A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Басқарманың ережесі

2016 жылғы 7 қарашадағы

№ А-12/521 қаулысымен

бекітілді

 

 

«Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» 

мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

1. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінде осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомствоға бағынысты ұйымдары бар.

3. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентiмен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрiмен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары бар.

5. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінде егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдерді қабылдайды.

8. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, индексі 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, А.С. Пушкин көшесі, 23.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

13. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлер мен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

14. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: халықты жұмыспен қамту, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету, халықтың көші-қон салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

15. Мақсаты: халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласындағы салааралық үйлестіру мен мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру.

16. Функциялары:

1) жұмыссыздарға әлеуметтік қорғауды көрсету бойынша жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;

2) шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және облыстың аймағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін немесе квотадан тыс ішкі корпоративтік ауыстыру шеңберінде жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға орталық атқарушы органымен белгіленген квотаның шегінде рұқсат беру, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және қайтарып алу бойынша жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;

3) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдарына мониторинг жүргізу және үйлестіру және оларға әдістемелік басшылық ету;

4) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу;

5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдау;

6) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органымен белгіленген квотаның шегінде, не квотадан тыс ішкі корпоративтік ауыстыру шеңберінде жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және қайтарып алу;

7) орталық атқарушы органымен белгіленетін тәртібінде қиын жұмыстардағы, еңбектің зиянды, қауіп-қатерлі жағдайы жұмыстарындағы жұмыс орындарын есептеусіз жұмыс орынның санынан екі пайыздан төрт пайызға дейінгі көлемінде мүгедектерге жұмыс орындарына квота белгілеу бойынша жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;

8) «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

9) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу бойынша жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;

10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу бойынша жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің құзыреті шегінде мониторинг жүргізу;

12) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

13) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек-балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз ету;

14) Ақмола облысының аумағында мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мүгедектерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын көрсету;

16) оралман мәртебесін беру туралы шешімді қабылдау;

17) оралмандарды уақытша орналастыру орталығының қызметін ұйымдастыру;

18) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстарды енгізу;

19) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға оралмандар мен көшіп келушілерді орналастыруға өңірлерге тиісті аймақтарды жатқызу бойынша ұсыныстарды енгiзу;

20) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге қажетті құжаттардың қосымшасымен қоса өтінішті қабылдау;

21) этникалық қазақтардан оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосуға қажетті құжаттардың қосымшасымен қоса өтінішті қабылдау;

22) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу туралы шешім қабылдау;

23) оралман куәлігін беру;

24) көшіп келушілерді қабылдаудың өңірлік квотасына қосуға Қазақстан Республикасының азаматтарынан қажетті құжаттардың қосымшасымен қоса өтінішті қабылдау;

25) көшіп келушілерді қабылдаудың өңірлік квотасына қосу туралы шешімді қабылдау;

26) шетелдік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленетін тізімді, халықтың көші-қоны мәселелері бойынша уәкілетті органымен белгіленген квотаның шегінде Ақмола облысының аумағына жұмысқа орналастыруға рұқсатты беру туралы шешімді қабылдау, сондай-ақ осы рұқсаттарды тоқтату және қайтару;

27) халықтың көші-қоны мәселелері бойынша уәкілетті органымен белгіленетін тәртібінде отбасыны қайта біріктіру мақсатында шетелде тұратын этникалық қазақтардың санынан туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының азаматтығына шақыруды қарастыру және куәландыру;

28) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара әрекет ету;

29) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуын жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

30) «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерді құру және олардың қызметін қамтамасыз ету;

31) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

32) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

33) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетуіне мониторинг жүргізу;

34) тұрақты күтімге және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж азаматтарға медициналық-әлеуметтік мекемеге жолдама беру;

35) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша жұмысын үйлестіру;

36) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

37) Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысын ұйымдастыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан басқарманың қызметін іске асыру үшін қажетті құжаттарды, сондай-ақ ақпаратты сұрау және алу;

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыларды, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, тұрғын үй көмегін, үйде оқытылатын мүгедек-балаларға материалдық көмекті, «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті төлеу мониторингін жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

18. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзегеасырады.

19. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы облыс әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкiлеттiгi:

1) «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді.

2) «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, ведомствоға бағынышты мекемелердің басшыларын заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

3) «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, ведомствоға бағынышты мекемелердің басшыларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

4) «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады және ол үшін дербес жауапкершілік алады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

«Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға атқарады.

22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді. 

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызмет нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесін өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

26. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

«Ақмола облысының жұмыспен

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

ережеге қосымша

 

 

Басқарманың қарамағындағы табылатын коммуналдық мемлекеттік

мекемелердің тізбесі

 

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Бұланды ауданы, Макинск қаласы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Еңбекшілдер ауданы, Макинка ауылы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Жарқайың ауданы, Державинск қаласы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Астрахан ауданы, Первомайка ауылы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Көкшетау каласы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Целиноград ауданы, Малотимофеевка ауылы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Шортанды ауданы, Дамса ауылы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Бұланды ауданы, Купчановка ауылы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Шортанды ауданы, Жолымбет кентінің арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Степногорск қаласы, Шаңтөбе кенті мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Дата создания статьи: 16.11.2017 10:22
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.11.2017 10:22
Қаралым саны: 913

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz