A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Ақталған адамға куәлік беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016жылғы 04 ақпандағы
№ А-2/49 қаулысымен
бекiтiлдi

"Ақталған адамға куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Ақталған адамға куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi)көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны: қағаз түрiнде.

3. "Ақталған адамға бiрыңғай үлгiдегi куәлiк беру қағидаларын, ақталған адамның куәлiгiнiң үлгiсiн бекiту және "Саяси қуғын-сүргiнге ұшырап ақталған адамдарды куәлiкпен қамтамасыз ету тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 2 сәуiрдегi № 184 қаулысымен бекiтiлген нысан бойынша куәлiк немесе оның телнұсқасы,мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi болып табылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiнiң нысаны — қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығымен бекiтiлген "Ақталған адамға куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 9-тармағынасәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушымен (немесе нотариалдық расталған сенiмхаты бойынша оның өкiлi)ұсынылған құжаттар,мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны әрбiр құрылымдық бөлiмшелердiң тұрғысында орындаудың ұзақтығы:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 — сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және ақталған адамның куәлiгiн немесе оның телнұсқасын ресiмдейдi және басшыға қол қоюға жолдайды — 3 жұмыс күнi;

4) басшы ақталған адамның куәлiгiне немесе оның телнұсқасына қол қояды — 1 жұмыс күнi;

5) кеңсенiң қызметкерi тiркейдi және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 30 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегiн және аты-жөнiнiң бiрiншi әрiптерiн, тiркеген күндi көрсете отырып, үзбелi талон;

2) жауапты орындаушыны белгiлеу;

3) ақталған адамның куәлiгiн немесе оның телнұсқасын даярлау;

4) ақталған адамның куәлiгiне немесе оның телнұсқасына қол қою;

5) куәлiктi берудiң есеп журналына белгi қоя отырып, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсенiң қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 — сағат.

3) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және ақталған адамның куәлiгiн немесе оның телнұсқасын ресiмдейдi және басшыға қол қоюға жолдайды — 3 жұмыс күнi;

4) басшы ақталған адамның куәлiгiне немесе оның телнұсқасына қол қояды — 1 жұмыс күнi;

5) кеңсенiң қызметкерi тiркейдi және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 30 минут.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) рәсiмiнiң (iс-қимылының), өзара iс-қимылының реттiлiгiн толықтай сипаттау, осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOCX 107 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 17:09
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 17:09
Қаралым саны: 339

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz