Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ А-11/537 қаулысымен
бекiтiлген

"Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi бөлiмшелерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру:

"Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

"электрондық үкiмет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — Портал)арқылы жүзеге асырылады.

Шетелден азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктердi немесе анықтамаларды сұратып алдырған кезде, көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш бiлдiру қажет.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нысаны: электрондық/қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияда — қайталама куәлiктi немесе азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтаманы не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 219 бұйрығымен бекiтiлген "Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11374 болып тiркелген) (бұдан әрi — стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, қағаз жеткiзгiштегi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру;

2) порталда:

қайталама куәлiк алған кезде — электрондық құжат нысанындағы көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық өтiнiштiң қабылданғаны туралы хабарлама не мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап;

электрондық құжат нысанындағы көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтамалар алу.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан немесе оның уәкiлеттi өкiлiнен құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 15 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi –1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, актiлiк жазбаны шығарады және тиiстi куәлiктi немесе анықтаманы қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 3 сағат;

"АХАТ" тiркеу пунктi ақпараттық жүйесiнде акт жазбаларының электронды нұсқасы болған жағдайда және тiркеушi органның мұрағатында азаматтық хал актiсi болған жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн қызмет алушымен қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 4 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiнқызметтiң мерзiмiне кiрмейдi), дайын құжаттар 5 жұмыс күнi берiледi, егер басқа тiркеушi органға сұраныс жолдау қажет болса, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады;

азаматтық хал актiсiн басқа тiркеушi органда тiркеген кезде — 29 күнтiзбелiк күн (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмiне кiрмейдi);

4) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

5) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау, тiркеу туралы белгi қою;

2) жауапты орындаушыны белгiлеу;

3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн даярлау;

4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қою;

5) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсенiң қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау:

1) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан немесе оның уәкiлеттi өкiлiнен құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 15 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi –1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, актiлiк жазбаны шығарады және тиiстi куәлiктi немесе анықтаманы қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 3 сағат;

"АХАТ" тiркеу пунктi ақпараттық жүйесiнде акт жазбаларының электронды нұсқасы болған жағдайда және тiркеушi органның мұрағатында азаматтық хал актiсi болған жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн қызмет алушымен қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 4 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмiне кiрмейдi), дайын құжаттар 5 жұмыс күнi берiледi, егер басқа тiркеушi органға сұраныс жолдау қажет болса, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады;

азаматтық хал актiсiн басқа тiркеушi органда тiркеген кезде — 29 күнтiзбелiк күн (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмiне кiрмейдi);

4) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

5) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 15 минут.

4. "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге жүгiну тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының немесе уәкiлеттi өкiлiнiң өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, сұрау салудың нөмiрi мен қабылданған күнi, сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi, қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы, құжаттар берiлетiн күн, (уақыт) және орны, өтiнiштi қабылдаған Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, қолхатты бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттарды қабылдауға бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бередi;

2-процесс — осы Регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң дайын нәтижесiн бередi.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы не оның уәкiлеттi өкiлi Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) мемлекеттiк қызметтi алушыға алуға қажеттi құжат түрiне байланысты осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша туу, неке қию, некенi бұзу, әкелiктi анықтау, бала асырап алу, тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту, қайтыс болу туралы қайталама куәлiктi (анықтама) және некеге құқық қабiлеттiлiгi туралы анықтама беру туралы өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

3) бюджетке мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжат немесе ЭҮТШ арқылы төлемдi қоспағанда, салық жеңiлдiктерiн беруге негiз болып табылатын құжаттың көшiрмесi;

4) қызметтi алушының өкiлi жүгiнген жағдайда нотариат куәландырған сенiмхат;

Қайтыс болу туралы қайталама куәлiк (анықтама) беру туралы өтiнiш берген кезде қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.

Осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша некеге құқық қабiлеттiлiгi туралы анықтама Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын не бұрын тұрған азаматтарға көрсетiлетiн қызметтi берушiмен берiледi.

Егер адам Қазақстан Республикасынан тыс жерге кеткенге дейiн бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте тұрақты тұрған болса, неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) мемлекеттiк тiркеу туралы акт жазбасының бар екендiгiн тексеру он алты жастан бастап жүргiзiледi, өзге жағдайда анықтама осы аумақта тұрған кезден бастап берiледi.

Егер қызметтi алушы некеде тұрса (ерлi-зайыпты болса), некеге құқық қабiлеттiлiгi туралы анықтама алу үшiн қосымша некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiгiнiң немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi қоса берiледi (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн тiркелген акт жазбалары негiзiнде берiлген куәлiктер ұсынылмайды).

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың көшiрмесiн тексередi, содан кейiн түпнұсқаларын көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.

Егер тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы мәлiметтер, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушымен бюджет есебiне баж сомасын төлегенiн растаушы (ЭҮШП арқылы төлеген кезде) жеке басын куәландыратын құжаттар көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерiне "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден берiледi.

Қайтыс болу туралы куәлiктерден басқа, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктер өздерiне қатысты тиiстi акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ осы адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан уәкiлеттiк берiлген адамға (сенiм бiлдiрiлген адамға) жазбаша (нотариатта куәландырылған сенiмхат) өкiлеттiк берiлген басқа тұлғаға (сенiм бiлдiрген өкiлге) берiледi.

Қайталама қайтыс болу туралы куәлiк қайтыс болған адамның туыстарына, мұрагерлер тiзiмiне кiретiн тұлғаларға берiледi.

Шет мемлекеттердiң құзыреттi мекемесi не өзiне арнайы уәкiлеттiк берiлген тұлға өзiнiң құзыретi шегiнде және белгiленген нысан бойынша берген немесе куәландырған, шет мемлекеттiң елтаңбалы мөрiмен бекiтiлген құжаттар тек арнайы куәландырылған рәсiмнен өткеннен кейiн (заңдастырылған не апостильденген) қабылданады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженiң сақталуын бiр ай iшiнде қамтамасыз етедi, содан кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн жолдайды. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен соң өтiнiш жасаған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi алушыға табыс ету үшiн жолдайды.

10. Портал арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының жүгiну тәртiбiн және рәсiмдерiнiң (iс-қимылының) реттiлiгiн сипаттау.

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ парольдiң (Порталда тiркелмеген қызмет алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегiмен порталда тiркелудi жүзеге асырады;

1-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн порталға ЖСН/БСН және паролiн (авторизациялау процесi) енгiзедi;

1-шарт — ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнiң түпнұсқалығы порталда тексерiледi;

2-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы осы регламентте көрсетiлген қызметтердi таңдау, экранға оныңқұрылымы мен пiшiмдi талаптарын ескере отырып, қызметтердi көрсету үшiн сұраныстың нысанынашығару және көрсетiлетiн қызметтi алушымен нысанды толтыру (деректердi енгiзу), сұраныстың нысанына стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электрондық түрдегi қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн жалғау, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушы сұраныстың куәлiгi (қол қою) үшiн электрондық-цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрi — ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдау;

2-шарт — Порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi және қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмде болмауы, сондай-ақ сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгi тексерiледi (сұраныста көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасында);

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұранысты өңдеу үшiн "электрондық үкiмет" өңiрлiк шлюзының автоматтандырылған жұмыс орынында "электрондық үкiмет" шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатын (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын) жолдау;

6-процесс — осы Регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

7-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн алу. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысымен ЭЦҚ пайдаланумен қалыптасады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) рәсiмiнiң (iс-қимылының), өзара iс-қимылының реттiлiгiн толықтай сипаттау, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара iс-қимылының тәртiбiн және ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау осы Регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOCX 213 Kb)

 

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 17:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 17:03
Қаралым саны: 1017