Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Облысық келісім

Ақмола облысының әкiмдiгi,
облыстық қызметкерлердiң бiрлестiктерi және
жұмыс берушiлердiң бiрлестiктерi арасындағы
2018 — 2020 жылдарға арналған
ОБЛЫСТЫҚ КЕЛIСIМ

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Жолдауын iске асыру шеңберiнде бұдан әрi Тараптар деп аталатын Ақмола облысының әкiмдiгi, облыстық қызметкерлердiң бiрлестiктерi және жұмыс берушiлердiң бiрлестiктерi облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша анағұрлым ауқымды және iргелi жұмыстарды бастау қажет деп есептейдi.

Осыған байланысты Тараптар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтiксiз сақтау негiзiнде әрекет ете отырып,

«Қазақстан-2050» стратегиясын, Қазақстанның үшiншi жаңғыруы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын iске асыру шеңберiнде,

әлеуметтiк әрiптестiктi дамыту, әлеуметтiк-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу және еңбек құқықтарын iске асыру кезiнде шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне, жасына немесе дене кемiстiктерiне, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсiтуге жол бермеу қағидаттарын басшылыққа ала отырып,

әлеуметтiк әрiптестiктiң барлық деңгейлерiндегi үш жақты келiссөздер мен консультациялар барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды сақтауға мiндеттене отырып,

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң, Қазақстан Республикасының Үкiметi, жұмыскерлердiң республикалық бiрлестiктерi және жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерi арасындағы 2018−2020 жылдарға арналған Бас Келiсiмi негiзiнде 2018 − 2020 жылдары әлеуметтiк-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудiң негiзгi бағыттары бойынша Тараптардың келiсiлген ұстанымдарын айқындайтын 2018 − 2020 жылдарға арналған осы Облыстық келiсiмдi (бұдан әрi − Келiсiм) жасасты.

I бөлiм

Экономиканы жедел технологиялық жаңғырту

Тараптар келесi бағыттарда бiрлесiп күш жұмсауды мойындайды.

1.1. Цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа индустрияны құруға ықпал ету.

1.2. Төртiншi Өнеркәсiптiк революцияның элементтерiн енгiзу есебiнен отандық экономиканың дәстүрлi базалық салаларының бәсекелес басымдықтарын кеңейту.

1.3. Экономиканы технологиялық жаңарту және цифрландыру жағдайында сұраныс пен ұсыныс теңгерiмiн қамтамасыз ету есебiнен еңбек нарығын тиiмдi реттеуге.

1.4. Бюджеттiк шығыстардың тиiмдiлiгiн арттыру бағыттарында бiрлескен күш жұмсауға мiндеттендi.

Тараптар жоғарыда көрсетiлген мақсаттарды iске асыруды қамтамасыз ету үшiн:

1.5 Экономиканы технологиялық жаңғыртуына қолдау көрсетуге.

1.6. Экономика салаларын технологиялық қайта жарақтандыру мақсатында инновацияларды және Төртiншi өнеркәсiптiк революцияның элементтерiн енгiзу үшiн қолайлы жағдайлар жасауға.

1.7. Шетелдiк озық технологиялар трансферттерiне және әлемдiк жоғары өнiмдi компанияларды тартуға жәрдемдесуге.

1.8. Бизнестi және халықты экономиканы технологиялық жаңғыртуға жедел тарту үшiн ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға.

1.9. Әлеуметтiк тұрақсыздыққа және халық табысының төмендеуiне жол бермеу үшiн еңбек ресурстарының құзыреттiлiгiн арттыруды және кәсiпорындардың, салалардың және өңiрлердiң iшiнде және олардың арасында кадрлардың икемдi ауысуын қамтамасыз етуге.

1.10. Экономика салаларын технологиялық жаңарту үшiн iшкi және сыртқы инвестицияларды тартуға ынталандыруға.

1.11. Инвесторлардың мемлекетпен өзара iс-қимылын реттеудi жаңғырту есебiнен инвестициялық климатты жақсарту бойынша шаралар қабылдауға.

1.12. Тиiмдiлiгi жоғары жобаларды қолдау үшiн инвестицияларды өндiрiске бағыттауға.

1.13.Қазақстандық қамтумен мақсатты бағытталған дамыту арқылы шағын және орта бизнес үшiн жаңа бизнес мүмкiндiктерiмен экономиканың дәстүрлi экспортқа бағытталған секторларындағы iрi инвестициялық жобаларды кейiнгi қайта бөлу және қайта өңдеумен iске асыруға уағдаласты.

Әкiмдiк өзiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

1.14. Инновацияларды қолдау және инвестицияларды тарту үшiн нормативтiк құқықтық актiлердiң әзiрленуiне ұсыныстарды енгiзудi қамтамасыз ету.

1.15. Ұлттық экспорттық стратегияның, Ұлттық инвестициялық стратегияның және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының iске асырылуын тиiмдi үйлестiрудi жүзеге асыру.

1.16.Мемлекеттiк инститтуттардың қызметiн нығайту, басым салалар мен жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдаудың тетiктерiн пайдалану.

1.17.Экономиканы жаңғырту шеңберiнде iрi кәсiпорындармен Жол карталарын жасасу және 2017-2021 жылға арналған «Еңбек» нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасының барлық құралдарын пайдалану арқылы еңбек ұтқырлығы және еңбек ресурстарының басқарылатын ауысуы үшiн жағдай жасау.

Жұмыс берушiлердiң облыстық бiрлестiктерi өздерiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

1.18.Озық технологияларды енгiзудi ескере отырып, кәсiпорындарды негiзгi құралдарды жедел жаңартуды жүргiзуге тарту.

1.19.Еңбек нарығында шиеленiстiң болуына жол бермеу үшiн еңбек ресурстарының ауысуын басқару жүйесiн құруға, оның iшiнде жұмыс берушiлерге әлеуеттi босатылатын кадрлардың құзыреттерiн дамытуды қамтамасыз ету бойынша көмек шараларын көрсету арқылы ықпал ету.

