Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ А-11/537 қаулысымен
бекiтiлген

"Некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзудытiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет)азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi бөлiмшелерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру:

көрсетiлетiн қызметтi берушi;

кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi — ауылдық округ әкiмi);

"Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

"электрондық үкiмет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нысаны: электрондық/қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi: некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, енгiзiлген өзгерiстермен, толықтырулармен және түзетулермен некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы қайталама куәлiк не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 219 бұйрығымен бекiтiлген "Некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11374 болып тiркелген) (бұдан әрi — стандарт) 10-тармағыда көзделген жағдайларда және негiздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткiзгiштегi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Порталда көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтiнiштiң қабылданғанын растау және некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу күнiнiң белгiленуi туралы хабарлама не мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген негiздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанында дәлелдi жауап жолданады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны әрбiр құрылымдық бөлiмшелердiң тұрғысында орындаудың ұзақтығы:

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш бiлдiрген кезде:

1) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi –1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, өтiнiштi есеп беру журналына тiркейдi, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады және тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 1 жұмыс күнi;

басқа аумақтық бiрлiкте шығару орны бойынша заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде, неке бұзуды тiркеу туралы өтiнiштi жолдау қажет болған кезде — 29 күнтiзбелiк күн;

хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабiлетсiз немесе қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды, тiркеушi орган өтiнiш түскен күннен бастап бiр апта мерзiмде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабiлетсiз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкiне қорғаншыға хабарлай отырып, тiркеу — 44 күнтiзбелiк күн (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiнқызметтiң мерзiмiне кiрмейдi);

кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттiк тiркеу өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiм өткеннен кейiн (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiнқызметтiң мерзiмiне кiрмейдi) көрсетiледi;

құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзiмi қарау мерзiмiн ұзартқан сәттен бастап көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 6 жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 (үш) күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

4) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

5) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы ауылдық округтiң әкiмiне жүгiнген кезде:

1) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;

2) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

3) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

4) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi –1 сағат;

5) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, өтiнiштi есеп беру журналына тiркейдi, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады және тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 1 жұмыс күнi;

басқа аумақтық бiрлiкте шығару орны бойынша заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде, неке бұзуды тiркеу туралы өтiнiштi жолдау қажет болған кезде — 29 күнтiзбелiк күн;

хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабiлетсiз немесе қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды, тiркеушi орган өтiнiш түскен күннен бастап бiр апта мерзiмде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабiлетсiз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкiне қорғаншыға хабарлай отырып, тiркеу — 44 күнтiзбелiк күнi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiнқызметтiң мерзiмiне кiрмейдi);

кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттiк тiркеу өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiм өткеннен кейiн (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмiне кiрмейдi) көрсетiледi;

құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзiмi қарау мерзiмiн ұзартқан сәттен бастап көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 6 жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

6) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi ауылдық округтiң әкiмiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

8) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау, тiркеу туралы белгi қою;

2) жауапты орындаушыны белгiлеу;

3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн даярлау;

4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қою;

5) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiнқызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсенiң қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы;

4) ауылдық округтiң әкiмi.

8. Әрбiррәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығынкөрсетеотырып, құрылымдықбөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағырәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiнсипаттау:

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш бiлдiрген кезде:

1) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi –1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, өтiнiштi есеп беру журналына тiркейдi, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады және тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 1 жұмыс күнi;

басқа аумақтық бiрлiкте шығару орны бойынша заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде, неке бұзуды тiркеу туралы өтiнiштi жолдау қажет болған кезде — 29 күнтiзбелiк күн;

хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабiлетсiз немесе қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды, тiркеушi орган өтiнiш түскен күннен бастап бiр апта мерзiмде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабiлетсiз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкiне қорғаншыға хабарлай отырып, тiркеу — 44 күнтiзбелiк күн (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiнқызметтiң мерзiмiне кiрмейдi)көрсетiледi;

кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттiк тiркеу өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiм өткеннен кейiн (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмiне кiрмейдi) көрсетiледi;

құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзiмi қарау мерзiмiн ұзартқан сәттен бастап көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 6 жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 (үш) күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

4) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

5) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы ауылдық округтiң әкiмiне жүгiнген кезде:

1) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;

2) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

3) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

4) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi –1 сағат;

5) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, өтiнiштi есеп беру журналына тiркейдi, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады және тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 1 жұмыс күнi;

