A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау 01.03.2018 жылға

Мүгедектердiң орталықтандырылған қорының мәлiметi бойынша облыста 28 821 барлық топтағы мүгедектер тұрады (оның iшiнде 1 топтағы — 2 751 адам,2 топтағы — 11 297 адам, 3 топтағы — 12 024 адам, мүгедек-балалар — 2 749 адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар нысандар қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмдеуден өткен объектiлердiң санын ұлғайту» Меморандумның көрсеткiшiн жеткiзуi 100 %-ды құрады.

2018 жылы 1 672 паспортталған нысандарды толық бейiмдеу шаралары бойынша жұмыстары жалғасуда.

2018 жылы 595 мың. теңге сомасына 27 бiрлiк жол белгiлерiн орнату және 1 бiрлiк жаяу жүргiншiлер өткелдерiн қайта жабдықтауы жоспарланған.

2014 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң № 139-р өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершiлiк құндылықтарды нығайтудың 2015 — 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау мақсатында, 2018 жылы «Ақмола облысында iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» жыл сайынғы облыстық көрмесiнiң өткiзiлуi жоспарланған. Бүгiнгi танда республиқалық жоспар негiзiнде облыстық жоспар бекiтiлдi.

Ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне 8 өтiнiш қабылданды (Ақкөл — 1, Жарқайың-2, Степногорск қ. — 2, Көкшетау қ. — 3).

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Сонымен, 2018 жылы 294,5 млн.теңге сомасына мүгедектердi:

 — санаторий — курорттық емделумен 136,4 млн. теңге сомасына 1 239 адамды, сонын iшiнде 20 мүгедек-балаларды;

- тифлотехникалық құралдармен 27,4 млн. теңге сомасына 161 құралмен;

- сурдотехникалық құралдармен 11,6 млн. теңге сомасына 215 құралмен;

- кресло-арбалармен 38 млн. теңге сомасына 448 құралмен;

- протездiк-ортопедиялық құралдармен 81,1 млн.теңге сомасына 1 584 құралмен қамту жоспарланған.

- «Инватакси» қызметiне 27,2 млн.теңге (РБ -2,7 млн.теңге, ОБ — 11,8 млн. теңге, ЖБ — 12,7 млн.теңге)қарастырылды.

Республикалық бюджет қаражат есебiнен сөйлеу процессорымен 14,4 млн.тенгеге 4 мүгедектi қамту жоспарланған.

2018 жылы республикалық бюджет есебiнен үкiметтiк емес ұйымдарымен көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтермен 164 млн.теңгеге 450 адамды қамту жоспарланған (жартылай стационар — 203, үй жағдайы арқылы — 197, адам саудасының құрбандары — 10, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары — 40).

Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсетумен 26 бөлiм жұмыс iстейдi, 591 әлеуметтiк қызметкерлер 2 852 адамға қызмет көрсетедi (оның iшiнде, жалғыз басты мүгедектер — 122, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек-балалар — 160, ҚҚК бұзушылығы бар — 148, 18 жастан үлкен психоневрологиялық сырқаттары бар —138, қарттар — 2 284). 2018 жылдың 1 сәуiр жағдайы бойынша — 138,5 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлiнiң 15 мамандарымен есту бойынша 145 мүгедектер үшiн қызметтер көрсетiледi, 2018 жылдың 1 сәуiр жағдайы бойынша игеру сомасы 6,6 млн. теңгенi құрады. 626 жеке көмекшiлерiмен қозғалыста қиыншылық көретiн бiрiншi топтағы 653 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2018 жылдың 1 сәуiр жағдайы бойынша игерудiң сомасы 21,8 млн. теңгенi құрады.

2018 жылдың 1 сәуiр жағдайы бойынша мiндеттi гигиеналық құралдарымен 102,5 млн. теңге сомасына 2 347 мүгедек қамтылды.

Дата создания статьи: 23.05.2018 17:36
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.05.2018 17:36
Қаралым саны: 158

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz