A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүгедек-балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ А-11/534 қаулысымен
бекiтiлген

"Мүгедек-балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Мүгедек-балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Ақмола облысы аудандарының, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудi тағайындау, сондай-ақ мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудi (бұдан әрi — жәрдемақы) тағайындау туралы ақпарат алу кезiнде www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi болып табылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру нысаны — электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығымен бекiтiлген "Мүгедек-балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11342 болып тiркелген) 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылады (бұдан әрi — Стандарт).

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны әрбiр құрылымдық бөлiмшелердiң тұрғысында орындаудың ұзақтығы:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады және жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаны даярлайды — 8 жұмыс күнi;

4) басшы хабарламаға қол қояды және кеңсеге жолдайды — 1 сағат;

5) кеңсе қызметкерi хабарламаны бередi — 30 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу, үзбелi талонын беру;

2) жауапты орындаушыны белгiлеу;

3) хабарламаны даярлау;

4) хабарламаға қол қою;

5) хабарламаны беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсенiң қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдың) реттiлiгiн сипаттау:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады және жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаны даярлайды — 8 жұмыс күнi;

4) басшы хабарламаға қол қояды және кеңсеге жолдайды — 1 сағат;

5) кеңсе қызметкерi хабарламаны бередi — 30 минут.

4. "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорацияға және (немесе) басқа да көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiну тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттарды қабылдаудың күнi мен уақытын көрсете отырып, құжаттарды қабылдау туралы қолхатты бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тағайындауға өтiнiштi қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң дайын нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң барынша көп мүмкiн уақыты — 15 минут.

Қызмет көрсетудiң барынша көп мүмкiн уақыты — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат;

тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкiмiнiң анықтамасы);

психологиялық — медициналық — педагогикалық консультацияның қорытындысы;

4) "Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10589 болып тiркелген) бекiтiлген нысан бойынша мүгедектiгi туралы анықтама;

5) банк шотының нөмiрi туралы мәлiметтердi растайтын құжат;

6) стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактiсiн растайтын оқу орнының анықтамасы.

Құжаттарды тексеру үшiн түпнұсқа және көшiрме түрлерiнде берiледi, одан кейiн түпнұсқасы қызмет алушыға қайтарылады.

10. Портал арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының жүгiну тәртiбiн және рәсiмдерiнiң (iс-қимылының) реттiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ парольдiң (порталда тiркелмеген қызмет алушылар үшiн iске асырылады) көмегiмен порталда тiркелудi жүзеге асырады;

1-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн порталға ЖСН/БСН және паролiн (авторизациялау процесi) енгiзедi;

1-шарт — ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнiң түпнұсқалығы порталда тексерiледi;

2-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде кемшiлiктердiң болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен осы регламентте көрсетiлген қызметтердi таңдау, оның құрылымы мен пiшiмдi талаптарын ескере отырып, қызметтердi көрсету және көрсетiлетiн қызметтi алушымен нысанды толтыру (деректердi енгiзу) үшiн сұраныстың нысанын шығару, сұраныстың нысанына стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электрондық үлгiдегi қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн жалғау, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушымен сұраныстың куәлiгi (қол қою) үшiн электрондық-цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрi — ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдау;

2-шарт — порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi және қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде болмауы, сондай-ақ сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгi тексерiледi (сұраныста көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасында);

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұранысты өңдеу үшiн "электрондық үкiмет" өңiрлiк шлюзының автоматтандырылған жұмыс орынында "электрондық үкiмет" шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын) жолдау;

6-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

7-процесс — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушымен алу. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысымен ЭЦҚ пайдаланумен қалыптасады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) рәсiмiнiң (iс-қимылының), өзара iс-қимылының реттiлiгiн толықтай сипаттау, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара iс-қимылының тәртiбiн және ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOCX 123 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 16:47
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 16:47
Қаралым саны: 338

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz