A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
«Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы

Қолданушылар назарына: Қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-тармақтан қараңыз.

"Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесi ;

2) Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесi ;

3) бала туғанда берiлетiн жәрдемақы және (немесе) бiр жасқа толғанға дейiн бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiштiң нысаны ;

4) он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiштiң нысаны бекiтiлсiн.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:

1) жеке қосалқы шаруашылықтың мөлшерi туралы мәлiметтi куәландыруға уәкiлеттi органды белгiленген тәртiппен анықтасын;

1-1) өтiнiш берушiлерге нысаны осы қаулымен бекiтiлген, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға арналған өтiнiш бланкiлерiнiң, сондай-ақ Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесiне 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес мәлiметтердiң тегiн берiлуiн қамтамасыз етсiн;

2) учаскелiк комиссиялар туралы бұрын қабылданған шешiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң 2006.12.27. N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы төлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 200 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 9, 100-құжат);

2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 200 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 1225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 46, 503-құжат).

4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесiнiң 2-тармағының 5) тармақшасын, 11, 17, 18-тармақтарын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесi

Осы Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесi (бұдан әрi — Ереже) "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртiбiн белгiлейдi.

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар (бұдан әрi — жәрдемақылар) мынадай түрдегi ақшалай төлемдер:

бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетiн бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi — бала туғанда берiлетiн жәрдемақы);

бала бiр жасқа толысымен оның күтiмi жөнiнде тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi — бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы);

он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi — балаларға арналған жәрдемақы);

2) бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган — уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi;

3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган — республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы;

4) отбасы — некеден, туыстықтан, балаларды асырап алудан немесе тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға ықпал етуге тиiстi адамдар тобы;

5) отбасының жиынтық табысы — отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;

6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы — отбасы жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесiне ай сайын келетiн үлесi;

7) өтiнiш берушi — жәрдемақылар тағайындату үшiн отбасы атынан өтiнiш беретiн адам;

8) учаскелiк комиссия — әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнаулы комиссия;

9) уәкiлеттi мемлекеттiк орган — халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган;

10) уәкiлеттi ұйым — Қазақстан Республикасының Yкiметi "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының шарттарымен функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлға;

11) жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым — екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар.

Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң 2007.12.29. N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

2. Жәрдемақылар алуға өтiнiш беру тәртiбi

2. Бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау үшiн тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйымға мынадай өтiнiш берушiлер өтiнiш жасайды:

1) бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны тағайындау үшiн:

мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысатынына (қатыспайтынына) қарамастан, бала күтiмiн жүзеге асыратын адамдар;

2) бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау үшiн:

баланың күтiмiн жүзеге асыратын және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болып табылмайтын адамдар;

2008 жылғы 1 қаңтарға дейiн туған баланың күтiмiн жүзеге асыратын және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болып табылатын адамдар.

Өтiнiш жасаған кезде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны және (немесе) бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш;

2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгiнiң (куәлiктерiнiң) көшiрмесi (көшiрмелерi);

3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

4) отбасының тұратын жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi (азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң анықтамасы);

5) отбасы құрамы туралы мәлiметтер (бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы үшiн осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес).

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Үкiметiнiң 2007.12.29. N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

3. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш беру мерзiмi бала туған күннен бастап 12 айдан аспауға тиiс.

4. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш берушi тұрғылықты жерi бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға мынадай құжаттармен өтiнiш жасайды:

1) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш;

2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгiнiң (куәлiктерiнiң) көшiрмесi (көшiрмелерi);

3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

4) отбасының тұрғылықты жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi (азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң анықтамасы);

5) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәлiметтер;

6) осы Ережеге 2, 3-қосымшаларға сәйкес отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтер.

Тұрғылықты жерi бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган болмаса, өтiнiш берушi құжаттарын кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiне тапсырады.

Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң 2007.12.29. N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

5. Бұл ретте балаларға арналған жәрдемақыны алуға құқық тоқсан сайын отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.

6. Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

7. Ата-анасының бiреуi, қорғаншылары немесе қамқоршылары жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналар, қамқоршы немесе қорғаншы белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiшпен баруға басқа адамдарға өкiлеттiк беруге құқылы.

8. Асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар) тиiстi органның асырап алу немесе баланы қамқорлыққа алу туралы шешiмiнiң үзiндi көшiрмесiн ұсынады.

9. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi көшiрмелердi түпнұсқалармен салыстырып тексередi, оларды тiркейдi және өтiнiштiң бекiтiлген нысанына сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы растаманы өтiнiш берушiге бередi.

Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң 2006.12.27. N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

10. Кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi өтiнiш берушiлердiң құжаттарын өтiнiш берушiден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға тапсырады.

3. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртiбi

11. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап бiр жасқа толысымен тағайындалады.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болып табылатын және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейiн туған баланың күтiмiн жүзеге асыратын адамдарға бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы баланың туған күнiнен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса тағайындалады.

Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң 2007.12.29. N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

12. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы отбасының табысына қарамастан тағайындалады.

13. Уәкiлеттi ұйым өтiнiш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде iстi қалыптастырады, осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес бала туғанда берiлуiн, бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiмнiң жобасын дайындайды және бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.

14. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган iстердi қабылдап алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды қарайды, бала туғанда берiлетiн, бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды және уәкiлеттi ұйымдарға жiбередi.

Бас тартқан жағдайда бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган уәкiлеттi ұйым арқылы бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң 2006.12.27. N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

15. Жәрдемақыларды төлеудi уәкiлеттi ұйым өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.

16. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы құжаттарды уәкiлеттi ұйымға бергеннен кейiн бiр ай мерзiмде төленедi.

17. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы ағымдағы ай үшiн ай сайын төленедi. Бiр айдан артық уақытқа есептелген жәрдемақы сомасы бiр уақытта төленедi.

Төлемдi тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақытында алынбаған жәрдемақы сомалары өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей бiр уақытта төленедi.

Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда жәрдемақы төлемi бала (балалар) қайтыс болған ай өткеннен кейiн тоқтатылады.

Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң 2006.12.27. N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2007.12.29. N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

17-1. Айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерi және (немесе) жәрдемақылардың мөлшерi өзгерген жағдайда, уәкiлеттi ұйым осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысандағы шешiмнiң жобасын дайындайды және тағайындалған жәрдемақылар мөлшерiнiң өзгергенiн ескере отырып, оны бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға бекiтуге жiбередi.

Бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiм жобаларын он жұмыс күнi iшiнде қарайды және бекiтедi әрi уәкiлеттi ұйымға жiбередi.

Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Үкiметiнiң 2006.12.27. N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi — 2007.12.29. N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

18. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды алушылар 15 күн мерзiмде уәкiлеттi ұйымды көрсетiлген жәрдемақыны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлардың өзгергендiгi туралы хабардар етуге мiндеттi.

Өтiнiш берушi бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақының мөлшерiне әсер ететiн мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайларда, жәрдемақы мөлшерi көрсетiлген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бiрақ оның тағайындалған сәтiнен асырмай қайта қаралады.

Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң 2007.12.29. N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

18-1. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы мөлшерiне әсер ететiн мән-жайлар анықталған жағдайда, уәкiлеттi ұйым Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешiмнiң жобасын жәрдемақының тағайындалған мөлшерiнiң өзгеруiн ескере отырып дайындайды және бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға бекiтуге жiбередi.

Бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган он жұмыс күнi iшiнде шешiмнiң жобасын қарап бекiтедi және оны уәкiлеттi ұйымға жiбередi.

Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Үкiметiнiң 2007.12.29. N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

18-2. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы төлемiн тоқтату үшiн негiз болып табылатын мән-жайлар анықталған жағдайда, уәкiлеттi ұйым Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы төлемiн тоқтату туралы шешiмнiң жобасын дайындайды және бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға бекiтуге жiбередi.

Бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган он жұмыс күнi iшiнде шешiмнiң жобасын қарап бекiтедi және уәкiлеттi ұйымға жiбередi.

Жәрдемақы төлемi төлемдi тоқтату үшiн негiз болып табылған мән-жайлар туындаған сәттен бастап тоқтатылады.

Артық төленген сомалар ерiктi түрде, бас тартылған жағдайда — сот тәртiбiмен қайтарылуға тиiс, бұл туралы бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган жәрдемақы алушыны он жұмыс күнi iшiнде жазбаша хабардар етедi.

Ескерту. 18-2-тармақпен толықтырылды — ҚР Үкiметiнiң 2007.12.29. N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

19. Уәкiлеттi ұйым бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтiнiм жасайды.

Уәкiлеттi ұйым ай сайын 25-күнi уәкiлеттi мемлекеттiк органға бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтiнiмдi ұсынады.

20. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган қаражатты тиiстi қаржы жылына арналған мiндеттемелер мен төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлiнген сомалар шегiнде уәкiлеттi ұйымның есеп айырысу шотына аударады.

21. Уәкiлеттi ұйым облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бөлiнiсiнде жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi кестенi жасайды және үш банктiк күн iшiнде белгiленген тәртiппен алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға төлем тапсырыстарымен аударады.

22. Бөлiнген қаражат бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен уәкiлеттi ұйым арасында ай сайын салыстырып тексеру актiсi жасалады.

23. Төленген сомалар бойынша облыстық, аудандық және қалалық уәкiлеттi ұйымдар мен жәрдемақылар төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актiлерi жасалады.

24. Жәрдемақылар беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу уәкiлеттi ұйым мен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.

4. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау
және төлеу тәртiбi

25. Балаларға арналған жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгiленген азық-түлiк себетiнiң құнынан төмен отбасыларға тағайындалады.

26. Балаларға арналған жәрдемақы өтiнiш берiлген айдан бастап жәрдемақы алуға құқығы туындағаннан кейiн ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

Қажеттi барлық құжаттарымен, өтiнiш берген ай өтiнiш жасалған ай деп саналады.

Балаларға арналған жәрдемақы төлеу өткен ай үшiн ай сайын жүргiзiледi.

Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда жәрдемақы төлемi бала (балалар) қайтыс болған ай өткеннен кейiн тоқтатылады.

Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң 2006.12.27. N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2007.12.29. N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

27. Отбасының жиынтық табысы өтiнiш берiлген тоқсанның алдындағы тоқсан үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен есептеледi.

28. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi құжаттарды қабылдап алғаннан кейiн, қажеттiлiгiне қарай учаскелiк комиссияларға балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзудi жазбаша тапсырады.

Учаскелiк комиссия жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiне ұсынады.

29. Бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде iстi қалыптастырады және балаларға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.

Бас тартқан жағдайда, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң 2006.12.27. N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

30. Әкесi немесе анасы (асырап алушылар) бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылар) жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, армияда қызметiн өткермейтiн және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелмеген кезеңге балаларға арналған жәрдемақы тағайындалмайды.

31. Жәрдемақы алушылар 15 күн мерзiмде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органды балаларға арналған жәрдемақы мөлшерiнiң өзгеруi үшiн негiз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлар туралы хабардар етуге мiндеттi.

Өтiнiш берушi балаларға арналған жәрдемақының мөлшерiне әсер ететiн мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайда, жәрдемақы мөлшерi көрсетiлген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бiрақ оның тағайындалған сәтiнен асырмай қайта қаралады.

Артық төленген сомалар ерiктi түрде, ал бас тартылған жағдайда — сот тәртiбiмен қайтарылуға тиiс, бұл туралы балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган жәрдемақы алушыны он жұмыс күнi iшiнде жазбаша хабардар етедi.

Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң 2007.12.29. N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

32. Балаларға арналған жәрдемақы төлеудi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.

5. Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылардың

уақтылы тағайындалуы және төленуi үшiн жауапкершiлiк

33. Жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар, сондай-ақ уәкiлеттi ұйымдар мен жәрдемақыларды беру жөнiндегi ұйым тиiсiнше жәрдемақыларды тағайындаудың, төлеудiң және берудiң уақтылығы үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен жауапты болады.

Жүктеу (DOCX 87 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 26.12.2017 16:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2017 16:33
Қаралым саны: 794

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz