұлғайту» Меморандумның көрсеткiшiн жеткiзу 100 %-ды құрады.

2018 жылы 1 672 паспортталған нысандарды толық бейiмдеу шаралар жұмыстары жалғасуда.

2018 жылы 595 мың. теңге сомасына 27 бiрлiк жол белгiлерiн және 1 бiрлiк жаяу жүргiншiлер өткелдерiн орнату мен қайта жабдықтау жоспарланған.

2014 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң № 139-р өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершiлiк құндылықтарды нығайтудың 2015 — 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау мақсатында, 2018 жылы «Ақмола облысында iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» жыл сайынғы облыстық көрмесiнiң өткiзу жоспарланған. Бүгiнгi танда, республиқалық жоспар негiзiнде облыстық жоспар бекiтiлдi.

Ағымдағы жылдың 1 мамыры жағдайына 8 өтiнiш қабылданды (Ақкөл — 1, Жарқайың -2, Степногорск қ. — 2, Көкшетау қ. — 3).

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Сондай-ақ, 2018 жылы 294,5 млн.теңге сомасына мүгедектердi:

 — санаторий — курорттық емделумен 136,4 млн. теңге сомасына 1 239 адам, сонын iшiнде 20 мүгедек-балалар;

- тифлотехникалық құралдармен 27,4 млн. теңге сомасына 161 құрал;

- сурдотехникалық құралдармен 11,6 млн. теңге сомасына 215 құрал;

- кресло-арбалармен 38 млн. теңге сомасына 448 құрал;

- протездiк-ортопедиялық құралдармен 81,1 млн.теңге сомасына 1 584 құралмен қамту жоспарланған.

- «Инватакси» қызметiне 27,2 млн.теңге (РБ -2,7 млн.теңге, ОБ — 11,8 млн. теңге, ЖБ — 12,7 млн.теңге) қарастырылды.

Республикалық бюджет қаражат есебiнен сөйлеу процессорымен 14,4 млн.тенге сомасына 4 мүгедектi қамту жоспарланған.

2018 жылы республикалық бюджет есебiнен үкiметтiк емес ұйымдарымен көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтермен 164 млн.теңге сомасына 450 адамды қамту жоспарланған (жартылай стационар — 203, үй жағдайы арқылы — 197, адам саудасының құрбандары — 10, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары — 40).

Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсетумен айналысатын 26 бөлiм жұмыс iстейдi, 591 әлеуметтiк қызметкерлер 2 864 адамға қызмет көрсетедi (оның iшiнде, жалғыз басты мүгедектер — 119, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек-балалар — 152, ҚҚК бұзушылығы бар — 145, 18 жастан үлкен психоневрологиялық сырқаттары бар —134, қарттар — 2 314). 2018 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша — 190,1 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлiнiң 15 мамандарымен есту бойынша 145 мүгедектер үшiн қызметтер көрсетiледi, 2018 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша игеру сомасы 9,5 млн. теңгенi құрады. 635 жеке көмекшiлерiмен қозғалыста қиыншылық көретiн бiрiншi топтағы 648 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2018 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша игерудiң сомасы 30,2 млн. теңгенi құрады.

2018 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша мiндеттi гигиеналық құралдарымен 122,6 млн. теңге сомасына 2 653 мүгедек қамтылды.

Мақаланың шыққан күні: 23.05.2018 17:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.05.2018 17:38
Қаралым саны: 1445