Жұмыскерлердiң облыстық бiрлестiктерi өздерiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

1.20. Еңбек нарығында шиеленiстiң болуына жол бермеу үшiн:

- еңбек ұжымдарының арасында экономиканың технологиялық жаңаруымен байланысты еңбек нарығындағы сын-тегеурiндер туралы кең ауқымды ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу;

- өндiрiстi технологиялық жаңғырту (автоматтандыру, роботтандыру, цифрландыру) шеңберiнде еңбек нарығындағы шиеленiстi бәсеңдету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу жолымен еңбек ресурстарының ауысуын басқару жүйесiн құруға ықпал ету.

II бөлiм

Бизнес ортаны түбегейлi жақсарту

Тараптар келесi бағыттарында бiрлесiп күш жұмсауды мойындайды.

2.1.Тауарлардың, жұмыстардың және көрсететiн қызметтердiң өндiрiс көлемiн арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру негiзi ретiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдай жасауға.

2.2.Бизнестi ашу және жүргiзу үшiн шығындар мен кедергiлердiң барлық түрлерiн төмендету үшiн ұсыныстар шығару.

2.3.Кәсiпкерлiк бостандық және бәсекелестiктi дамыту үшiн бағалық және тарифтiк сөзбайласудың алдын алуға.

2.4.Экономиканың тиiмдi жеке секторын құруға және мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктi дамытуға дамытуға бағытталған бiрлескен күш жұмсауға мiндеттендi.

Тараптар жоғарыда көрсетiлген мақсаттарды iске асыруды қамтамасыз ету үшiн:

2.5.2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасын, оның iшiнде бизнес негiздерiне оқыту және халыққа микрокредиттер беру бөлiгiнде тиiмдi iске асыруды қамтамасыз етуге.

2.6.Экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабiлеттiлiктiң өсуiн қамтамасыз ететiн оның басым секторларын дамытуға.

2.7.Бизнес-ортаны жақсарту бойынша ұсыныстар әзiрлеуге.

2.8.Халық үшiн әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң бағалық қолжетiмдiлiгiн, инфляция деңгейiн төмендетудi қамтамасыз ете отырып, баға белгiлеудi одан әрi ырықтандыруға бағытталған баға саясатын жүргiзудi қамтамасыз етуге уағдаласты.

Әкiмдiк өзiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

2.9.Бизнестi реттеудi азайту бойынша бiрлескен жүйелiк шараларды қабылдау.

2.10.Жеке сектордың iскерлiк белсендiлiгiн ынталандыру және бизнес-ортаны жақсарту бойынша шаралар қабылдау.

2.11.Цифрландыру арқылы мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiн оңтайландыру, мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде мерзiмдердi және құжаттар тiзбесiн қысқартуға ұсыныстар енгiзуге.

2.12.Ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен жедел үйлестiру есебiнен өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыруды ынталандыру, сертификаттау инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету.

2.13.Шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау шараларын кеңейтудi қамтамасыз ету.

2.14.Мемлекеттiк активтердi жекешелендiрудi жеделдету және оның айқындылығы мен тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету.

2.15.Бизнеске аутсорсингке берiлетiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн кеңейту бойынша ұсыныстар енгiзу.

2.16.Халық үшiн әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң бағаларына мониторингi жүргiзу. Оларды негiзсiз көтеру жағдайында құрылған әлеуметтiк — кәсiпкерлiк корпорациялар арқылы бiрiншi тұтынатын тауарларды диверсификациялау.

2.17.Тарифтердiң деңгейiнiң болжамдылығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету бөлiгiнде табиғи монополия субъектiлерiн реттеудi жетiлдiру.

2.18.Тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектiлерi мүдделерiнiң теңгерiмiне қол жеткiзу негiзiнде тарифтiк саясатты жүргiзу.

Жұмыс берушiлердiң облыстық бiрлестiктерi өздерiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

2.19.2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасының тиiстi бағыттарын iске асыру операторы болу.

2.20.Кәсiпкерлердi оқытуды ұйымдастыру және оларға бизнестi ашу және жүргiзу бойынша консалтингiлiк қызметтер көрсету.

Жұмыскерлердiң облыстық бiрлестiктерi өздерiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

2.21.Бизнес-ортаны жақсарту, оның iшiнде еңбек қатынастарын реттеу бөлiгiнде ұсыныстар әзiрлеу.

III бөлiм

Халықты формальдi және нәтижелi жұмыспен қамтуға

және еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға жәрдемдесу

Тараптар келесi бағыттарында бiрлесiп күш жұмсауды мойындайды.

3.1.Жоғары өнiмдiлiкпен, қауiпсiз еңбек жағдайларымен, еңбекақы мөлшерiн реттеумен сипатталатын жаңа жоғары сапалы жұмыс орындарын құруға.

3.2.Формальдi және нәтижелi жұмыспен қамтамасыз етуге.

3.3.Ұлттық бiлiктiлiк жүйесiн дамыту арқылы еңбек ресурстарының сапасын арттыруға.

3.4.Еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету үшiн еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғыртуға.

3.5.Жоғары бiлiктi шетелдiк жұмыс күшiн тарту үшiн жағдай жасауға бағытталған бiрлескен күш салуға мiндеттендi.

Тараптар жоғарыда көрсетiлген мақсаттарды iске асыруды қамтамасыз ету үшiн:

3.6.Жұмыспен қамтуды реттеу тетiктерiн жетiлдiру бойынша шаралар қабылдауға, оның iшiнде жұмыспен қамтуды ресмилендiрудi ынталандыруға.

3.7.Бiлiм беру жүйесiнiң мазмұнын кәсiптiк стандарттардың негiзiнде экономиканың даму қажеттiлiктерiне орай бейiмдеуге және еңбек ресурстарының құзыреттiлiгiн дамыту үшiн жағдай жасауға.

3.8.Экономиканың технологиялық жаңаруын есепке ала отырып, жұмыскерлердiң үздiксiз кәсiптiк дамуын, кәсiптiк дайындығын және қадрларды қайта даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға.

3.9.Еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту бойынша цифрлық тәсiлдердi пайдалануға уағдаласты.

Әкiмдiк өзiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

3.10.2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасын iске асыруға жалпы үйлестiрудi және оның мониторингiн жүзеге асыру.

3.11.Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдарды ресмилендiру, еңбек қатынастарын заңдастыру және халықтың формальдi емес түрде өзiн-өзi жұмыспен қамтуын қысқарту бойынша жол картасын iске асыру бойынша мониторингiн жүргiзу.

3.12.Еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг және талдау жүргiзу, жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысқа болжау жасау.

3.13.Еңбек нарығы бойынша жан-жақты толық ақпаратқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету жолымен, оның iшiнде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, халықты кәсiптiк бағдарлау жүйесiн жетiлдiру.

3.14.Халықты жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялауды жүргiзу және жұмыс iздеп жүрген адамдардың кеңiнен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн олардың қызметiн жақсарту.

Жұмыс берушiлердiң облыстық бiрлестiктерi өздерiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

3.15. Кәсiптiк бiлiм берудi жаңғыртуға және кәсiптiк стандарттарды әзiрлеуге бизнестiң қатысуына ықпал ету.

3.16. Бiлiктiлiктi тәуелсiз сертификаттауды енгiзудi қамтамасыз ету.

3.17. Кәсiпорындарда дуальдi оқыту жүйесiн енгiзуге және тәлiмгерлiк институтын таратуға жәрдемдесу.

3.18. Жұмыс берушiлердiң қажеттiлiктерiне сәйкес кадрларды даярлауға мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру және орналастыру үшiн ұсыныстар енгiзу.

3.19. Бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлеуге және жаңартуға қатысу.

3.20. Азаматтарды жұмысқа орналастыруға жекеше жұмыспен қамту агенттiктерiн тартуға жәрдемдесу.

3.21. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң арасында еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу.

Жұмыскеркерлердiң облыстық бiрлестiктерi өздерiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

3.22. Салалық бiлiктiлiк шеңберiн, кәсiптiк стандарттарды әзiрлеуге қатысу және «өмiр бойы оқыту» қағидатын iске асыру үшiн жұмыскерлердi өзiн-өзi дамытуға ынталандыру.

3.23. Жұмысшы кәсiптерiнiң беделiн арттыру бойынша кешендi iс-шараларды жүзеге асыру.

3.24. Лайықты өмiр жағдайларын жасауға бағытталған жұмыспен қамту мемлекеттiк бағдарламаларын қалыптастыруға және әзiрлеуге қатысу.

IV бөлiм

Адами капиталдың сапасын жақсарту

Тараптар келесi бағыттарында бiрлесiп күш жұмсауды мойындайды.

4.1. Бiлiм беру жүйесiн экономикалық өсудiң жаңа моделiнiң орталық буыны ретiнде анықтау үшiн қажеттi шараларды жүргiзуге, оның iшiнде:

- бiлiм берудi жаһандық ортаға интеграциялауға;

- технологиялық дағдыларды ескере отырып, барлығын қамтитын және талап етiлетiн бiлiмге қол жеткiзуге;

- экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандармен қамтамасыз етуге, бiлiмдi, ғылымды және инновацияны интеграциялауға;

- техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң беделiн арттыруға.

4.2. Тиiмдiлiкке, қаржылық тұрақтылыққа және әлеуметтiк-экономикалық өсудi қолдауға бағытталған ұлттық денсаулық сақтау жүйесiн:

- ауруларды алдын алу және басқарудың интеграцияланған тәсiлi негiзiнде қоғам денсаулығын сақтау жөнiндегi жаңа саясатты енгiзу;

- денсаулық сақтау жүйесiн басқару мен қаржыландыру тиiмдiлiгiн арттыру;

- медициналық және фармацевтикалық бiлiм мен ғылымды жаңғыртуға;

- денсаулық сақтау жүйесiн қажеттi цифрландырумен және ақпараттандырумен қамтамасыз ету арқылы жаңғырту.

4.3. Әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн одан әрi жаңғыртуға, оның iшiнде:

- Конституцияда кепiлдендiрiлген халыққа арналған ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды кезең-кезеңiмен жақсартуға бағытталған өмiр сүру сапасын және толықтай әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн әлеуметтiк қамсыздандыру нормаларын арттыруға;

- әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру мақсатында әлеуметтiк қызмет көрсету саласында бәсекелестiк ортаны қалыптастыруға;

- нәтижелi және формализацияланған жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталған зейнетақы жүйесiн және әлеуметтiк сақтандыруды одан әрi дамытуға;

- халықтың күнкөрiсi төмен топтарына атаулы әлеуметтiк көмек көрсету кезiнде атаулылықты күшейтуге;

- арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң атаулылығын, қолжетiмдiлiгiн және сапасын күшейтуге бағытталған бiрлескен күш жұмсауға мiндеттендi.

Тараптар жоғарыда аталған мақсаттарды iске асыруды қамтамасыз ету үшiн:

4.4. «Баршаға арналған тегiн кәсiптiк-техникалық бiлiм» жобасын iске асыруға жәрдемдесуге.

4.5. «Өмiр бойы оқыту» тұжырымдамасын iлгерiлету және қашықтағы, ауылдық өңiрлердегi бiлiм алушылар үшiн оқу жағдайын теңестiру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға.

4.6. Елдiң индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын есепке ала отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру мазмұнын жаңартуға жәрдемдесуге.

4.7. Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктi кеңейтуге және бiлiм беру саласына жеке инвестицияларды тартуға.

4.8. Педагог кадрлардың беделiн көтеруге және оларды ынталылығын арттыруға.

4.9. Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негiзiнде денсаулық және бiлiм беру инфрақұрылымын одан әрi дамытуды қамтамасыз етуге.

4.10. Деректер мен процестердi кешендi цифрландыруға негiзделген денсаулық сақтау жүйесiнiң қолжетiмдiлiгiн, сапасын, қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн, тұрақтылығын және пациентке бағдарлануын арттыруға жәрдемдесуге.

4.11. Мiндеттi медициналық әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша тұрақты негiзде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзуге.

4.12. Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасын анықтау әдiстемесiн жетiлдiруге, сондай-ақ азаматтардың мұқтаждығын бағалау үшiн медиандық кiрiстi енгiзуге ықпал етуге.

4.13. Мемлекеттiң әлеуметтiк кепiлдiктерiн, бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн және азаматтардың жеке жауапкершiлiгiн қиыстыруға.

4.14. Мүмкiндiктерге қарай Ұлы Отан соғысының мүгедектерi және қатысушылары, оларға теңестiрiлген адамдар әлеуметтiк қолдау шараларын көрсетуге (қоғамдық көлiкте тегiн немесе жеңiлдiкпен жүру, баспананы жөндеу, отынмен қамтамасыз ету, тiстi протездеу, санаторий-курорттық емдеуге жолдама беру, материалдық көмек көрсету және т.б.).

4.15. БҰҰ Адам құқықтары жөнiндегi комитетiнiң басты қағидаттарына сәйкес Мүгедектердiң құқықтары туралы конвенцияның ережелерiн орындау бойынша, оның iшiнде мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн қолжетiмдi орта құру бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн iске асыруға.

4.16. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейiнгi отбасылық және гендерлiк саясат тұжырымдамасын iске асыру бойынша:

- ана мен баланы қорғауды қамтамасыз етуге, әйелдердi әлеуметтiк қолдауға, әлеуметтiк-еңбек қатынастары саласындағы гендерлiк мәселелердi шешуге;

- балаларды күтудi және олардың тәрбиесiмен айналысатын ерлер мен әйелдердi теңдей құқықтарда қолдауға;

- шешiмдер қабылдау деңгейiнде әйелдердiң өкiлдiгiн арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Әкiмдiк өзiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

4.17. Сыни тұрғыдан ойлау қабiлетiн және ақпаратты дербес iздеу дағдыларын дамытуға оқу бағдарламаларының мақсатты бағытталуы бойынша шараларды iске асыру.

4.18. Қала және ауыл мектептерi арасындағы бiлiм беру сапасындағы алшақтықты азайту.

4.19. Бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде үш тiлдiлiктi кезең-кезеңiмен енгiзудi қамтамасыз ету.

4.20. Жұмыссыз және өзiн-өзi жұмыспен қамтыған жастарды, сондай-ақ еңбекке қабiлеттi жастағы кәсiптiк бiлiмi жоқ адамдарды тегiн бiлiм берумен қамтамасыз ету.

4.21. Белгiленген экономика шеңберiнде жаңа өндiрiс мамандарын даярлау үшiн кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн дамыту бойынша шараларды iске асыру.

4.22.Еңбек нарығындағы еңбек ресурстарына деген нақты қажеттiлiктi ескере отырып, кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыру.

4.23. Жоғарғы оқу орындарының кадрлық құрамына, олардың материалдық-техникалық қамтылу деңгейiне және бiлiм беру бағдарламаларына қатысты бақылауды және талаптарды күшейту.

4.24. Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнде жеке медициналық ұйымдарға бәсекелестiктi дамыту үшiн тең жағдай жасау.

4.25. Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнiң iске асырылу мерзiмiне сәйкес 2020 жылдан бастап әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiне мемлекеттiң есебiнен халықтың әлеуметтiк осал топтарының қатысуын қамтамасыз ету.

4.26. Денсаулық сақтау саласында жүргiзiлiп жатқан реформалар бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу.

4.27. Әлеуметтiк кепiлдiктерге, бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiне және азаматтардың жеке жауапкершiлiгiне негiзделген мемлекеттiк саясатты қалыптастырумен iске асыруды қамтамасыз ету:

- атаулы әлеуметтiк көмек көрсету және халықтың күнкөрiсi төмен топтарын әлеуметтiк қолдау арқылы азаматтарды әлеуметтiк қорғау деңгейiн арттыру бойынша;

- әлеуметтiк төлемдер көздерiн әртараптандыру есебiнен барлық деңгейдегi жұмыскерлердiң әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiн арттыру бойынша.

4.28. «Әлеуметтiк қамтамасыз етудiң ең төменгi нормалары туралы» Халықаралық еңбек ұйымының № 102 Конвенциясын ратификациялау бойынша техникалық консультацияларды және жағдайларды зерттеудi жүргiзу.

4.29. Күнкөрiсi төмен азаматтар мен отбасыларға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету.

4.30. Әлеуметтiк қатер туындаған жағдайда жұмыс iстейтiн халықты:

- мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығын сақтау;

- әлеуметтiк қамсыздандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтау үшiн жауапкершiлiктi арттыру (мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды уақытында және толық төлеу);

- еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде жазатайым оқиғалардан жұмыскердi мiндеттi сақтандырумен барынша қамтуды қамтамасыз ету жолымен әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру.

Жұмыс берушiлердiң облыстық бiрлестiктерi өздерiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

4.31. Арнайы салалық дағдылары және жоғары бiлiктiлiгi бар кадрларды даярлауға жәрдемдесу:

- жұмыскерлердi iлгерiлетiп кәсiптiк оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды, кәсiпкерлiк негiздерiне оқытуды ұйымдастыру.

4.32. Ұйым жұмыскерлерiн өндiрiс iшiнде оқытуды, сондай-ақ жұмыскерлердi iлгерiлетiп кәсiптiк оқытуды дамытуға ықпал ету.

4.33. Бiлiм беруге және денсаулық сақтауға жеке инвестицияларды тартуға ықпал ету.

4.34. Адамның мүмкiндiгiн және еңбек ету қабiлеттiлiгiн арттыру бойынша саясатты және практиканы әзiрлеп, пайдалану арқылы адами капиталдың дамуына ықпал ету.

Жұмыскерлердiң облыстық бiрлестiктерi өздерiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

4.35. Өмiр бойы үздiксiз бiлiм алу бойынша бiлiм беру жүйесiнiң беделiн арттыру және бiлiм беру мен педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша iс-шараларды жүргiзу.

4.36. Халықтың денсаулығын қорғау үшiн азаматтың, жұмыс берушiнiң және мемлекеттiң ортақ жауапкершiлiгi қағидатының негiздерiн түсiндiру

iс-шараларын жүргiзу.

4.37. Әлеуметтiк әрiптестермен әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнаманың негiздерiн түсiндiру бойынша бiрлескен семинарлар өткiзу.

V бөлiм

Еңбек жағдайлары және еңбектi қорғау,

өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiк

Тараптар келесi бағыттарда бiрлесiп күш жұмсауды мiндеттендi:

5.1. Жұмыскердiң өмiрi мен денсаулығын сақтау басымдығын қамтамасыз етуге.

5.2. Жұмыскердiң лайықты еңбекке құқығын iске асыру үшiн еңбек қызметi процесiнде жағымды еңбек жағдайларын жасауға.

5.3. Еңбектi қорғау, өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ еңбек жағдайларын және еңбектi қорғауды жақсарту бойынша мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға.

5.4. Кәсiпорындарда еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбектiң қорғалуын сақтауды iшкi бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыруға.

5.5. Өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға.

5.6. Өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етуге.

5.7. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға жағымсыз әсерiн төмендетуге.

5.8. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаның сапасын жақсартуға бағытталған бiрлескен күш жұмсауға.

Тараптар жоғарыда аталған мақсаттарды iске асыруды қамтамасыз ету үшiн:

5.9. Мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының, жұмыс берушiлер бiрлестiктерi мен кәсiптiк одақтардың еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттiк және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру бойынша өзара iс-қимылын жүзеге асыруға.

5.10. Жұмыскерлердiң денсаулығы мен қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн қауiптердiң алдын алу немесе оларды төмендету мақсатында кәсiптiк қатерлердi басқару жүйесiн жетiлдiруге.

5.11. Статистикалық есептiлiктi жетiлдiрудi қоса алғанда, еңбек жағдайлары мен еңбектiң қорғалуына мониторинг жүргiзу жүйесiн дамытуға.

5.12. Кәсiптiк аурулардың профилактикасы, оларды ерте анықтау және күнделiктi өндiрiстiк практикаға кәсiптiк қатерлердi басқару тетiктерiн енгiзу шараларын қоса алғанда, жұмыскерлердiң өмiрiн және денсаулығын сақтау жөнiндегi iс-шараларды iске асыруға.

5.13. Жұмыскерлердiң денсаулығы мен қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн қатерлердiң алдын алуға немесе оларды төмендетуге, кәсiпорындарда еңбектiң қорғалуын және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған ғылыми-зерттеу және талдамалық жұмыстарды жүргiзуге ықпал етуге.

5.14. Еңбектi қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптiк аурулардың алдын алу жөнiндегi бiрлескен iс-қимыл жасау үшiн ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау жөнiндегi өндiрiстiк кеңестердi құруға ықпал етуге.

5.15. Халықаралық еңбек ұйымының АИТВ/ЖИТС және еңбек саласы туралы (№ 200) ұсынымдарын iлгерiлету бойынша шаралар қабылдауға.

5.16. «Еңбек қауiпсiздiгi мен гигиенасына жәрдемдесетiн негiздер туралы» Халықаралық еңбек ұйымының № 187 Конвенциясын iске асыру жұмысын жалғастыруға.

5.17. Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғауды, өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету проблемалары бойынша семинарларды, кеңестердi және басқа да iс-шараларды өткiзуге.

5.18. Халықтың барлық топтары арасында экологиялық бiлiмдi таратуға және экологиялық ынталандырылған мәдени дағдыларды қалыптастыруға.

5.19. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау мен дамытуға.

5.20. Қоршаған ортаны қорғаумен және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етумен байланысты мәселелердi шешуде қоғамдық бiрлестiктердiң, коммерциялық емес ұйымдардың және бизнес-қоғамдастықтардың тиiмдi қатысуын қамтамасыз етуге уағдаласты.

Әкiмдiк өзiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

5.21. Өндiрiстегi жазатайым оқиғалардан және кәсiптiк аурулардан мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбектiң қорғалуына байланысты сақтандыру тарифтерiн қалыптастыру жүйесiн жетiлдiруде болысу.

5.22. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы мен жыл сайынғы ақы төленетiн қосымша еңбек демалысын жұмыс орнындағы нақты еңбек жағдайларына байланысты беру тәсiлдерiн жетiлдiруде болысу.

5.23. Тиiстi кәсiптiк стандарттарды және заманауи технологияларды пайдалануды ескере отырып, еңбектi қорғау саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау жүйесiн жетiлдiруде болысу.

5.24. Еңбек жағдайларын бағалау және жұмыс iстеушiлердiң денсаулығын жақсарту, кәсiптiк қатерлердi анықтау мен бағалау және оларды басқару жүйелерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру.

5.25. «Ауыл шаруашылығындағы еңбек қауiпсiздiгi және гигиенасы туралы» Халықаралық еңбек ұйымының №184 Конвенциясын ратификациялау бойынша техникалық консультациялар өткiзу.

5.26. Өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да мәселелерiн келiсiлген түрде шешу.

5.27. Халықаралық нормалармен және стандарттарымен қажеттi үйлесiмiн ескере отырып, өндiрiстiк және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн нормативтiк-техникалық құжаттарды қабылдауына ықпал ету.

5.28. Өндiрiс қаупiнiң сыныптамасы негiзiнде тәуекелдердi басқару жүйесiн құруда қолдау көрсету.

5.29. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын ұйымдар басшыларын, мамандары мен жұмыскерлерiн аттестаттау және олардың бiлiмiн тексеру рәсiмдерiн жетiлдiруде болысу.

5.30. Өнеркәсiптiк және экологиялық қадағалау жүйесiнiң жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру.

Жұмыс берушiлердiң облыстық бiрлестiктерi өздерiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

5.31. Өнiмдiлiгi жоғары, еңбек жағдайлары қауiпсiз және лайықты еңбекақысымен жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қабылдау.

5.32. Өндiрiстiк жарақаттануды төмендетуге және кәсiптiк аурулардың туындауының алдын алуға бағытталған шаралар кешенiн iске асыру.

5.33. Еңбек жағдайлары мен еңбектiң қорғалуын жақсарту бойынша отандық және шетелдiк озық жұмыс тәжiрибесiн енгiзу.

5.34. Еңбек ұжымдарымен мiндеттi медициналық әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша кездесулер ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау.

5.35. «Еңбек қауiпсiздiгi мен гигиенасына жәрдемдесетiн негiздер туралы» Халықаралық еңбек ұйымының № 187 Конвенциясына сәйкес өз жұмыскерлерiне қолайлы еңбек және әлеуметтiк жағдай жасауға ықпал ету.

5.36. Еңбектi қорғау жөнiндегi персоналды қазiргi заманғы технологияларды пайдалана отырып оқытуға және кешендi даярлауға, еңбектi қорғау жөнiндегi құқықтық мәдениеттi арттыруға, өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптiк ауруларды төмендетуге бағытталған алдын алу iс-шараларын жүргiзу шараларын қабылдау.

5.37. Заңнамаға сәйкес жұмыскерлердiң медициналық тексерiп қаралуын және жұмыскерлердiң мерзiмдiк медициналық тексерiп қаралуының нәтижелерi бойынша ұсынымдарды толықтай орындау.

5.38. Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды уақытында жүргiзу және ауыр, зиянды және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары үшiн жұмыскерлерге заңнамада көзделген жеңiлдiктер мен өтемақылар беру.

5.39. Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн ерiктi декларациялау бойынша жұмыс жүргiзу.

5.40. Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерiнде, қағидаларында, нұсқаулықтарында және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiк талаптарын сақтау.

5.41. Қоршаған ортаға техногендiк сипаттағы факторлардың жағымсыз әсерiн төмендету.

5.42. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мамандарды, жұмыскерлердi даярлауды, қайта даярлауды және бiлiмiн тексерудi қамтамасыз ету.

Жұмыскерлердiң облыстық бiрлестiктерi өздерiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

5.43. Тиiстi кәсiптiк стандарттарды ескерiп заманауи технологияларды пайдалана отырып, еңбектi қорғау бойынша техникалық инспекторларды даярлау және қайта даярлау жүйесiн жетiлдiру және ұсыныстар енгiзу.

5.44. Еңбектi қорғау талаптарын сақтауға, өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың алдын алуға бағытталған бiрлескен iс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi өндiрiстiк кеңестердi құруға және олардың жұмысына қатысу.

5.45. Жұмыскерлердiң еңбек және санитарлық-гигиеналық жағдайларын жақсарту бойынша iс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ, өндiрiстiк жарақаттануды және кәсiптiк ауруларды алдын алу бойынша профилактикалық iс-шараларды жүргiзуге қатысу.

5.46. Жұмыс берушiмен бiрлесiп, еңбектi қорғау, өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiк саласында ортақ бақылауды және тиiмдi өзара iс-қимылды жүзеге асыру.

5.47. Қаржыландыруға қатысу арқылы жұмыскерлердi, ең алдымен, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс iстейтiн жұмыскерлердi сауықтыру, атап айтқанда шипажай-профилакторийлерде, санаторлық-курорттық мекемелерде сауықтыру бойынша емдiк-профилактикалық iс-шараларды жүзеге асыруға ықпал ету.

5.48. Кәсiподақ ұйымдарының мүшелерi арасында еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi сақтау бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу.

5.49. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi төтенше жағдайлар, инциденттер туралы ұйым әкiмшiлiгiне шұғыл түрде хабарлау.

5.50. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде төтенше жағдай болғанда, қажеттi көмек көрсету.

5.51. Экологиялық мәдениеттi қалыптастыру, экологиялық бiлiм мен тәрбиенi қалыптастыру.

VI бөлiм

Әлеуметтiк әрiптестiк

Тараптар келесi бағыттарда бiрлесiп күш жұмсауды мiндеттендi:

6.1. Консультациялар өткiзуге, салалық, өңiрлiк деңгейде келiсiмдер, ұжымдық шарттар жасасу тәжiрибесiн, сондай-ақ әлеуметтiк әрiптестiк және әлеуметтiк пен еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi облыстық үшжақты комиссия (бұдан әрi — Комиссия) отырыстарында талдау нәтижелерiн қараумен әлеуметтiк әрiптестiк органдарының жұмыс практикасына мониторинг пен талдау жүргiзуге.

6.2. ЭЫДҰ елдерiнiң тәжiрибесiн қоса алғанда халықаралық тәжiрибенi, әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу, әлеуметтiк әрiптестiктi және оның салалық және аудандық деңгейдегi институттарын дамытуға жәрдемдесу жөнiндегi үшжақты органдардың жұмысын зерделеу мен таратуға.

6.3. Әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының консультациялары мен келiссөздерi кезiнде қол жеткiзiлген уағдаластықтарды бұқаралық ақпарат құралдарында үнемi жариялауға, өзiне алынған мiндеттемелердi орындау жағдайы туралы ақпаратты жариялауға.

6.4. Ұжымдық еңбек дауларын реттеу, еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтарға қарсы iс-қимыл бойынша барлық байланысты шараларды жүргiзуге.

6.5. Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiнде бiрлескен жұмыстарды жүргiзуге.

6.6. Кәсiптiк одақтар мен жұмыс берушiлер бiрлестiктерiнiң қызметiне араласпау, оларды құруға және жұмыс iстеуiне кедергi болмау туралы заңнамалық және жалпы мойындалған халықаралық нормалар мен қағидаларды сақтауға.

6.7. Халықаралық еңбек ұйымының еңбек стандарттарын iске асыруға жәрдемдесуге.

6.8. Қазақстан Республикасында лайықты еңбек қағидаттарын iске асыруды қамтамасыз етуге, нақты жалақы деңгейiн арттыруды қамтамасыз ететiн шаралар кешенiн iске асыруға, кiрiс саясатын жетiлдiруге және халықтың өмiр сүру деңгейiн арттыруға бағытталған бiрлескен күш жұмсауға.

Тараптар жоғарыда көрсетiлген мақсаттарды iске асыруды қамтамасыз ету үшiн:

6.9. Әлеуметтiк әрiптестiк, әлеуметтiк-еңбек қатынастарын ұжымдық-келiсiмшарттық реттеу қағидаттары негiзiнде өзара қарым-қатынасты дамытуға, Келiсiмде айқындалған мiндеттемелер мен уағдаластықтарды сақтауға.

6.10. Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Жиһандық бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң (бұдан әрi — ДЭФ ЖБИ) «Еңбек нарығының тиiмдiлiгi» факторының көрсеткiштерiн жақсартуға бағытталған шараларды iске асыруға.

6.11. Елдiң кәсiпорындары мен ұйымдарында әлеуметтiк-еңбек қатынастарын ұжымдық-келiсiмшарттық реттеумен қамтуды кеңейтуге жәрдемдесуге.

6.12. Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» байқауын ұйымдастыруға және талаптарын жетiлдiруге.

6.13. Салалық және өңiрлiк деңгейлердегi келiсiмдердi әзiрлеуге және қабылдауға қатысу үшiн тепе-теңдiк негiзде жұмыс берушiлер бiрлестiктерiнiң, кәсiптiк одақтар бiрлестiктерiнiң және еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның өкiлдерi қатарынан бақылаушылар тобын қалыптастыруға.

Келiсiмдердi әзiрлеуге және қабылдауға қатысу бойынша қалыптастырылған бақылаушылар тобы жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы ақпаратты жыл сайын жартыжылдық негiзде Комиссияға қарауға ұсынады.

6.14. 2018 жылы «Еңбек шартын жасаңыз» ортақ акциясын жариялауға және өткiзуге.

6.15. Әлеуметтiк-еңбек жанжалдардың профилактикасы, алдын алу және ескерту бойынша шаралар кешенiн қабылдауға.

6.16. Бас, салалық және өңiрлiк келiсiмдердiң, ұжымдық шарттардың орындалуына жыл сайынғы негiзде талдау жүргiзуге.

6.17. Әлеуметтiк-еңбек қатынастары саласындағы заң жобаларын әзiрлеуге және қарауға бiрлесiп қатысуды қамтамасыз етуге және оларды Комиссия отырыстарында қарауға.

6.18. Әлеуметтiк әрiптестiк, әлеуметтiк-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және дамуын, ұжымдық еңбек дауларын шешу тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiруге бағытталған ұсыныстарды дайындау бойынша бiрлескен жұмысты жалғастыруға.

6.19. Өзiне алған мiндеттемелердi орындау және өзара бақылауды жүзеге асыру үшiн осы Келiсiмде айқындалған мәселелер бойынша ақпарат, құжаттар және материалдар, статистикалық деректер алмасуға.

6.20. Тең және бiрдей бiлiктiлiкке сәйкес келетiн жұмыстарды орындау кезiнде шетелдiк және отандық жұмыскерлер арасында тиiстi бiлiктiлiк пен еңбекке ақы төлеу саласындағы теңдiк және мүмкiндiк қағидаттарын сақтауға.

6.21. Келiсiмдерде және ұжымдық шарттарда еңбекке ақы төлеу бойынша тиiстi мiндеттемелердi көздеуге, оның iшiнде еңбек жағдайларын зияндылығы мен қауiптiлiгi дәрежесi бойынша жiктейтiн салалық коэффициенттердi қосуды қамтамасыз етуге.

6.22. Әрбiр жұмыскердiң ұйым қызметiнiң түпкi нәтижелерiне қосқан үлесiн ескеретiн және жоғары өнiмдi еңбектi ынталандыруға бағытталған еңбекке ақы төлеу бойынша тиiмдi және икемдi шаралар қолдануға.

6.23. Уақытылы және толық еңбекке ақы төлеу құқығын iске асыру бойынша мәселелердi шешуде атқарушы билiк органдарымен, мемлекеттiк қадағалау органдарымен өзара iс-қимыл жасауға.

6.24. Еңбекке ақы төлеу мәселелерi бойынша заңнаманы iске асыруды жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзуге.

6.25. «Жалақының ең төменгi мөлшерiн белгiлеу туралы» . Халықаралық еңбек ұйымының № 131 Конвенциясын ратификациялау бойынша техникалық консультациялар өткiзу жөнiндегi жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Әкiмдiк өзiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

6.26. Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатты ақпаратпен алмасу, консультациялар, келiссөздер, кеңестер, жұмыс кездесулерi нысанында қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз ету.

6.27. Әлеуметтiк әрiптестiктi үйлестiру және республикалық, салалық және өңiрлiк деңгейлерде тиiмдi әлеуметтiк диалогқа ықпал ету.

6.28. Халықаралық еңбек ұйымының «Ұжымдық келiссөздерге көмек көрсету туралы» № 154 Конвенциясын ратификациялау бойынша техникалық консультациялар өткiзу.

Жұмыс берушiлердiң облыстық бiрлестiктерi өздерiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

6.29. Халықаралық еңбек ұйымының № 87 «Ұйымдарда құқықтарды қорғау және ассоциациялардың еркiндiгi туралы», № 135 «Кәсiпорында еңбек ететiн өкiлдердiң құқықтарын қорғау және оларға ұсынылған мүмкiндiктерi туралы» Конвенцияларына сәйкес ұйымдарда жұмыскерлер өкiлдерiнiң еркiн қызметi үшiн жағдай жасауға жәрдемдесу.

6.30. Еңбек қатынастарын және кәсiпорындардың өндiрiстiк қызметiн реттеу мәселелерi бойынша еңбек ұжымдарымен тұрақты кездесулердi ұйымдастыру бойынша шараларды қабылдау.

6.31. Жұмыс берушiлердiң еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тұрақты iс-шараларды жүргiзу.

6.32. Жұмыс берушiлердiң арасында еңбек заңнамасын оқыту және түсiндiру, еңбек жанжалдарында келiссөздер жүргiзе бiлу дағдыларын дамыту және консенсусқа қол жеткiзу бойынша оқыту тренингтерiн өткiзу.

6.33. Ұжымдық еңбек дауы туындаған кезде татуластыру рәсiмдерiн сақтау бойынша шаралар қолдану.

6.34. Келiсiм комиссияларының тиiмдi қызмет етуi үшiн жағдайлар жасау.

Жұмыскерлердiң облыстық бiрлестiктерi өздерiне мынадай мiндеттемелердi қабылдайды:

6.35. Жұмыскерлер арасында еңбек заңнамасының негiзiне оқытуды және түсiндiрудi, еңбек жанжалдарында келiссөздер жүргiзу дағдыларын дамыту консенсусқа қол жеткiзу бойынша оқыту тренингтерiн өткiзу.

6.36. Ұжымдық еңбек дауларын қолданыстағы заңнама шеңберiнде шешу және заңсыз ереуiлдердi, жиындарды, наразылық акцияларын өткiзуге жол бермеу бойынша шараларды қабылдау.

VII бөлiм

Қорытынды ережелер

Осы Келiсiмнiң ережелерiн Тараптардың орындауын үйлестiру мақсатында Тараптар төмендегiлер туралы уағдаласты:

7.1. Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жаңа Келiсiм жасалғанға дейiн қолданылады.

7.2. Облыстық келiсiм мемлекеттiк органдарға, жұмыскерлер мен олардың өкiлдерiне, меншiк нысанына қарамастан барлық жұмыс берушiлерге қолданылады.

7.3. Тараптар Келiсiмдi 2018 — 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында келiсiлген әлеуметтiк-экономикалық саясатты жүргiзу жөнiндегi басым бағыттарды және қажеттi iс-қимылдарды белгiлейтiн әлеуметтiк әрiптестiктiң негiзгi құжаты ретiнде мойындайды.

7.4. Келiсiм ұйымдарда және кәсiпорындарда салалық және өңiрлiк келiсiмдердi, ұжымдық шарттарды жасау және келiссөздер үшiн негiз болады.

7.5. Тараптардың Келiсiм бойынша мiндеттемелерi және Комиссия ұсынымдары (шешiмдерi) салалық және өңiрлiк келiсiмдер мен ұжымдық шарттар жасау кезiнде ескерiлуi тиiс.

7.6. Кейiнгi жылдарға арналған облыстық келiсiм 2020 жылғы

25 желтоқсаннан кешiктiрiлмей жасалады.

7.7. Комиссия шешiмдерi осы Келiсiмдi iске асыру нысаны болып табылады.

7.8. Облыстық келiсiмнiң орындалу барысын бақылауды Тараптар Әлеуметтiк әрiптестiк және әлеуметтiк пен еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi облыстық үшжақты комиссияның ережесiнде айқындалған тәртiппен жүзеге асырады.

7.9. Тараптардың бiрiнiң ұсынысы бойынша Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмiмен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар жеке хаттамалармен ресiмделедi және қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

7.10. Тараптарға салалық және өңiрлiк келiсiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу немесе облыстық келiсiмге сәйкес жаңаларын жасау қажет.

7.11. Тараптар Келiсiмде көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi орындамаған жағдайда жауапты болады.

7.12. Тараптар нақты мерзiмдерiн және орындауға жауаптыларды көрсете отырып, қабылданған мiндеттемелердi iске асыру бойынша iс-шаралар жоспарын әзiрлейдi, оны Комиссия бекiтедi.

7.13. Комиссияның жұмыс тобы Келiсiмнiң орындалу барысы туралы ақпарат дайындайды. Келiсiмнiң орындалу барысын Комиссия жарты жылда бiр рет қарайды.

7.14. Тараптар облыстық үшжақты комиссияның қызметiн және Келiсiмдi iске асыру барысын жариялау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтiк әрiптестiктi дамытуға және облыстағы әлеуметтiк-еңбек қатынастары проблемаларына арналған материалдардың үнемi жарияланып тұруын қамтамасыз етедi.

7.15. 2018 жылғы «1» наурыз Көкшетау қаласында үш данада мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жасалды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсысында Келiсiмнiң бiр-бiр данасы болады.

Осы облыстық Келiсiмге мыналар қол қоюшылар:

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң атынан:

Ақмола облысы әкiмiнiң

орынбасары

_______________ О.А. Бектенов

Жұмыскерлердiң облыстық бiрлестiктер iатынан:

Ақмола облысы

Кәсiподақтар орталығының төрағасы

_______________ К.С. Рахметов

Жұмыс берушiлердiң облыстық бiрлестiктерiнiң атынан:

Ақмола облысы кәсiпкерлер палатасының директоры

_______________ К.А.Сұлтанов

Мақаланың шыққан күні: 23.05.2018 14:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.05.2018 14:59
Қаралым саны: 451