A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 13 мамырда № 11038 тiркелдi

•Мәтiн

•Ресми жарияланым

•Ақпарат

•Өзгерiстер тарихы

•Сiлтемелер

•Екi тiлде

•Көшiру

•Қағазға шығару

«Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтiк қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтiк қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтiк қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарты;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтiк қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарты бекiтiлсiн.

2. Әлеуметтiк қызметтер департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарда және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберудi;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму вице-министрi С.Қ. Жақыповаға жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк
даму министрi                                                                                                               Т. Дүйсенова

КЕЛIСIЛДI
Қазақстан Республикасының
Бiлiм және ғылым министрi
____________ А. Сәрiнжiпов
2015 жылғы 7 сәуiр

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 165 бұйрығына 1-қосымша

Халықты әлеуметтiк қорғау саласында стационарлық жағдайда
арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

1. Халықты әлеуметтiк қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарты (бұдан әрi — стандарт) «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.

2. Осы стандарт стационарлық жағдайда тәулiк бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес меншiк нысанында стационарлық үлгiдегi ұйымдарда арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудiң көлемiн және шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптарды белгiлейдi, медициналық-әлеуметтiк ұйымдар (бұдан әрi — МӘҰ) қызметiнiң тәртiбiн, медициналық-әлеуметтiк ұйымдарға:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларды (бұдан әрi — балалар);

2) тiрек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды (бұдан әрi — ТҚА бұзылған балалар);

3) психоневрологиялық аурулары бар он сегiз жастан асқан мүгедектердi (бұдан әрi — он сегiз жастан асқан адамдар);

4) бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi (бұдан әрi — мүгедектер);

5) егде жасына байланысты өзiне қызмет көрсетуге мүмкiндiгi жоқ адамдарға (бұдан әрi — қарттар) МӘҰ қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жiберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.

Жоғарыда аталған санаттар бiрлесiп қызмет алушылар болып аталады.

3. Стационар жағдайында қызмет алушылардың тәулiк бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейiнгi мерзiмге) тұруына арналған медициналық-әлеуметтiк мекемелер (ұйымдар) стационарлық үлгiдегi ұйымдар (бұдан әрi — стационарлық үлгiдегi ұйымдар) болып танылады.

4. Осы стандартты меншiк нысанына қарамастан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн барлық субъектiлер сақтайды.

5. Қызмет көрсетумен байланысты шығындар бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.

6. Стационарлық үлгiдегi ұйымдар:

1) мыналардың:

барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгi, оның iшiнде арнайы бiлiм беру түзету ұйымдарының арнайы (қосымша) сыныптарында оқуды қиындататын жүрiп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегiнсiз қозғалып жүре алмайтын, өзiне-өзi қызмет көрсете алмайтын, жеке күтiмдi қажет ететiн) болуы;

барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгiмен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдiгi (нашар есту), оның iшiнде мамандандырылған мектеп интернаттардың қосымша сыныптарында оқуды қиындататын жүрiп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының болуы;

жарыместiгi болғанда айына төрт реттен жиi емес ұстамасы бар (оның iшiнде симптоматикалық) эпилепсия;

өнiмдi симптоматикасыз дефектiсi айқын бiлiнетiн шизофрения;

бас миының органикалық зақым алғаннан кейiнгi жарыместiгi салдарынан стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi балалардың.

Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда балалардың тұруына медициналық қарсы көрсетiлiмдер:

өнiмдi симптоматикасы бар шизофренияның;

жиi ұстамалы (айына бес реттен артық), жиi ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есi қарауытқан, дисфорияға бейiм эпилепсияның;

кез келген нозологиялық тиiстiлiк шеңберiндегi психопатияға ұқсас симптоматиканың;

балалар мен айналасындағылар үшiн қауiптi, мiнез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың;

белсендi процесс сатысындағы туберкулездiң, карантиндiк инфекциялар, терi мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (бұдан әрi — ЖИТС);

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеудi қажет ететiн басқа да аурулардың болуы болып табылады.

2) стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге мұқтаж интеллектiсi сақталған, үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi ТҚА бұзылған балалардың.

ТҚА бұзылған балалардың стационарлық үлгiдегi ұйымдарда тұруына медициналық қарсы көрсетiлiмдер:

психикалық аурулардың;

барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгiнiң;

жиi эпилептиформалық ұстамалардың (айына бес реттен артық);

мiнез-құлықтың психоұқсас бұзылушылықтарының;

қайтымсыз гидроцефалияның;

жiтi психотикалық симптоматикалы нашақорлық пен алкоголизмнiң;

мiнез-құлықтың психоұқсас түрлерi мен (немесе) интеллектiлiк-мнестикалық бұзылушылықтарының;

белсендi процесс сатысындағы туберкулездiң, карантиндiк инфекциялардың, терi мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тiң;

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеудi қажет ететiн басқа да аурулардың болуы болып табылады.

3) мыналардың:

барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгi, оның iшiнде жүрiп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегiнсiз қозғалып жүре алмайтын, өзiне-өзi қызмет көрсете алмайтын, жеке күтiмдi қажет ететiн адамдар) болуы;

барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгiмен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдiгi (нашар есту), оның iшiнде жүрiп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының болуы;

жiтi психотикалық симптоматикасының болмауымен, жарыместiгi немесе психикалық кемiстiгiнiң өрескел көрiнуiмен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлерi;

психотикалық симптоматикасы күшеюден тыс, жеке адам дефектiсi айқын бiлiнетiн шизофрения;

жарыместiк белгiлерi мен айына төрт реттен артық емес тырыспа және эквиваленттерi бар эпилепсияның түрлi нысандары;

жарыместiк белгiлерi бар бас мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулездi менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисi және т.б.);

айқын бiлiнетiн жарыместiк белгiлерi бар тұрақты алкоголизм;

айқын бiлiнетiн психомоторлық мазасыздығы жоқ және есiнiң өзгеру жай-күйiнiң ұзақ немесе қайталанатын жарыместiк белгiлерi жоқ қан-тамыр және сенильдiк аурулар салдарынан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар он сегiз жастан асқан бiрiншi, екiншi топтағы адамдардың.

Он сегiз жастан асқан адамдардың стационарлық үлгiдегi ұйымдарда тұруына медициналық қарсы көрсетiлiмдер:

белсендi процесс сатысындағы туберкулездiң, карантиндi инфекциялардың, терi мен шаштың жұқпалы ауруларының, ЖИТС-тiң, жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың;

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеудi қажет ететiн басқа да аурулардың;

жiтi және қатты сатыдағы психикалық аурулардың;

созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайының;

айқын бiлiнетiн психотиялық симптоматикамен, қызығушылығы мен мiнез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетiлетiн адамның өзiне және айналасындағыларға қауiптi психикалық аурулардың, атап айтқанда мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеудi талап ететiн ұстамалы түрдегi немесе жиi өршiмелi немесе аурудың жиi декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендтi өтетiн кез келген психикалық аурулардың;

эпилепсия және басқа этиологиядағы жиi ұстамалы (айына бес реттен артық), жиi ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есi қарауытқан, дисфорияға бейiм тырыспалы синдромның;

тұрақты алкоголизм, нашақорлық, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерiнен асқынған басқа да психикалық аурулардың;

түрлi генездегi айқын бiлiнетiн депрессиялық және қияли жай-күйлер, созылмалы реактивтi жай-күйлердiң;

айқын бiлiнетiн психопатқа ұқсас синдромдар, эксплозивтi, параноидтi, паранояльдiк, қояншық ауруларының болуы болып табылады.

4) «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (бұдан әрi — Кодекс) сәйкес өздерiнiң ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға мiндеттi еңбек етуге қабiлеттi кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективтi себептер бойынша (бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектiгiнiң, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуiне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшiн — егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтiммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабiлеттi кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзiне-өзi қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектердiң;

5) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген зейнеткерлiк жасқа жеткен, өзiне қызмет көрсете алмайтын және «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес өздерiнiң ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға мiндеттi еңбек етуге қабiлеттi кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективтi себептер бойынша (бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектiгiнiң, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуiне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшiн — егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтiммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабiлеттi кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар қарт адамдардың тәулiк бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейiнгi мерзiмге) тұруына арналған.

Мүгедектер мен қарттардың стационарлық үлгiдегi ұйымдарда тұруына:

белсендi процесс сатысындағы туберкулездiң;

психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезiндегi невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлердi, ақыл-ес кемiстiгi мен жеке басының айқын бiлiнетiн өзгеруi жоқ, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бiр реттен артық емес) этиологиясы әртүрлi тырыспалы синдромдарды қоспағанда);

карантиндiк инфекциялардың, терi мен шаш жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тiң, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеудi қажет ететiн аурулардың болуы медициналық қарсы көрсетiлiмдер болып табылады.

7. Стационарлық үлгiдегi ұйым заңды тұлға болып табылады, оны құрылтайшы құрады және өз қызметiн құрылтай құжаттарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

8. Стационарлық үлгiдегi ұйымдар:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтiк мекеме (ұйым);

2) психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтiк мекеме (ұйым);

3) қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтiк мекеме (ұйым);

4) тiрек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтiк мекеме (ұйым);

5) тәулiк бойы тұру жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрiнде құрылады.

2. Стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мiндеттерi мен функциялары

9. Стационарлық үлгiдегi ұйымдардың негiзгi мiндеттерi:

1) қызмет алушыларға үй жағдайына жақындатылған, жасы мен денсаулық жағдайына барынша барабар тыныс-тiршiлiк жағдайын жасау;

2) стационар жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызметтердi осы стандартта белгiленген көлемге сәйкес көрсету;

3) қызмет алушылардың жеке қажеттiлiктерiн ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және кiрiгу деңгейiн арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету;

4) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру;

5) кемсiтушiлiктiң барлық түрлерiнен, физикалық және психикалық күш көрсетуден, қорлаудан, дөрекiлiктен қорғау болып табылады.

10. Стационарлық үлгiдегi ұйымдардың негiзгi функциялары:

1) қызмет алушыларды қабылдау және олардың ауруларын, жағдайының ауырлығын, жасын ескере отырып орналастыру, оларды жаңа жағдайға бейiмдеу бойынша iс-шаралар жүргiзу;

2) қызмет алушылардың жеке басының қол сұғылмаушылығы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

3) стационарлық үлгiдегi ұйымдарда қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;

4) осы стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтiк-оңалту iс-шараларын жүргiзуге бағытталған қажеттi арнаулы әлеуметтiк қызметтер кешенiн ұсыну арқылы қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсету;

5) қызмет алушылардың тұру жағдайларын жақсарту, келушiлердi қабылдау жағдайларын қамтамасыз ету;

6) қызмет алушылардың жеке және құнды заттарының сақталуын қамтамасыз ету;

7) қызмет алушыларды және олардың отбасы мүшелерiн арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң көлемi мен түрлерi, стационарлық үлгiдегi ұйымдардағы iшкi тәртiп ережесi туралы хабардар ету;

8) еңбектi ұйымдастыруды жетiлдiру және персоналдың бiлiктiлiгiн арттыру;

9) қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж қызмет алушыларға қатысты стационарлық үлгiдегi ұйымның әкiмшiлiгiне жүктелген қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын Кодекстiң 122-бабының 4-тармағында, 125-бабында белгiленген тәртiппен орындау;

10) стационарлық үлгiдегi ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметiн жүзеге асыру;

11) стационарлық үлгiдегi ұйымдардың құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып табылады.

3. Стационарлық үлгiдегi ұйымға қабылдау шарттары

11. Бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету үшiн қызмет алушыларды стационарлық үлгiдегi ұйымдарға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдары (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша аудандық (қалалық) уәкiлеттi жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органдары арқылы жүзеге асырады.

12. Арнаулы әлеуметтiк қызмет бюджет қаражаты есебiнен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк емес меншiк нысанындағы стационарлық үлгiдегi ұйымдар қызмет алушыларды қабылдауды шарт негiзiнде жүзеге асырады.

13. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдi көлемiн ұсыну үшiн өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жерi бойынша ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына мынадай құжаттарды беру жолымен жүгiнедi:

1) қызмет алушының жазбаша өтiнiшi, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабiлетсiз адамдар үшiн — заңды өкiлiнiң (ата-анасының бiреуiнiң, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешiнiң және «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес қамқор болуды, бiлiм берудi, тәрбиелеудi, баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегiз жастан асқан адамның) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтiнiшi немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;

2) қызмет алушының жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

3) мүгедектiк туралы анықтаманың көшiрмесi (қарттар үшiн талап етiлмейдi);

4) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;

5) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрме (қарттар үшiн талап етiлмейдi);

6) он сегiз жастан асқан адамдар үшiн — соттың адамды әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы шешiмiнiң көшiрмесi (болған кезде);

7) зейнеткерлiк жастағы адамдар үшiн — зейнетақы куәлiгiнiң көшiрмесi;

8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар үшiн — Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегi және оларға теңестiрiлген адам мәртебесiн растайтын куәлiктiң көшiрмесi.

Аудандық (қалалық) уәкiлеттi жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органы ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар) жергiлiктi атқарушы органы арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну туралы шешiм шығарғаннан кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға стационарлық үлгiдегi ұйымға жолдама беру туралы сұрау салу жолдайды. Уәкiлеттi орган стационарлық үлгiдегi ұйымға жолдама беру туралы сұрау салуды алған сәттен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде аудандық (қалалық) уәкiлеттi жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органына стационарлық үлгiдегi ұйымда кезектiлiк болмаған жағдайда жолдама не кезекке қою туралы хабарлама жiбередi.

Егер кезекке қою туралы хабарлама берiлген күннен бастап бiр айдан астам уақыт өтсе, онда жолдаманы ресiмдеу кезiнде аудандық (қалалық) уәкiлеттi жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар орган алушыны қайтадан медициналық тексерiп-қараудан өту қажеттiгi және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсыну туралы хабардар етедi. Қызмет алушыда медициналық қарсы көрсетiлiмдер болған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органның арнацлы әлеуметтiк қызметтер ұсыну туралы шешiмi қызмет алушы онда медициналық қарсы көрсетiлiмнiң жоқ екенi туралы куәландыратын осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсынғанға дейiн тоқтатыла тұрады.

Уәкiлеттi органнан жолдама алған сәттен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша аудандық (қалалық) уәкiлеттi жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органы бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсынатын стационарлық үлгiдегi ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:

1) жергiлiктi атқарушы органның арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну туралы шешiмi;

2) уәкiлеттi органның жолдамасы (арнаулы әлеуметтiк қызметтердi бюджет қаражаты есебiнен ұсынған кезде);

3) қызмет алушының ЖСН-i бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

4) мүгедектiк туралы анықтаманың көшiрмесi (қарттар үшiн талап етiлмейдi);

5) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;

6) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрме (қарттар үшiн талап етiлмейдi);

7) он сегiз жастан асқан адамдар үшiн — соттың адамды әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы шешiмiнiң көшiрмесi (болған кезде);

8) зейнеткерлiк жастағы адамдар үшiн — зейнетақы куәлiгiнiң көшiрмесi;

9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар үшiн — Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегi және оларға теңестiрiлген адам мәртебесiн растайтын куәлiктiң көшiрмесi.

Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж он сегiз жастан асқан адамдарды және (немесе) үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi балаларды стационарлық үлгiдегi ұйымның әкiмшiлiгiне тапсырған кезде заңды өкiлдерiнiң бiрi (ата-анасының бiреуi, қамқоршы, қорғаншы, асырап алушы, патронат тәрбиешi және «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес қамқор болуды, бiлiм берудi, тәрбиелеудi, баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдар, он сегiз жастан асқан адамдар) мынадай құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады:

он сегiз жастан асқан адамдар үшiн — ЖСН-i бар жеке басын куәландыратын құжат, соттың адамды әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы шешiмi (болған кезде);

балалар үшiн — ЖСН-i бар туу туралы куәлiк және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) бекiтiлген нысан бойынша профилактикалық егу картасы.

14. Құжаттардың көшiрмелерi түпнұсқаларымен бiрге ұсынылады, салыстырып тексерiлгеннен кейiн медициналық картадан басқасы өтiнiш берушiге қайтарылады.

4. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда тұру жағдайлары

15. Стационарлық үлгiдегi ұйымдар санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiгiне, оның iшiнде өрт қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарға сәйкес келедi.

16. Құрылтайшы стационарлық үлгiдегi ұйымдарды қазiргi заманғы техникамен жабдықталуын қамтамасыз етедi.

17. Стационарлық үлгiдегi ұйымдардың ғимараты құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес онда тұру ыңғайлылығы мақсатында, оған кедергiсiз кiрiп-шығуды, орынжай iшiнде және ғимаратқа iргелес жатқан аумақта жүрiп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталады.

18. Қызмет алушылар бөлмелерге денсаулық жағдайына, жасы, жынысы және психологиялық үйлесiмдiлiгi ескерiлiп орналастырылады. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда тұратындар қатарындағы ерлi-зайыптыларға бiрге тұру үшiн жеке орынжай бөлiнедi.

19. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда тұру тәртiбi стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы бекiтетiн iшкi тұру тәртiбi ережесiнде айқындалады.

20. Қызмет алушылардың стационарлық үлгiдегi ұйымдарда уақытша болу жағдайында тұруы стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы қызмет алушымен не оның заңды өкiлiмен жасасатын келiсiмшартпен ресiмделедi, онда уақытша болу мерзiмi, қызметтердiң көлемi мен түрлерi айқындалады.

5. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтiк қызметке

сұранысын айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзiрлеу

21. Арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi (түрлерi мен көлемiн) әлеуметтiк қызметкерлер, дәрiгерлер, педагогтар және стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандары (бұдан әрi — стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандары) айқындайды. Стационарлық үлгiдегi ұйым персоналының штаттық нормативтерi бюджет қажеттiлiктерi мен мүмкiндiктерi ескерiлiп, осы стандартқа 3-қосымшада белгiленген стационарлық үлгiдегi ұйымдардағы персоналдың ең аз штаттық нормативтерi сақтала отырып қалыптастырылады.

22. Қызмет алушылардың қажеттiлiгiн бағалау негiзiнде мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандары әрбiр қызмет алушыға бiр жыл мерзiмге осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрi — жеке жоспар) әзiрлейдi.

23. Қызмет алушылардың жеке жоспарлары қызмет алушыларды стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандары бақылағаннан кейiн стационарлық үлгiдегi ұйымға түскен күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап бiр күн iшiнде әзiрленедi, кейiнгi бес жұмыс күнi iшiнде толтырылады және стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы бекiтедi.

24. Жеке жоспарда көрсетiлген оңалту iс-шараларын стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандары жеке жоспарда бекiтiлген мерзiмде жүргiзедi.

25. Қызмет алушылардың жай-күйiндегi өзгерiстердi стационарлық үлгiдегi ұйымның мамандары тоқсан сайын (қажет болғанда ай сайын) қарауға тиiс.

26. Өткiзiлген iс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандары осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспардың (мониторингтiң) орындалуы жөнiндегi журналда/электрондық картотекада (бұдан әрi — журнал/электрондық картотека) көрсетедi. Журнал/электрондық картотека әрбiр қызмет алушыға жеке жүргiзiледi.

27. Стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандары мониторинг қорытындысы бойынша қажет болғанда қызмет алушылардың жеке жоспарларын түзетедi.

28. Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман жеке жоспарды және журналды/электрондық картотеканы әзiрлеу жөнiндегi жұмысты үйлестiредi, олардың сапалы толтырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

29. Стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандарының жұмыс сапасын стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы немесе уәкiлеттi орган:

1) отбасыларға қайтарылған (берiлген) және (немесе) жартылай стационарлық және үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызметтер алатын;

2) тұрмыстық және еңбек қызметiне тартылған қызмет алушылар санының алдыңғы жылғымен салыстырғанда көбеюi бойынша бағалайды.

30. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарға қажеттi мамандар болмаған жағдайда жеке жоспарды әзiрлеу, оңалту iс-шараларының немесе консультациялардың нәтижелiгiн бағалау үшiн келiсiмшарт негiзiнде басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға болады.

31. Стационарлық үлгiдегi ұйымның әрбiр маманы лауазымдық нұсқаулыққа және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге қатысады.

Оңалту iс-шараларының нәтижелерi тоқсан сайын журналға/электрондық картотекаға белгiленiп отырады.

32. Стационарлық үлгiдегi ұйымның әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маманы ай сайын аурудың терминалды (соңғы) сатысында тұрған паллиативтiк көмек қызметi мен мейiрбикенiң күтiмi қажет жазылмайтын ауруларды анықтау мониторингiн жүргiзедi.

33. Стационарлық үлгiдегi ұйымның әкiмшiлiгi стационарлық үлгiдегi ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтiк мiндеттердiң сапалы орындалуына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.

6. Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету шарттары

34. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсетуге:

1) денсаулық жағдайына байланысты әдеттегi, оның iшiнде, төсектен тұру, төсекке жату, киiну және шешiну, жуыну, тамақ iшу, сусын iшу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тiсiн немесе жағын күту, көзәйнектi немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кiсiлерге — сақал-мұртын алу сияқты күнделiктi рәсiмдердi орындауға қабiлетсiз қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтердi көрсету;

2) тұрғын жай беру, оның iшiнде бiр балаға, ТҚА бұзылған балаға кемiнде төрт шаршы метр және он сегiз жастан асқан адамға, мүгедекке, қартқа кемiнде бес шаршы метр жатын бөлмелерiн беру;

3) оңалту, емдеу, бiлiм беру, мәдени iс-шараларына, дiни рәсiмдердi жасауға, емдiк еңбек қызметiн ұйымдастыруға, өзiне-өзi қызмет көрсету дағдыларын, тұрмыстық бағдарлау негiздерiне үйретуге арналған жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;

4) денсаулық жағдайына байланысты жұмыс iстеуге болатын мүгедектерге және он сегiз жастан асқан адамдарға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру үшiн жағдай жасау;

5) бөгде адамның көмегiне сүйенбей тұрмыстық мұқтаждықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бейiмделген орынжайлар мен айлабұйымдар ұсыну;

6) дағдарыс палаталарын, паллиативтiк көмек палаталарын (бөлiмшелерiн) жасау үшiн интенсивтiк күтiм және терапия жүргiзуге арналған жабдықтармен жабдықталған орынжайлар ұсыну;

7) отбасында тұратын және уақытша арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларға жергiлiктi атқарушы орган бекiткен тәртiппен ақылы келiсiмшарт негiзiнде стационар жағдайында уақытша (алты айға дейiн) болу үшiн орынжайлар ұсыну;

8) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнiнде қызметтер көрсету;

9) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 69-бабының 2-тармағына сәйкес бекiтiлген интернат үйлерiнде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтiк қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарында қызмет көрсетiлетiн адамдар үшiн заттай тамақтану нормаларына сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса алғанда, тамақ ұсыну;

10) осы стандартқа 6-қосымшада көзделген көлемнен кем емес жұмсақ мүкәммал беру;

11) тұрмыстық қызметпен қамтамасыз ету (кiр жуу, кептiру, үтiктеу, iш киiмдi, киiмдi, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау);

12) қалалық телефон байланысы қызметiн ұсыну;

13) емдеуге, оңалтуға, оқуға, мәдени және тынығу iс-шараларына қатысу үшiн тасымалдау кезiнде көлiк қызметiн ұсыну;

14) хат жазуға және оқуға көмек көрсету;

15) әдеттегi шаштараздарда қызмет көрсету қиын немесе мүмкiн болмайтын жағдайларда қызмет алушыларға шаштараз қызметiн көрсету;

16) жерлеу қызметiн ұйымдастыру (қайтыс болған туыстары (заңды өкiлдерi) болмаған немесе олар жерлеумен айналысқысы келмеген кезде) жатады.

35. Әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:

1) берiлетiн тұрғын үй орынжайлары көлемi мен басқа да көрсеткiштерi бойынша (ғимараттар мен орынжайлардың жай-күйi, олардың жайлылығы) санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың тұруына қолайлылықты қамтамасыз етедi.

Тұрғын орынжайларға (бөлмелерге) қызмет алушыларды орналастыру кезiнде олардың денсаулық жағдайы, жас ерекшелiктерi, физикалық және психикалық хал-жайы, әдеттерi, психологиялық үйлесiмдiлiгi, жеке даму және әлеуметтену деңгейi ескерiледi;

Барлық тұрғын, қызметтiк және өндiрiстiк орынжайлар санитарлық нормалар мен ережелерге, қауiпсiздiк талаптарына, өртке қарсы талаптарға жауап беретiн телефон байланысымен жабдықталады және коммуналдық-тұрмыстық жабдықталудың барлық құралдарымен қамтамасыз етiледi және қызмет алушыларға олардың талаптары бойынша көрсетiледi. Орынжайлар персоналдың, қызмет алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердiң сапасына керi әсер ететiн әртүрлi факторлардың әсерiнен (ауаның жоғары температурасынан, ауа ылғалдығынан, шаң-тозаңнан, дiрiлден және тағы да басқа қолайсыз жағдайлардан) қорғалған болады.

Оңалту iс-шараларын, емдеу-еңбек және бiлiм беру қызметiн, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетудi ұйымдастыру үшiн ұсынылатын орынжайлар көлемi, орналасуы мен конфигурациясы бойынша қызмет көрсетiлетiн қызмет алушылардың ерекшелiгiн ескере отырып, жоғарыда аталған барлық iс-шараларды өткiзудi қамтамасыз етiледi;

2) стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандарының кабинеттерi қажеттi жиһазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады.

әрбiр мамандандырылған кабинетке ерiктi нысанда ресiмделген паспорт толтырылады;

3) қызмет алушылардың пайдалануына берiлетiн жиһаз, жабдық, жұмсақ мүкәммал Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес болады;

4) қызмет алушылардың пайдалануына берiлетiн жиһаз бен төсек-орын жабдықтары қызмет алушылардың физикалық жай-күйiн және жасын ескере отырып таңдалып, заманауи дизайн талаптарына жауап бередi;

5) қызмет алушыларға берiлетiн киiм, аяқ киiм, iш киiм және бiрiншi қажеттiлiктегi басқа да заттар киюге ыңғайлы, қызмет алушылардың жынысына, бойы мен өлшемдерiне сәйкес келедi, мүмкiндiгiнше олардың сұраған фасоны мен түсiне, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап бередi;

6) ыстық тамақ, оның iшiнде диеталық тағамдар сапалы тағамдардан әзiрленуге, теңгерiмдiлiгi мен калориялық талаптарына жауап бередi, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескерiп ұсынылады.

Стационарлық үлгiдегi ұйымдардың басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзiрдi және екiншi аптаға перспективалық мәзiрдi бекiтедi;

7) бақылаудағы, төсек режимiндегi және денсаулық жағдайына байланысты өзiн-өзi күтудiң қарапайым рәсiмдерiн орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсету олардың денсаулығына қандай да бiр зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындалады (мұндай қызметтi көрсету кезiнде қызмет көрсетушi персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылық танытуы қажет);

8) шаштараз қызметiн көрсету санитарлық-гигиеналық талаптар сақтала отырып арнайы жабдықталған кабинеттерде жүзеге асырылады;

9) созылмалы дамушы аурулар жағдайындағы немесе терминалды (соңғы) даму сатысындағы он сегiз жастан асқан адамдарды, мүгедектердi, қарттарды үздiксiз бақылау мақсатында паллиативтi көмек палаталары (бөлiмшелерi) құрылады;