басқа аумақтық бiрлiкте шығару орны бойынша заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде, неке бұзуды тiркеу туралы өтiнiштi жолдау қажет болған кезде — 29 күнтiзбелiк күн;

хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабiлетсiз немесе қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттiк тiркеу, тiркеушi орган өтiнiш түскен күннен бастап бiр апта мерзiмде ол туралы қамауда жатқан жұбайға, не әрекетке қабiлетсiз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкiне қорғаншыға хабарлай отырып, 44 күнтiзбелiк күнi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмiне кiрмейдi)көрсетiледi;

кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттiк тiркеу өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiм өткеннен кейiн (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмiне кiрмейдi) көрсетiледi ;

құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзiмi қарау мерзiмiн ұзартқан сәттен бастап көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 6 жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 (үш) күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады

6) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi ауылдық округтiң әкiмiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

8) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

4. "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақмемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге жүгiну тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс –Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, сұрау салудың нөмiрi мен қабылданған күнi, сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi, қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы, құжаттар берiлетiн күн, (уақыт) және орны, өтiнiштi қабылдаған Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, құжаттарды қабылдау туралы қолхатты бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттарды қабылдауға бас тартады және Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бередi;

2-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiнқызметтiң дайын нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорацияғажүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiнқызметтiкөрсетудiң мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

3) некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi;

4) бюджетке мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжат;

5) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi жүгiнген жағдайда нотариат куәландырған сенiмхат.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу үшiн:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

3) некенi қию (ерлi-зайыптылық) туралы куәлiк;

4) бюджетке мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжат. Сот шешiмiнiң негiзiнде белгiленген тәртiпппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелiсi сырқаты немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұбайын хабар-ошарсыз кеткен не әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкiмiнiң негiзiнде некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

сот шешiмiнiң немесе сот үкiмiнiң көшiрмесi;

неке қию (ерлi-зайыптылық) туралы куәлiк;

бюджетке мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжат;

6) көрсетiлетiн қызмет алушының өкiлi жүгiнген жағдайда нотариат куәландырған сенiмхат;

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойыша өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

3) некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiк, егер куәлiктiң түпнұсқасы жоғалған болса — некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама;

4) бюджетке мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжат;

5) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi жүгiнген жағдайда нотариат куәландырған сенiмхат.

Құжаттарды қабылдау кезiнде Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттардың көшiрмелерiн тексередi, одан кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге түпнұсқасын қайтарады.

Егер тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы мәлiметтер, сондай-ақ қызмет алушымен бюджет есебiне баж сомасын төлегенiн растаушы (ЭҮШП арқылы төлеген кезде) жеке басын куәландыратын құжаттар көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерiне "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден берiледi.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженiң бiр ай бойы сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң өтiнiш жасаған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн жолдайды.

10. Портал арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының жүгiну тәртiбiн және рәсiмдерiнiң (iс-қимылының) реттiлiгiн сипаттау.

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ парольдiң (Порталда тiркелмеген қызмет алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегiмен порталда тiркелудi жүзеге асырады;

1-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн порталға ЖСН/БСН және паролiн (авторизациялау процесi) енгiзедi;

1-шарт — ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнiң түпнұсқалығы порталда тексерiледi;

2-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы осы регламентте көрсетiлген қызметтердi таңдау,экранға оның құрылымы мен пiшiмдi талаптарын ескере отырып, қызметтердi көрсету және көрсетiлетiн қызметтi алушымен нысанды толтыру (деректердi енгiзу) үшiн сұраныстың нысанына шығару, сұраныстың нысанына стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электрондық үлгiдегi қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн жалғау, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушы сұраныстың куәлiгi (қол қою) үшiн электрондық-цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрi — ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдайды;

2-шарт — порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi және қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде болмауы, сондай-ақ сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгi тексерiледi (сұраныста көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасында);

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұранысты өңдеу үшiн "электрондық үкiмет" өңiрлiк шлюзының автоматтандырылған жұмыс орынында "электрондық үкiмет" шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатын (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын) жолдау;

6-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

7-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн алу. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысымен ЭЦҚ пайдаланумен қалыптасады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) рәсiмiнiң (iс-қимылының), өзара iс-қимылының реттiлiгiн толықтай сипаттау, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара iс-қимылының тәртiбiн және ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOCX 378 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 25.07.2018 10:09
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.07.2018 10:09
Қаралым саны: 798