A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүгедектің жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы

Мүгедектiң жұмыс орны
стандарттарын бекiту туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кресло-арбамен жүрiп-тұратын мүгедектiң жұмыс орны стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Көру қабiлетiнен толық айырылған мүгедектiң жұмыс орны стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Есту қабiлетiнен толық айырылған мүгедектiң жұмыс орны стандарты бекiтiлсiн.

2. «Мүгедектiң жұмыс орны стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 30 қарашадағы № 910 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12854 болып тiркелген, «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде 2016 жылғы 20 қаңтарда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Әлеуметтiк қызметтер департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) тiркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оның көшiрмесiнiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi бiр данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшiн «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жiберудi;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiн мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберудi;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Заң қызметi департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму вице-министрi С.Қ. Жақыповаға жүктелсiн.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрi                                                                                                 Т. Дүйсенова

Жүктеу (DOC 181 Kb)

Дата создания статьи: 26.12.2017 10:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2017 10:41
Қаралым саны: 476

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz