A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Азаматтық хал актілері жазбаларын жою мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2018 жылғы 9 қаңтардағы
№ А-1/14 қаулысымен
бекiтiлдi

"Азаматтық хал актiлерi жазбаларын жою" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Азаматтық хал актiлерi жазбаларын жою" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласында функцияларды жүзеге асыратын Ақмола облысы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi бөлiмшелерiмен көрсетiледi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi).

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру мынадай баламалы негiзде:

көрсетiлетiн қызметтi берушi;

қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi (бұдан әрi — ауылдық округтiң әкiмi);

"Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi:

азаматтық хал актi жазбасының күшiн мүдделi тараптардың өтiнiшi бойынша, сондай-ақ сот шешiмi негiзiнде жойған кезде — азаматтық хал актi жазбасының күшiн жою туралы тiркеушi органның жауабы;

әке болуды анықтау, бала асырап алу (алғашқы қалыптастырылған жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалпына келтiрумен), атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту туралы жазбалардың күшiн жойған кезде — бастапқы деректермен қайталама туу туралы куәлiк, қажет болған жағдайда, туу туралы анықтама;

неке бұзу туралы акт жазбасының күшiн жойған кезде — тиiстi некенi қию туралы куәлiк;

немесе Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 219 бұйрығымен бекiтiлген "Азаматтық хал актiлерi жазбаларын жою" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11374 болып тiркелген) (бұдан әрi — Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушымен Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимыл) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

Көрсетiлетiн қызметтi алушы немесе оның уәкiлеттi өкiлi көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындайды:

мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша — 28 күнтiзбелiк күн, басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушыны қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап күнтiзбелiк 3 күн iшiнде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

сот шешiмiнiң негiзiнде — 14 күнтiзбелiк күн, басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушы қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап күнтiзбелiк 3 күн iшiнде хабардар етiле отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

4) басшы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

5) кеңсенiң қызметкерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы немесе оның уәкiлеттi өкiлi ауылдық округтiң әкiмiне жүгiнген кезде:

1) ауылдық округтiң әкiмi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;

2) ауылдық округтiң әкiмi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiге жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

3) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

4) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

5) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындайды:

мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша — 25 күнтiзбелiк күн, басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушыны қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап күнтiзбелiк 3 күн iшiнде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

сот шешiмiнiң негiзiнде — 12 күнтiзбелiк күн, басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушы қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап күнтiзбелiк 3 күн iшiнде хабардар етiле отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

6) басшы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi ауылдық округтiң әкiмiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

8) ауылдық округтiң әкiмi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн бередi — 20 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындауды бастау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) нәтижесi:

Көрсетiлетiн қызметтi алушы немесе оның уәкiлеттi өкiлi көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде.

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны белгiлеу;

3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындау;

4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қою;

5) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы немесе оның уәкiлеттi өкiлi ауылдық округтiң әкiмiне жүгiнген кезде:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiге жолдау;

3) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

4) жауапты орындаушыны белгiлеу;

5) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындау;

6) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қою;

7) құжаттарды ауылдық округтiң әкiмiне жолдау;

8) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсенiң қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы;

4) ауылдық округтiң әкiмi.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау:

Көрсетiлетiн қызметтi алушы немесе оның уәкiлеттi өкiлi көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындайды:

мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша — 28 күнтiзбелiк күн, басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушыны қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап күнтiзбелiк 3 күн iшiнде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

сот шешiмiнiң негiзiнде — 14 күнтiзбелiк күн, басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушы қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап күнтiзбелiк 3 күн iшiнде хабардар етiле отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

4) басшы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

5) кеңсенiң қызметкерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы немесе оның уәкiлеттi өкiлi ауылдық округтiң әкiмiне жүгiнген кезде:

1) ауылдық округтiң әкiмi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;

2) ауылдық округтiң әкiмi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiге жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

3) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

4) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

5) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындайды:

мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша — 25 күнтiзбелiк күн, басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушыны қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап күнтiзбелiк 3 күн iшiнде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

сот шешiмiнiң негiзiнде — 12 күнтiзбелiк күн, басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушы қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап күнтiзбелiк 3 күн iшiнде хабардар етiле отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

6) басшы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi ауылдық округтiң әкiмiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

8) ауылдық округтiң әкiмi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн бередi — 20 минут.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясымен және (немесе) басқа да көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

9. "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясына және (немесе) басқа көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге өтiнiш бiлдiру тәртiбiн, көрсетiлетiн қызметтi алушының (немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң) сауалын өңдеу ұзақтығын сипаттау:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасынасәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс — осы регламенттiң 5-тармағында қарастырылған көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң iс-қимылдары;

3-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерiтиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатында көрсетiлген мерзiмiнде көрсетiлетiн қызмет алушыға дайын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiрген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң барынша көп рұқсат етiлген уақыты– 15 минут.

Кызмет көрсетудiң барынша көп рұқсатетiлген уақыты — 15 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiрген кездегi қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша актi жазбасын жою туралы өтiнiш (бұдан әрi — өтiнiш);

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

3) жойылуға жататын азаматтық хал акт жазбасының негiзiнде берiлген куәлiктер немесе анықтамалар;

4) азаматтық хал актi жазбаларының жойылу қажеттiгiн растайтын құжат (бар болған жағдайда);

5) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi өтiнiш бiлдiрген кезде, нотариалды куәландырылған сенiмхат;

Заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы мыналарды ұсынады:

1) Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот шешiмi негiзiнде актi жазбасын жою туралы өтiнiш;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке куәлiгi (жеке басын сәйкестендiру үшiн);

3) мемлекеттiк тiркеу орны мен уақыты көрсетiлген күшiн жою туралы, бұрын шығарылған фактiнi тану не актi жазбасын мемлекеттiк тiркеу туралы сот шешiмiнiң күшiн жою туралы, күшiн жоюға жататын актi жазбасын көрсете отырып, актi жазбасын жарамсыз деп тану туралы заңды күшiне енген сот шешiмi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктер туралы мәлiметтер, көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорация қызметкерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының) реттiлiгiн нақтылы сипаттау, осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOCX 317 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 16:44
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 16:44
Қаралым саны: 360

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz