A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
2016 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есебі

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер Қазақстан Республикасы азаматтардың құқықтарын сапалы, дер кезiнде, қол жетiмдi түрде iске асыруына мүмкiндiк бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер — жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру саласында басшылықты жүзеге асыратын «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы» ММ (бұдан әрi — Басқарма).

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi Мемлекетiк көрсетiлетiн қызметтер тiзбегiне сәйкес № 983 қаулымен бекiтiлген, басқарма тарапынан 2 түрлi мемлекеттiк қызметтерi:

- «Үкiмет азаматтары үшiн» мемлекеттiк корпорациясы» ХАҚ және қызмет берушiмен арқылы «Оралман мәртебесiн беру»;

- "Электрондық үкiмет" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz. қызмет берушiмен арқылы «Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және ұзарту» көрсетiледi.

Осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметiтк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 «Әлеуметтiк саласанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» № 279 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерi стандарттарына сәйкес тегiн көрсетiледi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламеттерi Ақмола облысы әкiмдiгiнiң «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламеттерiн бекiту туралы» № А-11/495 қаулымен бекiтiлдi, Ақмола облысының әдiлет Департаментiнiң 2015 жылғы 25 қарашада № 5077 тiркелдi.

2016 жылы бойы «Оралман мәртебесiн беру» көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметi 463 рет, соның iшiнде «Үкiмет азаматтары үшiн» мемлекеттiк корпорациясы» ХАҚ арқылы 3 қызмет көрсетiлдi.

«Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және ұзарту» көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметi 221 рет, соның iшiнде "Электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы 59 қызмет көрсетiледi. «Макинск құс фабрикасы» ЖШС, «СП Қазақстан ЭХЗ технологиялары» ЖШС берiлген лауазымдарынан, бiлiктiлiкетiрi сәйкес болмауына байланысты екi бас тартуы бар.

Қызметтердi алушылары үшiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң көрсету тәртiбiн түсiндiретiн кажеттi ақпарат, стандарттары, регламеттерi және жадынамалары басқарманың www.social-akmo.gov.kz- веб порталында, сонымен қатар Көкшетау қаласындағы, Пушкин көшесiнiң 23 үйiнде орналасқан ғимараттын фойесiнде орналастырылды. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерi туралы ақпарат мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiнде бiрегей байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

2016 жылы бойы «Оралман мәртебесiн беру» мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi жөнiнде аудандық,облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында 11 мақала мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң көрсету тәртiбiн түсiндiретiн кажеттi ақпарат басылып шықты.

«Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және ұзарту» көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметi насихаттау мақсатымен, жұмыс бершулерi арасында веб-порталы арқылы өтiнiш беру мүмкiндiгi жөнiнде түсiнiктемелермен хаттар жiберiлген болатын.

Есептiк мерзiмi iшiнде, көпшiлiкпен талқылау үшiн басқарманың ғаламтор-ресурсында 2015 жылғы 28 сәуiрдегi «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметiтк даму министрiнiң «Әлеуметтiк саласанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» № 279 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» бұйрықтың жобасы екi рет орналастырылған, алайда талқылау қорытынды бойынша бұйрықтың жобасына енгiзетiн ұсыныстар мен ескертулер түскен емес.

Қызмет алушылардың өтiнiшiмен басқармада мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi жөнiнде мамандармен тиянақты тұсiндiру жұмыстары жүргiзiлуде.

2016 жылы тiкелей мемлекетiк қызмет көрсететiн 3 қызметкер, бiлiктiлiк арттыру курстарынан оқып шықты.

Мемлекетiк қызмет көрсету саласында қоғамдық қарым-қатынасты реттеу мақсатымен, 2013 жылғы 15 сәуiрiнде «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет туралы» Заңы, Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша стандарттары және регламенттерi қабылданды. Қажеттiлiкке байланысты қолданыстағы заңнамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi.

2016 жылы бойы мемлекеттiк қызметтердi көрсету жөнiнде бұзылған мерзiмдерi болған емес. Басқарма тарапынан көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасына түскен шағымдары жоқ. Осы бағыттағы жұмыс жiтi бақылауда.

Басқармамен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасына iшкi бақылау жүргiзiледi.

2017 жылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тиiмдiлiгi мен сапалық қанағаттандыруды арттыру, халықты дер кезiнде мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiнде хабарландыру, мемлекеттiк қызмет көрсету регламенттердi қабылдау мақсатымен, басқармада мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша мерзiмдерiн бұзуына жол бермеу бағытта жұмыс жалғастыратын болады.

Дата создания статьи: 04.01.2018 15:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.01.2018 15:11
Қаралым саны: 385

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: akmout@mail.online.kz