Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылдың ішіндегі мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер — «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма).

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң саны — 2 мемлекеттiк қызметтер:

- «Оралман мәртебесiн беру және ұзарту»;

- «Жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту»;

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер саны:

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы Басқарма «Оралман мәртебесiн беру және ұзарту» мемлекеттiк қызметiн көрсетедi;

тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

1 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер — тегiн;

1 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет — ақылы/тегiн;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

1 мемлекеттiк қызметтер — қағаз түрiнде;

1 мемлекеттiк қызметтер — электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және немесе қағаз түрiнде;

мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбiн айқындайтын бекiтiлген заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң саны -2.

3) Барынша талап ететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

2019 жылы басқарма, 307 — Мемлекеттiк қызмет көрсеттi, оның iшiнде:

«Оралман мәртебесiн беру және ұзарту» -258;

«Жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» -49.

2. Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы түсiнiк беретiн стандарттар мен ақпараттар мемлекеттiк органның интернет-ресурсында — social.akmo.gov.kz порталында, сондай-ақ, «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасымен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер».

2) Мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Қазiргi уақытта талқылауға шығарылған мемлекеттiк қызметтер стандарттарының жобалары оларды жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзу үшiн жоқ.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

«Оралман мәртебесiн беру және ұзарту» мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сәуiр айында Көкшетау қаласының № 2 бөлiмiнiң, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемкорпорациясының мамандарымен, сондай-ақ тамыз айында Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемкорпорациясының мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау басқармасының қызметкерлерiмен 2-семинар кеңес өткiзiлдi;

Кеңестiң 1-семинары қазан айында әлеуметтiк-еңбек саласында мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша аудандық ЖҚӘББ, сонымен қатар МХР мамандарын шақырумен өткiзiлдi.

Халықты ақпараттық жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында облыстық газеттерде 2 мақала жарияланды.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру
жөнiндегi қызмет

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi.

«Оралман мәртебесiн беру және ұзарту» мемлекеттiк қызметiн оңтайландыру және iшiнара автоматтандыру бойынша Жол картасына сәйкес қызмет электрондық форматқа көшуге жатады.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуге жауапты мамандар тиiстi Заңдарды, ережелердi, Мемлекеттiк қызмет стандарттарын зерделеу арқылы өздерiнiң бiлiм деңгейiн арттырады.

Бөлiм қызметкерлерi мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде құқық қолдану тәжiрибесi мәселелерi бойынша кеңес бередi.

Басқарманың қызметкерлерi кестеге сәйкес «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттiк басқару академиясы» РМҚК (бұдан әрi — Академия филиалы) бiлiктiлiгiн арттырудан өтедi.

2019 жылы 3 қызметкер, Академия филиалында, сондай-ақ «Конструктивное решение» ЖШС-де мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы мәселелерi бойынша бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өттi.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру — мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттары көрсетiледi.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi — бұзушылықтары жоқ.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзген мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелерi -0.

4) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi.

Есептi кезеңде мемлекеттiк қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингiн «ЗОР РУХ «қайырымдылық қоры» жеке қоры жүргiздi. Ұсынылған мониторингте басқарма көрсететiн қызметтер жоқ.

5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануын арттыру.

Заңға және Мемлекеттiк қызмет саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету.

Мақаланың шыққан күні: 27.02.2020 14:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.02.2020 17:57
Қаралым саны: 857

Комментарии