Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 23 қарашадығы
№ А-11/533 қаулысымен
бекiтiлген

"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының халықты жұмыспен қамту орталықтарымен көрсетiледi (бұдан әрi — жұмыпен қамту орталығы).

Мемлекеттiк қызмет көрсетуге өтiнiштi қабылдау және нәтижесiн беру:

1) жұмыпен қамту орталығы;

2) тұрғылықты жерi бойынша Орталық болмаған жағдайда — кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмi (бұдан әрi — ауылдық округтiң әкiмi) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi: "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11426 болып тiркелген) бекiтiлген нысан бойынша мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығымен бекiтiлген "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11342 болып тiркелген) 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдердi (iс-қимылдарды) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

Көрсетiлетiн қызметтi берушi жұмыспен қамту орталығына (немесе нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген кезде:

1) қызметкер құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушының материалдық жағдайын тексеру үшiн учаскелiк комиссияға жолдайды — 1 жұмыс күнi;

4) учаскелiк комиссия көрсетiлетiн қызметтi алушының жағдайын тексередi, оның нәтижесi бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушының әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны жұмыспен қамту орталығына жолдайды — 2 жұмыс күнi;

5) жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызметтi алушының ұсынылған құжаттарының және учаскелiк комиссия қорытындысының негiзiнде көрсетiлетiн атаулы әлеуметтiк көмектiң түрiн айқындайды (сөзсiз немесе негiзделген ақшалай көмек) және өтiнiш иесiнiң ұсынылған құжаттарын келiсу үшiн жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi аудандық (қалалық) (бұдан әрi — аудандық комиссия) немесе өңiрлiк комиссияның (бұдан әрi — өңiрлiк комиссия) қарауына жолдайды — 1 жұмыс күнi;

6) аудандық немесе өңiрлiк комиссия өтiнiш иесiмен ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексерудi жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың, мәлiметтердiң толық және дұрыс еместiгi, қателерi анықталған жағдайда, құжаттарды жұмыспен қамту орталығына пысықтауға қайтарады немесе атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және шешiмдi жұмыспен қамту орталығына жолдайды — 1 жұмыс күнi;

7) қызметкер көрсетiлетiн қызметтi алушыға (немесе нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлiне) мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн бередi — 30 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлi) ауылдық округтiң әкiмiне жүгiнген кезде:

1) ауылдық округтiң әкiмi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) ауылдық округтiң әкiмi құжаттарды қарайды және көрсетiлетiн қызметтi алушының материалдық жағдайын тексеру үшiн құжаттарды учаскелiк комиссияға жолдайды — 1 жұмыс күнi;

3) учаскелiк комиссия көрсетiлетiн қызметтi алушының материалдық жағдайын тексередi, оның нәтижесi бойынша әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны ауылдық округтiң әкiмiне жолдайды — 2 жұмыс күнi;

4) ауылдық округтiң әкiмi учаскелiк комиссияның қорытындысын қоса көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын көрсетiлетiн жұмыспен қамту орталығына жолдайды — 8 жұмыс күнi;

5) қызметкер құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

6) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

7) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың және учаскелiк комиссия қорытындысының негiзiнде көрсетiлетiн атаулы әлеуметтiк көмектiң түрiн айқындайды (сөзсiз немесе негiзделген ақшалай көмек) және өтiнiш иесiнiң ұсынылған құжаттарын келiсу үшiн аудандық немесе өңiрлiк комиссияның қарауына жолдайды — 1 жұмыс күнi;

8) аудандық немесе өңiрлiк комиссия өтiнiш иесiмен ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексерудi жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың, мәлiметтердiң толық және дұрыс еместiгi, қателерi анықталған жағдайда, құжаттарды жұмыспен қамту орталығына пысықтауға қайтарады немесе атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және шешiмдi жұмыспен қамту орталығына жолдайды — 1 жұмыс күнi;

9) қызметкер ауылдық округтiң әкiмiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдайды — 8 жұмыс күнi;

10) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыға (немесе нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлiне) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 30 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) нәтижесi:

Көрсетiлетiн қызметтi берушi жұмыспен қамту орталығына (немесе нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген кезде:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны белгiлеу;

3) учаскелiк комиссияға құжаттарды жолдау;

4) учаскелiк комиссияның қорытындысы;

5) құжаттарды аудандық немесе өңiрлiк комиссияға жолдау;

6) атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау немесе бас тарту туралы шешiм;

7) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлi) ауылдық округтiң әкiмiне жүгiнген кезде:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) учаскелiк комиссияға құжаттарды жолдау;

3) учаскелiк комиссияның қорытындысы;

4) жұмыспен қамту орталығына құжаттарды жолдау;

5) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

6) жауапты орындаушыны белгiлеу;

7) құжаттарды аудандық немесе өңiрлiк комиссияға жолдау;

8) атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау немесе бас тарту туралы шешiм;

9) ауылдық округтiң әкiмiне көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдау;

10) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) қызметкер;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы;

4) учаскелiк комиссия;

5) аудандық немесе өңiрлiк комиссиясы;

6) ауылдық округтiң әкiмi.

8. Әрбiр рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау:

Көрсетiлетiн қызметтi берушi жұмыспен қамту орталығына (немесе нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген кезде:

1) қызметкер құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушының материалдық жағдайын тексеру үшiн учаскелiк комиссияға жолдайды — 1 жұмыс күнi;

4) учаскелiк комиссия көрсетiлетiн қызметтi алушының жағдайын тексередi, оның нәтижесi бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушының әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны жұмыспен қамту орталығына жолдайды — 2 жұмыс күнi;

5) жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызметтi алушының ұсынылған құжаттарының және учаскелiк комиссия қорытындысының негiзiнде көрсетiлетiн атаулы әлеуметтiк көмектiң түрiн айқындайды (сөзсiз немесе негiзделген ақшалай көмек) және өтiнiш иесiнiң ұсынылған құжаттарын келiсу үшiн аудандық комиссия немесе өңiрлiк комиссияның қарауына жолдайды — 1 жұмыс күнi;

6) аудандық немесе өңiрлiк комиссия өтiнiш иесiмен ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексерудi жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың, мәлiметтердiң толық және дұрыс еместiгi, қателерi анықталған жағдайда, құжаттарды жұмыспен қамту орталығына пысықтауға қайтарады немесе атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және шешiмдi жұмыспен қамту орталығына жолдайды — 1 жұмыс күнi;

7) қызметкер көрсетiлетiн қызметтi алушыға (немесе нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлiне) мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн бередi — 30 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлi) ауылдық округтiң әкiмiне жүгiнген кезде:

1) ауылдық округтiң әкiмi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) ауылдық округтiң әкiмi құжаттарды қарайды және көрсетiлетiн қызметтi алушының материалдық жағдайын тексеру үшiн құжаттарды учаскелiк комиссияға жолдайды — 1 жұмыс күнi;

3) учаскелiк комиссия көрсетiлетiн қызметтi алушының материалдық жағдайын тексередi, оның нәтижесi бойынша әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны ауылдық округтiң әкiмiне жолдайды — 2 жұмыс күнi;

4) ауылдық округтiң әкiмi учаскелiк комиссияның қорытындысын қоса көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын көрсетiлетiн жұмыспен қамту орталығына жолдайды — 8 жұмыс күнi;

5) қызметкер құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

6) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

7) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың және учаскелiк комиссия қорытындысының негiзiнде көрсетiлетiн атаулы әлеуметтiк көмектiң түрiн айқындайды (сөзсiз немесе негiзделген ақшалай көмек) және өтiнiш иесiнiң ұсынылған құжаттарын келiсу үшiн аудандық немесе өңiрлiк комиссияның қарауына жолдайды — 1 жұмыс күнi;

8) аудандық немесе өңiрлiк комиссия өтiнiш иесiмен ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексерудi жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың, мәлiметтердiң толық және дұрыс еместiгi, қателерi анықталған жағдайда, құжаттарды жұмыспен қамту орталығына пысықтауға қайтарады немесе атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және шешiмдi жұмыспен қамту орталығына жолдайды — 1 жұмыс күнi;

9) қызметкер ауылдық округтiң әкiмiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдайды — 8 жұмыс күнi;

10) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыға (немесе нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлiне) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 30 минут.

9. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының) реттiлiгiн нақтылы сипаттау, осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

Жүктеу (DOCX 282 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 17:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 17:12
Қаралым саны: 933