Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 19 қазандағы
№ А-10/471 қаулысымен
бекiтiлдi

"Үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi- мемлекеттiк қызмет)аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiмен көрсетiледi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi).

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету мерзiмiн көрсете отырып, құжаттарды ресiмдеу туралы хабарлама (бұдан әрi — хабарлама) немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 қаулысымен бекiтiлген "Үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу" стандарттың (Нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11342 болып тiркелген) (бұдан әрi — Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздемелер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушымен Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынуы, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдердi (iс-қимылдар) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны әрбiр құрылымдық бөлiмшелердiң тұрғысында орындаудың ұзақтығы:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттар қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы:

құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады — 1 жұмыс күн;

құжаттарды рәсiмдеу үшiн қажеттi көрсетiлетiн қызметтi алушының дербес деректерiн пысықтайды және деректердi "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiне енгiзедi — 1 жұмыс күн;

4) басшы "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде өтiнiшке қол қояды — 1 жұмыс күн;

5) жауапты орындаушы хабарламаны дайындайды — 10 жұмыс күнi;

6) басшы хабарламаға қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсе қызметкерi хабарламаны бередi — 30 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк қызметтi көрсету жөнiндегi рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны белгiлеу;

3) деректердi тексеру және "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiне енгiзу;

4) өтiнiшке қол қою;

5) хабарлама дайындау;

6) хабарламаға қол қою;

7) хабарламаны беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсенiң қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы;

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттар қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы:

құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады — 1 жұмыс күн;

құжаттарды рәсiмдеу үшiн қажеттi көрсетiлетiн қызметтi алушының дербес деректерiн пысықтайды және деректердi "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiне енгiзедi — 1 жұмыс күн;

4) басшы "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде өтiнiшке қол қояды — 1 жұмыс күн;

5) жауапты орындаушы хабарламаны дайындайды — 10 жұмыс күнi;

6) басшы хабарламаға қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсе қызметкерi хабарламаны бередi — 30 минут.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде Мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) басқа көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

9. Мемлекеттiк корпорацияға және (немесе) басқа көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының сауалын өңдеу ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасынасәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс — осы регламенттiң 5-тармағында қарастырылған көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң iс-қимылдары;

3-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатында көрсетiлген мерзiмiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға дайын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiрген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

Мемлекеттiк корпорацияға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кездегi құжаттардың тiзбесi:

1) Стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке сәйкестендiру нөмiрi бар жеке басын растайтын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн);

3) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;

4) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрмесi (қарттар үшiн талап етiлмейдi);

5) зейнеткерлiк жастағы адамдар үшiн — зейнеткерлiк куәлiгiнiң көшiрмесi;

6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар үшiн — Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегi және оларға теңестiрiлген адам мәртебесiн растайтын куәлiктiң көшiрмелер;

7) балалар үшiн — психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшiрмесi.

Жеке басты куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы) құжаттар туралы, мүгедектiк туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттiк корпорация уәкiлеттi лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде рәсiмiнiң (iс-қимылдың) реттiлiгiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарын нақтылы сипаттау, осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

Жүктеу (DOCX 130 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 17:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 17:51
Қаралым саны: 1082