10) өзiне дене зақымын келтiруi мүмкiн және (немесе) айналасындағыларға қауiп тудыруы мүмкiн және осы себептермен қосымша күтiмге, күшейтiлген бақылауға және (немесе) шұғыл медициналық көмекке мұқтаж балалар мен он сегiз жастан асқан адамдар үшiн дағдарыс палаталары (бөлiмшелерi) құрылады;

11) жеке және әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге мүмкiндiк беретiн қол шеберлiгi мен еңбек дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ жұмыс орындарын ұйымдастыру үшiн қызмет алушылардың ауруының және/немесе мүгедектiгiнiң сипаты, физикалық жай-күйi ескерiлiп, тиiстi жағдай жасалады және тәрбиелеу мен оқыту процесiнде оларға қажеттi жайлылықты қамтамасыз етедi;

12) балаларды және он сегiз жастан асқан адамдарды өзiне-өзi қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдарлау (ас әзiрлеу, дастархан жасау, ыдыс жуу, бөлменi/орынжайды күту және өзге де дағдылар) негiздерiне үйрету үшiн қажеттi тұрмыстық техникамен және жиһазбен жабдықталған әлеуметтiк-тұрмыстық бағдарлы кабинеттер құрылады;

13) қызмет алушыларды емдеу, оқыту, мәдени iс-шараларға қатысу үшiн автомобиль көлiгiмен тасымалдау кезiнде автокөлiк құралдарын пайдалану нормативтерi мен ережелерi, жол жүру қауiпсiздiгiнiң талаптары сақталады;

14) тұрмыстық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету (iш киiмдi, киiмдi, төсек-орын жабдықтарын жуу, кептiру, үтiктеу, дезинфекциялау) сапа талаптары мен оның уақтылығына жауап бередi;

15) дiни ғұрыптарды орындау үшiн жағдай жасау кезiнде қызмет алушылардың дiни наным-сенiмi, жасы, жынысы, физикалық жай-күйi, әртүрлi концессияларда қабылданған дiни салттардың ерекшелiгi қатаң түрде ескерiледi;

16) жерлеу қызметiн ұйымдастыру қайтыс болған қызмет алушының дiни наным-сенiмi ескерiлiп жүзеге асырылады.

36. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда көрсетiлетiн әлеуметтiк-медициналық қызмет көрсетуге:

1) медициналық-әлеуметтiк тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу (қажет болған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);

2) дәрiгерге дейiн көмек көрсету;

3) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу;

4) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға жәрдемдесу;

5) дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша дәрi-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

6) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

7) қызмет алушыларға техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдарды және мiндеттi гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;

8) мүгедектердiң жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес протездiк-ортопедиялық және есту-протездiк көмек алуына жәрдемдесу;

9) әлеуметтiк-медициналық мәселелер бойынша, оның iшiнде жасына қарай бейiмделу мәселелерi бойынша консультация беру;

10) арнайы маманның, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруiне жәрдемдесу;

11) денсаулыққа байланысты рәсiмдердi жүргiзу (дәрi-дәрмек қабылдау, дәрi тамшылату және басқа рәсiмдер);

12) емдiк-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету;

13) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргiзу;

14) денсаулық жағдайына байланысты қызмет алушылардың күтiмiн қамтамасыз ету;

15) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;

16) санитарлық-гигиеналық қызметтердi көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру);

17) денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және iлесiп жүруге жәрдемдесу;

18) емдеу-сауықтыру iс-шараларын, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымдарында ұйымдастыру;

19) әлеуметтiк-медициналық сипаттағы оңалту iс-шараларын, оның iшiнде дәрi-дәрмектiк емес терапия қызметiн жүргiзу;

20) диспансеризациядан өтуiн ұйымдастыру;

21) емдеушi дәрiгердiң тағайындауына сәйкес медициналық рәсiмдердi жүргiзу (терi асты және бұлшық етке дәрiлiк препараттарды жiберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлердi, жарақат бетiн тазалау; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарды алу, катетердi және басқа да медициналық бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету);

22) медициналық көрсетiлiмдер мен жас ерекшелiктерiне қарай «денсаулық топтарын» қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру;

23) балаларға, он сегiз жастан асқан адамдарға, қарттар мен мүгедектерге паллиативтiк көмек қызметтерiн көрсету;

24) балаларға және он сегiз жастан асқан адамдарға психиатриялық, психотерапевтикалық көмек қызметтерiн көрсету жатады.

37. Әлеуметтiк-медициналық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:

1) қызмет алушылардың әлеуметтiк-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсетiлiмдерiн, физикалық және психикалық жай-күйiн ескерiп, қызметтердiң уақтылы және қажеттi көлемде ұсынылуын қамтамасыз етедi;

2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық медициналық рәсiмдер мен iс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етедi;

3) қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескерiп стационарлық үлгiдегi ұйымдарда күтудi қамтамасыз ету қызмет алушының денсаулық жағдайын күнделiктi бақылау (дене ыстығын, артериалдық қысымын өлшеу және т.б.), емдеушi дәрiгерлердiң тағайындауына сәйкес дәрi-дәрмек беру, қызмет алушының қозғалуына (қажет болғанда) және басқа да әрекетiне көмектесу сияқты қызметтердi қамтиды;

4) медициналық рәсiмдердi (терi асты және бұлшық етке дәрiлiк препараттарды жiберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлердi, жарақат бетiн тазалау; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарды алу, катетердi және басқа да медициналық бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету), сондай-ақ денсаулыққа байланысты өзге рәсiмдердi (дәрi-дәрмек қабылдау, дәрi тамшылату және басқа рәсiмдер) жүргiзу қызмет алушыларға қандай да бiр зиян келтiрiп алмай, барынша мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;

