A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016 - 2018 жылдар) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 14 сәуiрдегi № 213 қаулысы

•Мәтiн

•Ресми жарияланым

•Ақпарат

•Өзгерiстер тарихы

•Сiлтемелер

•Екi тiлде

•Көшiру

•Қағазға шығару

Жинақталған:

•БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының үшiншi кезеңi (2016 — 2018 жылдар) (бұдан әрi — Жоспар) бекiтiлсiн.

2. Жоспарды орындауға жауапты мемлекеттiк органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:

1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;

2) жыл сайын, 20 қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсiн.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi жыл сайын, 10 ақпанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiне жүктелсiн.

5. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi                                                                                                              К.Мәсiмов

Жүктеу (DOCX 56 Kb)

Дата создания статьи: 26.12.2017 13:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2017 13:08
Қаралым саны: 487

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz