Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау 01.02.2019 жылға

Мүгедектердiң орталықтандырылған қорының мәлiметi бойынша облыста барлық топтағы 29 303 мүгедек тұрады (оның iшiнде 1-топтағы — 2 790 адам, 2-топтағы — 11 308 адам, 3-топтағы — 12 407 адам, мүгедек-балалар — 2 798 адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар объектiлер қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмдеуден өткен объектiлердiң санын ұлғайту» Меморандумның көрсеткiшiн жеткiзу 100 %-ды құрады.

2019 жылы 1 672 паспортталған объектiнi толық бейiмдеу шаралары жалғасуда.

2019 жылы 408 мың. теңге сомасына 17 жол белгiсiн және 1 жаяу жүргiншiлер өткелiн қайта жабдықтап орнатылды.

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Сонымен, 2019 жылы 467,1 млн.теңге сомасына мүгедектердi қамту жоспарланған:

 — 136,4 млн. теңге сомасына санаторий — курорттық емделумен 1 243 адам, сонын iшiнде 26 мүгедек-балалар;

- тифлотехникалық құралдармен 191,5 млн. теңге сомасына 589 құрал берiледi;

- сурдотехникалық құралдар — 28,5 млн. теңге сомасына 368 құрал берiледi;

- кресло-арбалар 25,1 млн. теңге сомасына 432 құрал берiледi;

- протездiк-ортопедиялық құралдар 85,6 млн.теңге сомасына 1 649 құралмен қамтылады.

«Инватакси» қызметiне 11,7 млн.теңге.

Республикалық бюджет қаражатының есебiнен кохлеарлық импланттары бар 8,6 млн.тенгеге 2 мүгедектi қамтылады.

Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсету 26 бөлiмi жұмыс iстейдi, 550 әлеуметтiк қызметкерлер 2 780 адамға қызмет көрсетедi (оның iшiнде, жалғыз басты мүгедектер — 107, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек-балалар — 123, ҚҚК бұзушылығы бар — 134, 18 жастан үлкен психоневрологиялық сырқаттары бар —142, қарттар — 2 274). 2019 жылдың 1 ақпан жағдайы бойынша — 42,4 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлi мамандары және жеке көмекшi қызметтерiне 192,6 млн.теңге қарастырылған (ымдау тiлi маманына — 62,4 жеке көмекшi қызметiне — 130,2).

Мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамту үшiн 472 млн.теңге қарастырылған, соның iшiнде республикалық бюджет — 237,7 млн.теңге.

Мақаланың шыққан күні: 10.02.2019 08:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.02.2019 09:00
Қаралым саны: 166