A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
2017 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есебі

Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер — жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру саласында басшылықты жүзеге асыратын «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы» ММ (бұдан әрi — Басқарма).

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi Мемлекетiк көрсетiлетiн қызметтер тiзбегiне сәйкес № 983 қаулымен бекiтiлген, басқарма тарапынан 2 түрлi мемлекеттiк қызметтерi:

-«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» комерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы және қызмет берушi арқылы «Оралман мәртебесiн беру»;

-«Электрондық үкiмет» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz. қызмет берушi арқылы «Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және ұзарту» көрсетiледi.

Осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерiнiң стандарттары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметiтк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 «Әлеуметтiк-еңбек саласанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» бұйрығымен бекiтiлген.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламенттерi Ақмола облысы әкiмдiгiнiң «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламеттерiн бекiту туралы» № А-11/495 қаулымен бекiтiлдi.

2017 жылы iшiнде стандарттың өзгеруiне байланысты Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № А-4/175 қаулымен «Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және ұзарту» көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметiнiң регламентi жаңа редакцияда қабылданды.

2017 жылы бойы «Оралман мәртебесiн беру» көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметi 229 рет, соның iшiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес қоғамы арқылы 18 қызмет көрсетiлдi.

«Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және ұзарту» көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметi 92 рет, соның iшiнде "Электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы 46 қызмет көрсетiледi.

Лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмегенiне байланысты осы қызмет бойынша 3 бас тарту оқиғасы бар.

Қызметтердi алушылары үшiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң көрсету тәртiбiн түсiндiретiн кажеттi ақпарат, стандарттары, регламеттерi және жадынамалары басқарманың www.social.akmo.gov.kz — веб порталында, сонымен қатар Көкшетау қаласындағы, Пушкин көшесiнiң 23 үйiнде орналасқан ғимараттын фойесiнде орналастырылды. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерi туралы ақпарат мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiнде бiрегей байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

«Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және ұзарту» көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметi насихаттау мақсатымен, жұмыс бершулерi арасында веб-порталы арқылы өтiнiш беру мүмкiндiгi жөнiнде түсiнiктемелермен хаттар жiберiлген болатын.

Есептiк мерзiмi iшiнде, көпшiлiкпен талқылау үшiн басқарманың ғаламтор-ресурсында 2015 жылғы 28 сәуiрдегi «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметiтк даму министрiнiң «Әлеуметтiк саласанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» № 279 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» бұйрықтың жобасы екi рет орналастырылған, алайда талқылау қорытынды бойынша бұйрықтың жобасына енгiзетiн ұсыныстар мен ескертулер түскен емес.

Қызмет алушылардың өтiнiшiмен басқармада мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi жөнiнде мамандармен тиянақты тұсiндiру жұмыстары жүргiзiлуде.

2017 жылы тiкелей мемлекетiк қызмет көрсететiн 2 қызметкер, бiлiктiлiк арттыру курстарынан оқып шықты.

Есептiк мерзiмi iшiнде «Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және ұзарту» көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметi насихаттау мақсатымен газетттерде 7 мақала жарияланды, сондай-ақ көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметттiң сапасын көтеру үшiн 1 семинар-кеңесi өткiзiлдi.

2017 жылы бойы мемлекеттiк қызметтердi көрсету жөнiнде бұзылған мерзiмдерi болған емес. Басқарма тарапынан көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасына түскен шағымдары жоқ.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету жөнiнде заңнаманы сақтау мәселесi жiтi бақылауда.

2018 жылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тиiмдiлiгi мен сапалық қанағаттандыруды арттыру, халықты дер кезiнде мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiнде хабарландыру, мемлекеттiк қызмет көрсету регламенттердi қабылдау мақсатымен, басқармада мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша мерзiмдерiн бұзуына жол бермеу бағытта жұмыс жалғастыратын болады.

Дата создания статьи: 28.02.2018 17:25
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.03.2018 17:51
Қаралым саны: 388

Комментарии


egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz