Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүгедектерге кресло-арбалар беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 19 қазандағы
№ А-10/471 қаулысымен
бекiтiлдi

"Мүгедектерге кресло-арбалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Мүгедектерге кресло-арбалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiмен көрсетiледi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi).

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: мүгедектерге кресло-арбалар ұсыну мерзiмдерi көрсетiлген құжаттарды ресiмдеу туралы хабарлама (бұдан әрi — хабарлама).

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығымен бекiтiлген "Мүгедектерге кресло-арбалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11342 болып тiркелген) (бұдан әрi — Стандарт) 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынуы мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны әрбiр құрылымдық бөлiмшелердiң тұрғысында орындаудың ұзақтығы:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттар қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы:

құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады — 3 жұмыс күнi;

құжаттарды рәсiмдеу үшiн қажеттi көрсетiлетiн қызметтi алушының дербес деректерiн пысықтайды және деректердi "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiне енгiзедi — 1 жұмыс күн;

4) басшы "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде өтiнiшке қол қояды — 1 жұмыс күн;

5) жауапты орындаушы хабарламаны дайындайды — 3 жұмыс күнi;

6) басшы хабарламаға қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсе қызметкерi хабарламаны бередi — 30 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк қызметтi көрсету жөнiндегi рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны белгiлеу;

3) деректердi тексеру және "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiне енгiзу;

4) өтiнiшке қол қою;

5) хабарлама дайындау;

6) хабарламаға қол қою;

7) хабарламаны беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсенiң қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы;

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттар қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы:

құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады — 3 жұмыс күнi;

құжаттарды рәсiмдеу үшiн қажеттi көрсетiлетiн қызметтi алушының дербес деректерiн пысықтайды және деректердi "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiне енгiзедi — 1 жұмыс күн;

4) басшы "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде өтiнiшке қол қояды — 1 жұмыс күн;

5) жауапты орындаушы хабарламаны дайындайды — 3 жұмыс күнi;

6) басшы хабарламаға қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсе қызметкерi хабарламаны бередi — 30 минут.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде Мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) басқа көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

9. Мемлекеттiк корпорацияға және (немесе) басқа көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының сауалын өңдеу ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасынасәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс — осы регламенттiң 5-тармағында қарастырылған көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң iс-қимылдары;

3-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатында көрсетiлген мерзiмiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға дайын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiрген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

Мемлекеттiк корпорацияға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кездегi құжаттардың тiзбесi:

1) Стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн).

Тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын, мүгедектiгi туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттiк корпорация уәкiлеттi лауазымды адамдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Ақпараттық жүйелерде көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерi болмаған жағдайда өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:

1) еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиға туралы актiнiң және жұмыс берушi-жеке кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшiрмелерi — жұмыс берушi-жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған және (немесе) кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедек өтiнiш берген кезде;

2) оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндiнiң көшiрмесi.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар өтiнiшке Ұлы Отан соғысының қатысушысының, мүгедегiнiң немесе жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегiне теңестiрiлген адамның куәлiгiн қоса бередi.

Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, кейiн құжаттардың түпнұсқалары көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде рәсiмiнiң (iс-қимылдың) реттiлiгiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарын нақтылы сипаттау, осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

Жүктеу (DOCX 124 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 17:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 17:55
Қаралым саны: 754