Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ А-11/533 қаулысымен
бекiтiлген

"Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi;

3) тұрғылықты жерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi болмаған жағдайда — кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi — ауылдық округ әкiмi) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нысаны: қағаз түрiнде.

3. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы хабарлама мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi болып табылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру нысаны — қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығымен бекiтiлген "Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11342 болып тiркелген) 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылады (бұдан әрi — Стандарт).

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны әрбiр құрылымдық бөлiмшелердiң тұрғысында орындаудың ұзақтығы:

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе нотариалдық расталған сенiмхаты бойынша оның өкiлi) көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы хабарламаны ресiмдейдi және басшыға қол қоюға жолдайды — 8 жұмыс күнi;

4) басшы әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы хабарламаға қол қояды — 1 сағат;

5) кеңсенiң қызметкерi хабарламаны тiркейдi және бередi — 30 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе нотариалдық расталған сенiмхаты бойынша оның өкiлi) ауылдық округтiң әкiмiне жүгiнген кезде:

1) ауылдық округтiң әкiмi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды жолдайды — 3 жұмыс күнi;

3) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

4) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

5) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы хабарламаны ресiмдейдi және басшыға қол қоюға жолдайды — 8 жұмыс күнi;

6) басшы әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы хабарламаға қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi хабарламаны тiркейдi және ауылдық округтiң әкiмiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдайды — 3 жұмыс күнi;

8) ауылдық округтiң әкiмi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 30 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны белгiлеу;

3) әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы хабарламаны ресiмдеу;

4) хабарламаға қол қою;

5) хабарламаны беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсенiң қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы;

4) ауылдық округтiң әкiмi.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдың) реттiлiгiн сипаттау:

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе нотариалдық расталған сенiмхаты бойынша оның өкiлi) көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы хабарламаны ресiмдейдi және басшыға қол қоюға жолдайды — 8 жұмыс күнi;

4) басшы әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы хабарламаға қол қояды — 1 сағат;

5) кеңсенiң қызметкерi хабарламаны тiркейдi және бередi — 30 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе нотариалдық расталған сенiмхаты бойынша оның өкiлi) ауылдық округтiң әкiмiне жүгiнген кезде:

1) ауылдық округтiң әкiмi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды жолдайды — 3 жұмыс күнi;

3) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

4) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

5) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы хабарламаны ресiмдейдi және басшыға қол қоюға жолдайды — 8 жұмыс күнi;

6) басшы әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы хабарламаға қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi хабарламаны тiркейдi және ауылдық округтiң әкiмiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдайды — 3 жұмыс күнi;

8) ауылдық округтiң әкiмi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 30 минут.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

9. "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорацияға және (немесе) басқа да көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiну тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң дайын нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң барынша көп мүмкiн уақыты– 15 минут;

Қызмет көрсетудiң барынша көп мүмкiн уақыты — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет үшiн жүгiнген кезде еркiн нысанда жазылған өтiнiштi және мынадай құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға ұсынады:

1) жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкiмдерiнiң анықтамасы);

3) жұмыс орнынан анықтама;

4) екiншi деңгейдегi банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенiн растайтын құжат.

Көрсетiлген құжаттарда қамтылған ақпарат мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде расталған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi.

Мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) рәсiмiнiң (iс-қимылының), өзара iс-қимылының реттiлiгiн толықтай сипаттау, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара iс-қимылының тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрiнедi.

Жүктеу (DOCX 146 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 17:30
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 17:30
Қаралым саны: 932