Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау 01.02.2018 жылға

Облыста 28 821 барлық топтағы мүгедектер тұрып жатыр (оның iшiнде 1 топтағы — 2 751 адам,2 топтағы — 11 297 адам, 3 топтағы — 12 024 адам, мүгедек-балалар — 2 749 адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар нысандар қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және атаулы әлеуметтiк көмектi нығайту мен облыс халқын қолдау жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмдеуден өткен объектiлердiң санын ұлғайту» Меморандумның көрсеткiшiн жеткiзу 100 %-ды құрады.

1 672 паспортталған нысандарды кешендi бейiмдеу iс-шараларды толығымен жүргiзу жұмыстары 2018 жылы жалғастырылады.

2018 жылы 595 мың. теңге сомасына 27 бiрлiк жол белгiлерiн орнату және және 1 бiрлiк жаяу жүргiншiлер өткелдерiн қайта жабдықтауы жоспарланған.

2014 жылғы 28 қарашасындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң № 139-р өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершiлiк құндылықтарды нығайтудың 2015 — 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау мақсатында 2018 жылы «Ақмола облысында iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» жыл сайынғы облыстық көрмесiнiң өткiзуi жоспарланған. Бүгiнгi танда, республиқалық iс-шаралары жоспары негiзiнде облыстық жоспар бекiтiлдi.

Ағымдағы жылдың 1 наурызына 8 өтiнiш қабылданды (Ақкөл — 1, Жарқайың -2, Степногорск қ. — 2, Көкшетау қ. — 3).

Жыл сайын мүгедектердi оңалту құрылғылармен және қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Сондай-ақ, 2018 жылы 294,5 млн.теңге сомасына мүгедектердi:

-санаторий — курорттық емделумен 136,4 млн. теңге сомасына 1 239 адамды, сонын iшiнде 20 мүгедек-балаларды;

-тифлотехникалық құралдармен 27,4 млн. теңге сомасына 161 құралмен;

-сурдотехникалық құралдармен 11,6 млн. теңге сомасына 215 құралмен;

-кресло-арбалармен 38 млн. теңге сомасына 448 құралмен;

-протездiк-ортопедиялық құралдармен 81,1 млн.теңге сомасына 1 584 құралмен қамтамасыз етуi жоспарланған.

«Инватакси» қызметiне 27,2 млн.теңге қарастырылды (РБ -2,7 млн.теңге, ОБ — 11,8 млн. теңге, ЖБ — 12,7 млн.теңге).

Республикалық бюджет есебiнен сөйлеу процессорымен 14,4 млн.тенгеге 4 мүгедектi қамтуы жоспарланған.

2018 жылы республикалық бюджет есебiнен үкiметтiк емес ұйымдарымен көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтермен 164 млн.теңгеге 450 адамды қамтуы жоспарланған (жартылай стационар — 203, үй жағдайы арқылы — 197, адам саудасының құрбандары — 10, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары — 40).

Мемлекеттiк сектор шеңберiнде облыста 2 845 адамға үй жағдайында әлеуметтiк қызмет көрсетумен (оның iшiнде, жалғыз басты мүгедектер — 124, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек-балалар — 160, ҚҚК бұзушылығы бар — 149, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар —138, қарттар — 2 274) 26 бөлiмде жұмыс iстейтiн 595 әлеуметтiк қызметкерлерi айналысады. 2018 жылдың 1 наурызы жағдайы бойынша — 87,8 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлiнiң 13 маманымен есту қабiлетi нашар 139 мүгедектер үшiн қызметтер көрсетiледi, 2018 жылдың 1 наурызы жағдайы бойынша игерiлген сомасы 3,7 млн. теңгенi құрады. 554 жеке көмекшiмен қозғалыста қиыншылық көретiн бiрiншi топтағы 588 мүгедекке қызмет көрсетiледi, 2018 жылдың 1 наурызы жағдайы бойынша игерiлген сомасы 10,6 млн. теңгенi құрады.

2018 жылдың 1 наурызы жағдайы бойынша мiндеттi гигиеналық құралдарымен 70,1 млн. теңге сомасына 1 923 мүгедек қамтылды.

Мақаланың шыққан күні: 23.05.2018 17:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.05.2018 17:34
Қаралым саны: 1253