A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау 01.01.2018 жылға

Мүгедектердiң орталықтандырылған қорының мәлiметi бойынша облыста 28 821 мүгедектер тұрады (оның iшiнде 1 топтағы — 2 751 адам., 2 топтағы — 11 297 адам, 3 топтағы — 12 024 адам, мүгедек-балалар — 2 749 адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар нысандар қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмдеуден өткен объектiлердiң санын ұлғайту» Меморандумның көрсеткiшiн жеткiзу 100 %-ды құрады.

2018 жылы 1 672 паспортталған нысандарды толық бейiмдеу шаралар жұмыстары жалғасуда.

2018 жылы 595 мың. теңге сомасына 27 бiрлiк жол белгiлерiн және 1 бiрлiк жаяу жүргiншiлер өткелдерiн қайта жабдықтау орнату жоспарланған.

2014 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң № 139-р өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершiлiк құндылықтарды нығайтудың 2015 — 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау мақсатында 2018 жылы «Ақмола облысында iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» жыл сайынғы облыстық көрмесiнiң өткiзу жоспарланған. Бүгiнгi танда республиқалық жоспар негiзiнде облыстық жоспардың жобасы дайындалды.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанына 8 өтiнiш қабылданды (Ақкөл — 1, Жарқайын -2, Степногорск қ. — 2, Көкшетау қ. — 3).

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Сонымен, 2018 жылы 294,5 млн.теңге сомасына мүгедектердi қамту жоспарланған:

 — 136,4 млн. теңге сомасына санаторий — курорттық емделумен 1 239 адам, сонын iшiнде 20 мүгедек-балалар;

- тифлотехникалық құралдармен 27,4 млн. теңге сомасына 161 құрал берiледi;

- сурдотехникалық құралдар — 11,6 млн. теңге сомасына 215 құрал берiледi;

- кресло-арбалар 38 млн. теңге сомасына 448 құрал берiледi;

- протездiк-ортопедиялық құралдар 81,1 млн.теңге сомасына 1 584 құралмен қамтылады.

- «Инватакси» қызметiне 27,2 млн.теңге (РБ -2,7 млн.теңге, ОБ — 11,8 млн. теңге, ЖБ — 12,7 млн.теңге).

Республикалық бюджет қаражатының есебiнен кохлеарлық импланттары бар 14,4 млн.тенгеге 4 мүгедектi қамтылады.

2018 жылы республикалық бюджет есебiнен үкiметтiк емес ұйымдарымен көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтермен 164 млн.теңгеге 450 адамды қамту жоспарланған (жартылай стационар — 203, үй жағдайы арқылы — 197, адам саудасының құрбандары — 10, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары — 40).

Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсету 26 бөлiмi жұмыс iстейдi, 584 әлеуметтiк қызметкерлер 2 821 адамға қызмет көрсетедi (оның iшiнде, жалғыз басты мүгедектер — 132, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек-балалар — 161, ҚҚК бұзушылығы бар — 149, 18 жастан үлкен психоневрологиялық сырқаттары бар —132, қарттар — 2 247). 2018 жылдың 1 ақпан жағдайы бойынша — 41,4 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлi мамандары және жеке көмекшi қызметтерiне 68,2 млн.теңге қарастырылған (ымдау тiлi маманына — 14,4 жеке көмекшi қызметiне — 53,8).

Мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамту үшiн 220,7 млн.теңге қарастырылған, соның iшiнде республикалық бюджет — 156,3 млн.теңге.

Дата создания статьи: 23.05.2018 17:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.05.2018 17:32
Қаралым саны: 87

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: akmout@mail.online.kz