Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
«Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер — жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру саласында басшылықты жүзеге асыратын «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы» (бұдан әрi — Басқарма).

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 қаулысымен бекiтiлген Мемлекетiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне сәйкес, басқармамен мемлекеттiк қызметтердiң 2 түрi көрсетiледi:

-«Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» комерциялық емес акционерлiк қоғамы және көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы көрсетiлетiн «Оралман мәртебесiн беру және ұзарту»;

-Көрсетiлетiн қызметтi берушi және «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz. веб-порталы арқылы көрсетiлетiн «Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында немесе корпоративiшiлiк ауыстыру шеңберiнде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және ұзарту».

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттары «Әлеуметтiк-еңбек саласанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметiтк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығымен бекiтiлдi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламенттерi «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламеттерiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 23 қазандағы № А-11/495 қаулысымен бекiтiлдi.

2018 жылы стандарттың өзгеруiне байланысты, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қаулысымен «Оралман мәртебесiн беру және ұзарту», «Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында немесе корпоративiшiлiк ауыстыру шеңберiнде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және ұзарту» көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң регламентiне өзгерiстер енгiзiлдi.

2018 жылдың iшiнде «Оралман мәртебесiн беру және ұзарту» көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметi бойынша 208 қызмет көрсетiлдi, барлық қызметтер «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акцонерлiк қоғамы арқылы көрсетiлдi.

«Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында немесе корпоративiшiлiк ауыстыру шеңберiнде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және ұзарту» көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметi бойынша «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы 39 қызмет көрсетiледi.

Жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративiшiлiк ауыстыруды жүзеге асыру ережелерi мен шарттарының 33-тармағындағы 5-тармақшасына сәйкес (рұқсатты бергенi және ұзартқаны үшiн алымды төлегенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн енгiзбеу) 15 тұлғаларға бас тартылды.

Басқарманың www.social.akmo.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Көкшетау қаласы, Пушкин көшесi, 23 үй мекенжайы бойынша орналасқан ғимараттын кiреберiсiнде орналастырылған стендте Көрсетiлетiн қызметтердi алушылар үшiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тәртiбiн түсiндiретiн тиiстi ақпарат, стандарттар, регламеттер және жадынамалар орналастырылды. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша ұсынылады.

«Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында немесе корпоративiшiлiк ауыстыру шеңберiнде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша электрондық мемлекеттiк қызметтi насихаттау үшiн жұмыс берушiлер арасында веб-портал арқылы өтiнiштi беру мүмкiндiгi туралы түсiнiкпен хаттар жолданды.

Көпшiлiкпен талқылау үшiн басқарманың интернет-ресурсында есептiк кезең iшiнде «Әлеуметтiк-еңбек саласында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметiтк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» бұйрықтың жобасы екi рет орналастырылды, талқылау қорытындылары бойынша бұйрықтың жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.

Басқармаға көрсетiлетiн қызметтi алушылар өтiнiшпен жүгiнген кезде мамандармен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесi туралы түсiнiк жұмысы жетiк жүргiзiледi.

Мемлекеттiк қызметтi тiкелей көрсететiн 1 қызметкер 2018 жылы бiлiктiлiгiн арттыру курсынан өттi.

Есептiк кезең iшiнде газеттерде «Оралман мәртебесiн беру және ұзарту», «Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында немесе корпоративiшiлiк ауыстыру шеңберiнде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi мәселесi бойынша 2 мақала жарияланды.

Басқармамен 2018 жылдың iшiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң мерзiмдерiн бұзу жоқ. Басқармамен көрсетiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына шағымдар жоқ.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңнаманы мүлтiксiз сақтауды қамтамасыз ету мәселесi тұрақты бақылауда табылуда.

2019 жылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң одан әрi тиiмдiлiгi мен сапалық қанағаттандыруды арттыру мақсатында басқармамен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң мерзiмдерiн бұзуды болдырмау, халыққа мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тәртiбi туралы уақытылы ақпарат беру, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламенттерiн қабылдау бойынша жұмысы жалғасады.

Мақаланың шыққан күні: 21.02.2019 12:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.02.2019 15:20
Қаралым саны: 948

Коментарийлер