A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 23 қазандағы
№ А-11/495 қаулысымен
бекiтiлдi

"Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң өтiнiшiн қабылдау және нәтижесiн беру:

1) "электрондық үкiмет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — Портал);

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi iс-шараларына қатысуға жолдама беру мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi болып табылады, ол мыналарды қамтиды:

1) жұмысқа орналасуға жолдама;

2) қоғамдық жұмыстарға жолдама;

3) адамдарға кәсiби даярлауға, қайта даярлауға және бiлiктiлiктi арттыруға жолдама;

4) әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолдама;

5) жастар тәжiрибесiне жолдама;

6) адамдарға кәсiби бағдарлануға тегiн қызметтер көрсету (бұдан әрi — жолдама).

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны — электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығымен бекiтiлген "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттiк қызметтi көрсету жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны әрбiр құрылымдық бөлiмшелердiң тұрғысында орындаудың ұзақтығы:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 20 минут;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi iс-шараларына қатысуға жолдаманы даярлайды — 30 минут;

4) басшы жолдамаға қол қояды — 20 минут;

5) кеңсенiң қызметкерi тiркейдi және көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 30 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны белгiлеу;

3) хабарламаны даярлау;

4) хабарламаға қол қою;

5) хабарламаны беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсенiң қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдың) реттiлiгiн сипаттау:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 20 минут;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi iс-шараларына қатысуға жолдаманы даярлайды — 30 минут;

4) басшы жолдамаға қол қояды — 20 минут;

5) кеңсенiң қызметкерi тiркейдi және көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 30 минут.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының жүгiну тәртiбiн және рәсiмдерiнiң (iс-қимылының) реттiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ парольдiң (порталда тiркелмеген қызмет алушылар үшiн iске асырылады) көмегiмен порталда тiркелудi жүзеге асырады;

1-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн порталға ЖСН/БСН және паролiн (авторизациялау процесi) енгiзедi;

1-шарт — ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнiң түпнұсқалығы порталда тексерiледi;

2-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде кемшiлiктердiң болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы осы регламентте көрсетiлген қызметтердi таңдайды, экранға оның құрылымы мен пiшiмдi талаптарын ескере отырып, қызметтердi көрсету және көрсетiлетiн қызметтi алушымен нысанды толтыру (деректердi енгiзу) үшiн сұраныстың нысанын шығару, сұраныстың нысанына стандарттың 9 тармағында көрсетiлген электрондық үлгiдегi қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн жалғау, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушы сұраныстың куәлiгi (қол қою) үшiн электрондық-цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрi — ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдайды;

2-шарт — порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi және қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде болмауы, сондай-ақ сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгi тексерiледi (сұраныста көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасында);

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұранысты өңдеу үшiн "электрондық үкiмет" өңiрлiк шлюзының автоматтандырылған жұмыс орынында "электрондық үкiмет" шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын) жолдау;

6-процесс — осы регламенттiң 5 тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

7-процесс — мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушымен алу. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысымен ЭЦҚ пайдаланумен қалыптасады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) рәсiмiнiң (iс-қимылының), өзара iс-қимылының реттiлiгiн және мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн толықтай сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсету бизнес-процесстерiнiң анықтамалығында көрiнедi.

Жүктеу (DOCX 161 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 17:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 17:00
Қаралым саны: 290

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz