Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ А-11/537 қаулысымен
бекiтiлген

"Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi бөлiмшелерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру:

көрсетiлетiн қызметтi берушi;

кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi — ауылдық округ әкiмi);

"Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны: қағаз түрiнде.

3. Азаматтық хал актiсiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк немесе Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 219 бұйрығымен бекiтiлген "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11374 болып тiркелген) (бұдан әрi — стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, қағаз жеткiзгiштегi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi болып табылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

Көрсетiлетiн қызметтi алушы немесе оның уәкiлеттi өкiлi көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш бiлдiрген кезде:

1) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды,оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, актiлiк жазбаны қалпына келтiру немесе одан бас тарту туралы қорытындыны екi данада жасайды, ағымдағы тiркеу кiтапшасында азаматтық хал (туудан басқа) актiсiн қалпына келтiру туралы жазбаны немесе туу туралы қалпына келтiрiлген актiлердi тiркеу кiтапшасында туу туралы қалпына келтiрiлген жазбаны тiркеудi жүргiзедi, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады және тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 6 жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұраныстың қажеттiлiгi және қосымша зерттеудi немесе тексерiстi өткiзу кезiнде қарау мерзiмi 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, осы туралы көрсетiлетiн қызметтi алушыға қарау мерзiмiн ұзартқан сәттен бастап 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабар берiледi;

4) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды– 1 сағат;

5) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы немесе оның уәкiлеттi өкiлi ауылдық округтiң әкiмiнеөтiнiш бiлдiрген кезде:

1) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;

2) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

3) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

4) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

5) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, актiлiк жазбаны қалпына келтiру немесе одан бас тарту туралы қорытындыны екi данада жасайды, ағымдағы тiркеу кiтапшасында азаматтық хал (туудан басқа) актiсiн қалпына келтiру туралы жазбаны немесе туу туралы қалпына келтiрiлген актiлердi тiркеу кiтапшасында туу туралы қалпына келтiрiлген жазбаны тiркеудi жүргiзедi, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады және тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 5 жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұраныстың қажеттiлiгi және қосымша зерттеудi немесе тексерiстi өткiзу кезiнде қарау мерзiмi 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, осы туралы көрсетiлетiн қызметтi алушыға қарау мерзiмiн ұзартқан сәттен бастап 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабар берiледi;

6) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi ауылдық округтiң әкiмiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

8) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау, тiркеу туралы белгi қою;

2) жауапты орындаушыны белгiлеу;

3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн даярлау;

4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қою;

5) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсенiң қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы;

4) ауылдық округтiң әкiмi.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау:

Көрсетiлетiн қызметтi алушы немесе оның уәкiлеттi өкiлi көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш бiлдiрген кезде:

1) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, актiлiк жазбаны қалпына келтiру немесе одан бас тарту туралы қорытындыны екi данада жасайды, ағымдағы тiркеу кiтапшасында азаматтық хал (туудан басқа) актiсiн қалпына келтiру туралы жазбаны немесе туу туралы қалпына келтiрiлген актiлердi тiркеу кiтапшасында туу туралы қалпына келтiрiлген жазбаны тiркеудi жүргiзедi, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады және тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 6 жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұраныстың қажеттiлiгi және қосымша зерттеудi немесе тексерiстi өткiзу кезiнде қарау мерзiмi 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, осы туралы көрсетiлетiн қызметтi алушыға қарау мерзiмiн ұзартқан сәттен бастап 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабар берiледi;

4) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды– 1 сағат;

5) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы немесе оның уәкiлеттi өкiлi ауылдық округтiң әкiмiнеөтiнiш бiлдiрген кезде:

1) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;

2) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

3) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

4) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

5) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, актiлiк жазбаны қалпына келтiру немесе одан бас тарту туралы қорытындыны екi данада жасайды, ағымдағы тiркеу кiтапшасында азаматтық хал (туудан басқа) актiсiн қалпына келтiру туралы жазбаны немесе туу туралы қалпына келтiрiлген актiлердi тiркеу кiтапшасында туу туралы қалпына келтiрiлген жазбаны тiркеудi жүргiзуде, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады және тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 5 жұмыс күнi, басқа мемлекеттiк органдарға сұраныстың қажеттiлiгi және қосымша зерттеудi немесе тексерiстi өткiзу кезiнде қарау мерзiмi 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, осы туралы көрсетiлетiн қызметтi алушыға қарау мерзiмiн ұзартқан сәттен бастап 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабар берiледi;

6) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi ауылдық округтiң әкiмiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

8) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

4. "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiнiң ситапсамасы

9. "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге жүгiну тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, сұрау салудың нөмiрi мен қабылданған күнi, сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi, қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы, құжаттар берiлетiн күн, (уақыт) және орны, өтiнiштi қабылдаған Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, құжаттарды қабылдау туралы қолхатты бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттарды қабылдауға бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бередi;

2-процесс — осы Регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс –Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң дайын нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiнқызметтiң мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы не оның уәкiлеттi өкiлi жүгiнген кезде азаматтық хал актiсi жазбасын қалпына келтiру үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы акт жазбасын қалпына келтiру туралы өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

3) азаматтық хал актiлерiн тiркеу кiтаптарында актi жазбасының жоқтығы туралы, жоғалтылған жазба болған жер бойынша облыстық (қалалық) азаматтық хал актiлерiн жазу мұрағатының анықтамасы;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушы және оның жақын туыстары (ата-анасы, балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен қарындастары) туралы деректер толық көрсетiлген өмiрбаян;

5) еңбек кiтапшасының көшiрмесi не Еңбек кодексiне сәйкес еңбек қызметiн растайтын басқа құжат, егер көрсетiлетiн қызметтi алушы студент болса — оқу орнынан туған күнi мен жерi көрсетiлген анықтама (бар болса);

6) егер көрсетiлетiн қызметтi алушы әскери мiндеттi болса, әскери билеттiң көшiрмесi (бар болса);

7) көрсетiлетiн қызметтi алушының 3*4 см. мөлшердегi екi фотосуретi;

8) мемлекеттiк бажды бюджетке төлегенiн растайтын құжат немесе салық жеңiлдiктерiн беруге негiз болып табылатын құжат.

Қосымша мынадай құжаттардың көшiрмелерi ұсынылады (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген азаматтық хал актiлерi жазбаларын мемлекеттiк тiркеу жағдайларынан басқа):

9) егер некеде (ерлi-зайыптылықта) тұрған болса, неке қию (ерлi-зайыптылық) туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;

10) балалары бар болса, балаларының туу туралы куәлiктерiнiң көшiрмелерi;

11) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн) не ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi;

12) ата-анасының неке қию (ерлi-зайыптылық) туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (бар болса);

13) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi жүгiнген жағдайда нотариалды куәландырылған сенiмхат;

14) егер көрсетiлетiн қызметтi алушы зейнеткер болса, зейнеткер куәлiгiнiң көшiрмесi ұсынылады.

Заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы мыналарды ұсынады:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы сот шешiмi негiзiнде акт жазбасын қалпына келтiру туралы өтiнiш;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке куәлiгi (жеке басын сәйкестендiру үшiн);

3) мемлекеттiк тiркеу орны мен уақыты көрсетiлген актiлiк жазбаны қалпына келтiру туралы соттың заңды күшiне енген шешiмi.

Оралмандар Қазақстан Республикасына заңды көшiп келгенi туралы және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтiнiшхаттары туралы iшкi iстер органдары берген құжаттарды қосымша тапсырады.

Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiру үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiруге қажеттi мәлiметтердi растайтын құжаттарды (жұмыс немесе оқу орнынан анықтама, бiлiмi туралы құжаттар, мемлекеттiк мұрағаттардың анықтамалары) ұсынады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктер туралы мәлiметтер, көрсетiлетiн қызметтi берушiге және Мемлекеттiк корпорация қызметкерiне "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден берiледi.

Құжаттарды қабылдау кезiнде Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттардың көшiрмелерiн тексередi, одан кейiн түпнұсқаларын көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженiң бiр ай бойы сақталуын қамтамасыз етедi, содан соң одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң өтiнiш жасаған кезде, көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға табыс ету үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жолдайды.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) рәсiмiнiң (iс-қимылының), өзара iс-қимылының реттiлiгiн толықтай сипаттау, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара iс-қимылының тәртiбiн сипаттау осы Регламенттiң қосымшаларына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOCX 273 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 16:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 16:54
Қаралым саны: 942