A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ А-11/537 қаулысымен
бекiтiлген

"Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi бөлiмшелерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру:

көрсетiлетiн қызметтi берушi;

кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi — ауылдық округ әкiмi);

"Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

"электрондық үкiмет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нысаны: электрондық/қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi:

атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы куәлiк, туу туралы куәлiк (туу туралы акт жазбасын өзгерiстер енгiзiлген жағдайда), енгiзiлген өзгерiстермен, толықтырулармен және түзетулермен атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы қайталама куәлiк не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 219 бұйрығымен бекiтiлген "Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11374 болып тiркелген) (бұдан әрi — стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, қағаз жеткiзгiштегi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Порталда көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" қызмет берушiнiң уәкiлеттi адамының ЭЦҚ қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтiнiштiң қабылданғаны және атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу күнiнiң тағайындалғаны туралы хабарлама не мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген негiздер бойынша және жағдайларда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелдi жауап жолданады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш бiлдiрген кезде:

1) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi –1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, қорытындыны жасайды, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, тiркейдi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады және тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 6 жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 6 жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 14 күнтiзбелiк күн (қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiнқызметтiкөрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұранысқажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

4) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

5) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы ауылдық округтiң әкiмiне жүгiнген кезде:

1) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;

2) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

3) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

4) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi –1 сағат;

5) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, қорытындыны жасайды, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, тiркейдi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады және тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 5 жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 5 жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 13 күнтiзбелiк күн (қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiнқызметтiң мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

6) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi ауылдық округтiң әкiмiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

8) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Ескерту. 5-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 25.12.2017 № А-1/599 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк көрсетiлетiнқызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау, тiркеу туралы белгi қою;

2) жауапты орындаушыны белгiлеу;

3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн даярлау;

4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қою;

5)мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiнқызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1)кеңсенiң қызметкерi;

2) басшы;

3)жауапты орындаушы;

4) ауылдық округтiң әкiмi.

8.Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау:

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде:

1) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi –1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, қорытындыны жасайды, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, тiркейдi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады және тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 6 жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 6 жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 14 күнтiзбелiк күн (қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

4) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

5) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы ауылдық округтiң әкiмiне жүгiнген кезде:

1) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;

2) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

3) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

4) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi –1 сағат;

5) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, қорытындыны жасайды, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, тiркейдi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады және тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 5 жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 13 күнтiзбелiк күн (қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiнқызметтiң мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

6) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi ауылдық округтiң әкiмiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

8) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

4. "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге жүгiну тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, сұрау салудың нөмiрi мен қабылданған күнi, сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi, қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы, құжаттар берiлетiн күн, (уақыт) және орны, өтiнiштi қабылдаған Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, қолхатты бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттарды қабылдауға бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бередi;

2-процесс — осы Регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiнқызметтiң дайын нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiнқызметтiң мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендiру үшiн);

3) көрсетiлетiн қызметтi алушының туу туралы куәлiгiнiң түпнұсқасы мен көшiрмесi (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн тiркелген болса, куәлiктiң көшiрмесi ұсынылмайды);

4) некенi (ерлi-зайыптылықты) қию туралы куәлiктiң көшiрмесi (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн тiркелген болса, куәлiктiң көшiрмесi ұсынылмайды);

5) егер көрсетiлетiн қызметтi алушының кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн тiркелген болса, куәлiктiң көшiрмесi ұсынылмайды);

6) бала асырап алуды не әке болуды анықтау туралы куәлiктiң көшiрмесi, егер оларды тiркеу органдары тiркесе (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн тiркелген болса, куәлiктiң көшiрмесi ұсынылмайды);

7) егер көрсетiлетiн қызметтi алушы некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзiне некеге дейiнгi тегiн беру туралы өтiнiш жасаса, некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiктiң көшiрмесi (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн тiркелген болса, куәлiктiң көшiрмесi ұсынылмайды);

8) көрсетiлетiн қызметтi алушының 3*4 см. көлемiндегi екi фотосуретi;

9) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк баждың бюджетке төленгенiн растайтын құжат.

10) қажет болған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушы атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруын өтiнуiне байланысты себептердi растайтын қосымша құжаттарды талап етедi.

Егер тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы мәлiметтер, сондай-ақ қызмет алушымен бюджет есебiне баж сомасын төлегенiн растаушы (ЭҮШП арқылы төлеген кезде) жеке басын куәландыратын құжаттар көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерiне "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден берiледi..

Көрсетiлетiн қызметтi алушы атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендiру үшiн);

3) азаматтық хал актiсi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзуге байланысты айырбастауға жататын азаматтық хал актiсiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы мен көшiрмесi, куәлiктiң түпнұсқасы жоғалған жағдайда — азаматтық хал актiсiн тiркеу туралы анықтама;

4) азаматтық хал актiсi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу үшiн негiздеменiң болуын растайтын құжат;

5) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi жүгiнген жағдайда нотариат куәландырған сенiмхат.

Құжаттарды қабылдау кезiнде Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттардың көшiрмелерiн тексередi, одан кейiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға түпнұсқасын қайтарады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженiң сақталуын бiр ай iшiнде қамтамасыз етедi, содан кейiн оны көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң өтiнiш жасаған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн жолдайды.

10. Портал арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының жүгiну тәртiбiн және рәсiмдерiнiң (iс-қимылының) реттiлiгiн сипаттау.

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ парольдiң (Порталда тiркелмеген қызмет алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегiмен порталда тiркелудi жүзеге асырады;

1-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн порталға ЖСН/БСН және паролiн (авторизациялау процесi) енгiзедi;

1-шарт — ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнiң түпнұсқалығы порталда тексерiледi;

2-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы осы регламентте көрсетiлген қызметтердi таңдау,экранға оның құрылымы мен пiшiмдi талаптарын ескере отырып, қызметтердi көрсету және көрсетiлетiн қызметтi алушымен нысанды толтыру (деректердi енгiзу) үшiн сұраныстың нысанына шығару, сұраныстың нысанына стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электрондық үлгiдегi қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн жалғау, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушы сұраныстың куәлiгi (қол қою) үшiн тiркеу куәлiгiн таңдау;

2-шарт — порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi және қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмде болмауы, сондай-ақ сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгi тексерiледi (сұраныста көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасында);

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұранысты өңдеу үшiн "электрондық үкiмет" өңiрлiк шлюзының автоматтандырылған жұмыс орынында "электрондық үкiмет" шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатын (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын) жолдау;

6-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

7-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн алу. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысымен ЭЦҚ пайдаланумен қалыптасады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) рәсiмiнiң (iс-қимылының), өзара iс-қимылының реттiлiгiн толықтай сипаттау, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорацияме өзара iс-қимылының тәртiбiн және ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOCX 309 Kb)

Дата создания статьи: 25.07.2018 10:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.07.2018 10:06
Қаралым саны: 186

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz