Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы ескертпе
"Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы ескертпе
1 Көрсетілетін қызметті берушілер туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурстың мекенжайы) Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасыменЖұмыс кестесі: көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.
2 Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерің беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат Көрсетілетін қызметті алушыдан (жұмыс берушіден) өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3 «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы ақпарат Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар
4 мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге немесе портал арқылы:рұқсатты беру - 11 (он бір) жұмыс күні ішінде;
рұқсатты қайта ресімдеу – 6 (алты) жұмыс күні;рұқсатты ұзарту: 11 (он бір) жұмыс күні ішінде;
5 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі 1) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе қайта ресімдеу үшін:маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде көрсетілетін қызметті берушіге:осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, айы мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шығу елі, білімі, Кодекстің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауы көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметте (бұдан әрі – тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер);шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;шетелдік жұмыскерлерді бірінші, екінші, үшінші және төртінші санаттар бойынша тартқан кезде:тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде портал арқылы:көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;шетелдік жұмыскерлерді бірінші, екінші, үшінші және төртінші санаттар бойынша тартқан кезде:тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпаратты қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шарттар туралы нотариат куәландырған құжаттың электрондық көшірмесі;шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;2) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту үшін:көрсетілетін қызметті берушіге:өтініш;тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;портал арқылы:көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;3) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты алу немесе қайта ресімдеу үшін:көрсетілетін қызметті берушіге:1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;2) еңбек шартының (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған) не жұмыс берушімен (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған), Қазақстан Республикасында құрылған/есептік тіркеуден өткен аталған заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен, аффилиирленген тұлғасымен жасалған корпоративішілік ауыстыру туралы хаттың немесе келісімнің нотариат куәландырған аудармасы (бұдан әрі – еңбек шартының не хаттың немесе келісімнің нотариат куәландырған аудармасы) (құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);3) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі (бар болса) келген ерекше шарттарды орындау туралы ақпарат (еркін нысанда) (бұдан әрі – ерекше шарттарды орындау туралы ақпарат);4) шетелдік заңды тұлғаның ̶ жұмыс берушінің корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын лаузымға шетелдік жұмыскердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі сәйкес келетіні туралы хаты, сондай-ақ қабылдаушы тараптың жұмыскердің қажетті біліктілігі мен кәсіби жұмыс тәжірибесі бар екенін растайтын хаты;5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (бұдан әрі – КІА шеңберінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат);6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат (бұдан әрі – қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат) (Кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламасы бар жұмыс берушілерге қажет етілмейді);7) жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді жібергені туралы құжаттың көшірмесі;8) кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламаның көшірмесі (бар болса);9) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.порталға:1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;2) еңбек шартының не хаттың немесе келісімнің нотариат куәландырған аудармасының электрондық көшірмесі;3) ерекше шарттарды орындау туралы ақпарат;4) шетелдік заңды тұлғаның ̶ жұмыс берушінің корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын лауазымға шетелдік жұмыскердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі сәйкес келетіні туралы хаты, сондай-ақ қабылдаушы тараптың жұмыскердің қажетті біліктілігі мен кәсіби жұмыс тәжірибесі бар екенін растайтын хаттың электрондық көшірмесі;5) КІА шеңберінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;6) қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат;7) жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді жібергенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;8) кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламаның электрондық көшірмесі (бар болса);9) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.4) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту үшін:көрсетілетін қызметті берушіге:1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындау туралы ақпаратты;3) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты;4) рұқсаттардың мерзімін ұзартудың негіздемесі;5) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;6) ерекше шарттарды орындау туралы ақпарат.порталға:1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындау туралы ақпаратты;3) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты;4) рұқсаттардың мерзімін ұзартудың негіздемесі;5) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;6) ерекше шарттарды орындау туралы ақпарат.Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы жазбаша келісімін береді.
6 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген қайта ресімделген рұқсат және ұзартылған рұқсат;
7 Қосымша ақпарат (Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірынғай байланыс-орталығының нөмірі, болған жағдайда басқа да телефондық анықтамаклық қызметтерінің нөмірлері) бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77
Мақаланың шыққан күні: 25.07.2018 16:04
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.09.2018 15:06
Қаралым саны: 1102