Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеуші тұлғаларды тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2018 жылғы 3 қаңтардағы
№ А-1/4 қаулысымен
бекiтiлдi

"Жұмыссыз ретiнде жұмыс iздеушi тұлғаларды тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Жұмыссыз ретiнде жұмыс iздеушi тұлғаларды тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының халықты жұмыспен қамту орталықтарымен көрсетiледi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi).

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беруi көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны: қағаз түрiнде.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11342 болып тiркелген) бекiтiлген "Жұмыс iздейтiн тұлғаларды тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес қағаз немесе электронды түрiнде жұмыс iздейтiн тұлға ретiнде тiркеуi туралы хабарлама немесе Стандарттың 10-тармағындақарастырылған негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтен бас тарту туралы жауап, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi болып табылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттар, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдердi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) жауапты орындаушы құжаттарды қабылдайды, тiркейдi және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн дайындайды — 20 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 10 минут;

3) жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындауды бастау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн тiркеу және дайындау;

2) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қою;

3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) жауапты орындаушы;

2) басшы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау:

1) жауапты орындаушы құжаттарды қабылдайды, тiркейдi және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн дайындайды — 20 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 10 минут;

3) жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) рәсiмiнiң (iс-қимылының) реттiлiгiн нақтылы сипаттамасы осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

Жүктеу (DOCX 79 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 25.07.2018 10:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.07.2018 10:02
Қаралым саны: 1237