Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ А-11/534 қаулысымен
бекiтiлген

"Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Ақмола облысы аудандарының, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiмен және кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi;

3) "электрондық үкiмет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — Портал);

4) "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Орталық) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нысаны: қағаз түрiнде және (немесе) электрондық (iшiнара автоматтандырылған).

3. Көрсетiлетiн қызметтi алушының атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн (не тиесiлi еместiгiн) растайтын анықтама мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi болып табылады (бұдан әрi — анықтама).

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру нысаны — қағаз түрiнде және (немесе) электрондық.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығымен бекiтiлген "Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11342 болып тiркелген) 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушымен (немесе нотариалдық расталған сенiмхаты бойынша оның өкiлiмен) ұсынылған құжаттар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылады (бұдан әрi — Стандарт).

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны әрбiр құрылымдық бөлiмшелердiң бөлiнiсiнде орындаудың ұзақтығы:

1) жауапты орындаушы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, тексередi, тiркейдi және анықтаманы дайындайды — 5 минут;

2) басшы атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн (не тиесiлi еместiгiн) растайтын көрсетiлетiн қызметтi алушының анықтамасына қол қояды — 5 минут;

3) жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызметтi алушыға (немесе нотариалдық расталған сенiмхаты бойынша оның өкiлiне) көрсетiлетiн қызметтi алушының атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн (не тиесiлi еместiгiн) растайтын анықтама бередi — 5 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу, анықтаманы даярлау;

2) анықтамаға қол қою;

3) анықтаманы беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) жауапты орындаушы;

2) басшы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) арасында рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) жауапты орындаушы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, тексередi, тiркейдi және анықтаманы дайындайды — 5 минут;

2) басшы көрсетiлетiн қызметтi алушының атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн (не тиесiлi еместiгiн) растайтын анықтамасына қол қояды — 5 минут;

3) жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызметтi алушыға (немесе нотариалдық расталған сенiмхаты бойынша оның өкiлiне) көрсетiлетiн қызметтi алушының атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн (не тиесiлi еместiгiн) растайтын анықтама бередi — 5 минут.

4. "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорацияға және (немесе) басқа да көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiну тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттарды қабылдаудың күнi мен уақытын көрсете отырып, құжаттарды қабылдау туралы қолхатты бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң дайын нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң барынша көп мүмкiн уақыты– 15 минут.

Қызмет көрсетудiң барынша көп мүмкiн уақыты — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн жүгiнген кезде Мемлекеттiк корпорацияға стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiштi және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

Көрсетiлген құжатта қамтылған ақпаратты мемлекеттiк ақпараттық жүйе растаған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну талап етiлмейдi.

Мемлекеттiк корпорация, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.

10. Портал арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының жүгiну тәртiбiн және рәсiмдерiнiң (iс-қимылының) реттiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ парольдiң (порталда тiркелмеген қызмет алушылар үшiн iске асырылады) көмегiмен порталда тiркелудi жүзеге асырады;

1-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн порталға ЖСН/БСН және паролiн (авторизациялау процесi) енгiзедi;

1-шарт — ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнiң түпнұсқалығы порталда тексерiледi;

2-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде кемшiлiктердiң болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен осы регламентте көрсетiлген қызметтердi таңдау, оның құрылымы мен пiшiмдi талаптарын ескере отырып, қызметтердi көрсету және көрсетiлетiн қызметтi алушымен нысанды толтыру (деректердi енгiзу) үшiн сұраныстың нысанын шығару, сұраныстың нысанына стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электрондық үлгiдегi қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн жалғау, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушымен сұраныстың куәлiгi (қол қою) үшiн электрондық-цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрi — ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдау;

2-шарт — порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi және қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде болмауы, сондай-ақ сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгi тексерiледi (сұраныста көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасында);

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұранысты өңдеу үшiн "электрондық үкiмет" өңiрлiк шлюзының автоматтандырылған жұмыс орынында "электрондық үкiмет" шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын) жолдау;

6-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

7-процесс — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушымен алу. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысымен ЭЦҚ пайдаланумен қалыптасады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) рәсiмiнiң (iс-қимылының), өзара iс-қимылының реттiлiгiн толықтай сипаттау, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара iс-қимылының тәртiбiн және ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

 Жүктеу (DOCX 182 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 17:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 17:06
Қаралым саны: 1266