5) дәрiгерге дейiн көмек көрсетудi ұйымдастыру уақтылы жүргiзiледi және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрi-дәрмектi дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрiгер келгенше оларды қабылдау тәртiбiн айқындауды қамтамасыз етедi;

6) психотерапевтiк көмек қызмет алушылардың өмiрлiк қиындықтары мен жеке бас шиеленiстерiнiң негiзiнде жатқан ауыр психологиялық жара салу немесе стресс жағдайларын жеңу, өмiрi мен тұрмысының өзгермелi әлеуметтiк-экономикалық жағдайына әлеуметтiк бейiмделу сияқты және басқа да проблемаларды тиiмдi шешуiне жәрдемдеседi;

7) емдеу-сауықтыру iс-шараларын ұйымдастыру қызмет алушылардың соматикалық жай-күйiн, оның жеке қажеттiлiктерi мен мүмкiндiктерiн ескере отырып жүргiзiледi;

8) қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызу немесе жатқызуға жәрдемдесу, сондай-ақ балаларға, қарттар мен мүгедектерге оларды емдеу-алдын алу мекемелерiне немесе санаторлық-курорттық емдеуге жiберуге жәрдемдесу жедел, уақтылы жүргiзiлуге тиiс және қатаң түрде медициналық көрсетiлiмдер бойынша жүзеге асырылады;

9) қамқоршылықтағы адамдарды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға жәрдемдесу және онда бiрге баруды әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман және (немесе) медицина қызметкерi жүзеге асырады;

10) әлеуметтiк-медициналық мәселелер жөнiнде консультация беру қызмет алушыларға, олардың алдында тұрған әлеуметтiк медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлi аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейiмделу, жасына байланысты өзгерiстер және т.б.) дұрыс түсiнуге және шешуге бiлiктi көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;

Қызмет алушылармен зиянды әдеттердiң алдын алу және олардан арылу, мүгедектердi отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөнiндегi жеке жұмыс зиянды әдеттердiң (алкоголь iшу, есiрткi пайдалану, темекi шегу және т.б.) қауiптiлiгiн, олар әкеп соғатын керi нәтижелердi түсiндiруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердiң алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажеттi ұсынымдар берiледi;

11) стационарлық үлгiдегi ұйымдарда паллиативтi көмек және мейiрбике күтiмi қызметтерi қажет болған сәттен бастап өмiрiнiң соңғы күнiне дейiн көрсетiледi.

Паллиативтi көмек палаталарында (бөлiмшелерiнде) дәрiгердiң ұйғарымы бойынша медициналық персоналдың (мейiрбике) тәулiк бойы бақылауы белгiленедi, күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкерлер тағайындалады, дәрi-дәрмекпен, құралдармен және техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық бұйымдар мен науқасы ауыр қызмет алушыны оңалту және күту құралдарына қажеттiлiк айқындалады.

Денсаулық сақтау ұйымдарымен паллиативтi көмек көрсету және мейiрбике күтiмi мәселелерi жөнiндегi өзара iс-әрекеттi әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман мен жетекшi дәрiгер жүзеге асырады;

12) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу, қызмет алушыларға «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес бекiтiлетiн тәртiппен организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуiн бағалау негiзiнде әлеуметтiк қорғау шараларына қажеттiлiктi айқындау мақсатында куәландырудан өту үшiн құжаттарды дайындауда көмек көрсету;

13) оңалту iс-шараларын жүргiзу қызмет алушылардың денсаулық жағдайына қарай жүзеге асырылады, әлеуметтiк-орта бағдарына және әлеуметтiк-тұрмыстық бейiмделуге және т.б. бағытталған өзi үшiн қолайлы медициналық iс-шаралар кешенiн орындауды қамтамасыз етедi;

14) емдiк-дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету қызмет алушылардың денсаулығын нығайту үшiн жүйелi орындау мақсатында олардың қолжетiмдi және денсаулыққа қауiпсiз дене жаттығулары кешенiн меңгеруiн қамтамасыз етедi;

15) диспансеризациядан өтудi ұйымдастыру денсаулық жағдайын тереңдетiп және жан-жақты тексеру үшiн қызмет алушылардың барлық ұйғарылған маман дәрiгерлерге баруын қамтамасыз етедi;

16) медициналық-әлеуметтiк тексерудi, бiлiктi консультация берудi ұйымдастыру, бастапқы медициналық тексерудi және бастапқы санитарлық тазалауды жүргiзу, дәрiгерге дейiнгi алғашқы көмек көрсету, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;

17) протездiк-ортопедиялық көмек, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдарды, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың практикалық қажеттiлiктерiне сәйкес жүзеге асырылады;

18) техникалық (орнын толтырушы) көмекшi құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздiгiнен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;

19) санитарлық-гигиеналық қызметтердi көрсету қызмет алушылардың денсаулық жағдайы мен хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседi, жағымсыз қолайсыздық сезiмiн жоюға мүмкiндiк бередi;

20) медициналық көрсетiлiмдер мен жас ерекшелiктерiне қарай «денсаулық топтарын» қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру қызмет алушылардың жеке қажеттiлiктерi мен олардың денсаулық жағдайларына қарай жүзеге асырылады;

21) дәрiгерлердiң ұйғарымдары бойынша дәрi-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардың ауруларының уақтылы алдын алуға және жоюға ықпал етедi;

22) арнайы мамандардың, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық консультация беруiне жәрдемдесу қызмет алушыларға бастапқы диагноз қоюды қамтамасыз етуге көмектеседi.

38. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда көрсетiлетiн әлеуметтiк-психологиялық қызметтерге:

1) психологиялық диагностика және жеке адамды тексеру;

2) әлеуметтiк-психологиялық патронаж (жүйелi бақылау);

3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстары;

4) психологиялық консультация беру;

5) шұғыл психологиялық (оның iшiнде телефон бойынша) көмек;

6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның iшiнде әңгiмелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңiлiн көтеру, белсендiлiкке ынталандыру;

7) психологиялық тренингтер;

8) қызмет алушыларды психологиялық түзету;

9) өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ өткiзу жатады.

39. Әлеуметтiк-психологиялық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:

1) психологиялық консультация беру қызмет алушыларға жанжалдың алдын алу және жою үшiн тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша бiлiктi көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;

Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпараттар мен туындаған әлеуметтiк-психологиялық проблемаларды онымен талқылау негiзiнде iшкi ресурстарды ашуға және жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседi;

2) қызмет алушылардың психологиялық диагностикасы стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы бекiтетiн психодиагностикалық пакет негiзiнде жүзеге асырылады.

Тұлғаны психодиагностикалау және тексеру қызмет алушылардың мiнез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететiн олардың психикалық жай-күйiн және жеке тұлғалық ерекшелiктерiн анықтау мен талдаудың нәтижесi бойынша түзету iс-шараларын жүргiзудiң болжамын жасау және ұсынымдарды әзiрлеу үшiн қажеттi ақпарат беруге тиiс;

3) белсендi психологиялық ықпал ретiнде психологиялық түзету қызмет алушылардың мiнез-құлқындағы, эмоционалдық жай-күйiндегi ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мiнез стереотипiнiң жайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар және мiнез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетудi қамтамасыз етедi, бұл аталған көрсеткiштердi жас нормалары мен әлеуметтiк орта талаптарына сәйкес келтiруге мүмкiндiк бередi;

4) белсендi психологиялық ықпал ретiнде психологиялық тренингтердiң психологиялық жара салу жағдайларының, нервтiк-психологиялық шиеленiстердiң салдарын жоюда, тұрмыс-тiршiлiктiң бейәлеуметтiк нысанын жеңушi адамдарды әлеуметтiк құнды нормаларға дағдыландырудағы, өзгермелi жағдайларға бейiмделу үшiн тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиiмдiлiгiмен бағаланады;

5) әлеуметтiк-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелi тексеру негiзiнде психикалық жайсыздық, тұлғалық (тұлғаiшiлiк) немесе тұлғааралық жанжал және қызмет алушылардың қиын өмiрлiк жағдайын одан әрi қиындата түсетiн басқа да жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға осы сәтте қажеттi әлеуметтiк-психологиялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;

6) қызмет алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақ өткiзуге тарту қызмет алушылардың жайсыздық жағдайынан шығуына, психикалық денсаулығын сақтау және нығайтуды, стреске төзiмдiлiгiн, ең алдымен тұлғааралық байланыс және қарым-қатынас саласында психологиялық мәдениет деңгейiн арттыруға көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;

7) шұғыл психологиялық көмек қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация берудi, дағдарыс жағдайынан шығу үшiн олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлiк ресурстарын жұмылдыруды, туындаған проблемаларды өздiгiнен шешу және қиындықтарды жеңу, өзiне деген сенiмiн нығайту үшiн қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесудi қамтамасыз етедi;

8) психологиялық алдын алу жұмысы мүгедектер мен қарттарда психологиялық бiлiмге және оларды өзiн түзеу және өз проблемаларымен жұмыс жүргiзу үшiн пайдалану ықыласына қажеттiлiгiн қалыптастыруға, тұлғаның әрбiр жас кезеңiнде толыққанды психикалық дамуы үшiн жағдай жасайды, тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ықтимал бұзылушылықтардың уақтылы алдын алуға жәрдемдеседi;

9) әңгiмелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, көңiлiн көтеру, белсендiлiкке ынталандыру, өмiрлiк тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзiмдiлiгi мен психикалық қорғалуын қамтамасыз етедi.

40. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегiз жастан асқан адамдарға әлеуметтiк-педагогикалық қызметтерге:

1) әлеуметтiк-педагогикалық консультация беру;

2) балалардың дене мүмкiндiктерi мен ақыл-ой қабiлеттерiне сәйкес арнайы оқу бағдарламалары бойынша бiлiм алуына жәрдемдесу;

3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алуына жәрдемдесу;

4) балаларды және он сегiз жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қол еңбегi дағдыларының негiздерiне үйрету;

5) өзiне-өзi қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзiн-өзi ұстауды, өзiн-өзi бақылауды, қарым-қатынас жасау дағдыларын және тыныс-тiршiлiктiң басқа да нысандарын қалыптастыру жөнiндегi қызметтер;

6) баланың, оның iшiнде ТҚА бұзылған баланың және он сегiз жастан асқан адамның жеке тұлғасына, даму деңгейiне педагогикалық диагностика жүргiзу және тексеру;

7) балаларды, оның iшiнде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзету;

8) балалардың дене мүмкiндiктерi мен ақыл-ой қабiлеттерiн ескере отырып, арнайы оқу бағдарламалары бойынша оларды оқытуды ұйымдастыру;

9) есту қабiлетi бұзылған балалар мен мүгедектердiң, сондай-ақ олардың ата-аналары мен басқа да мүдделi адамдардың ымдау тiлiн үйренуiне жәрдемдесу;

10) ымдау тiлiне аудару қызметтерi жатады.

41. Әлеуметтiк-педагогикалық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:

1) әлеуметтiк-педагогикалық консультация беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтiк-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсiнуде және шешуде бiлiктi көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;

2) адамды педагогикалық диагностикалау және тексеру заманауи аспаптарды, аппаратураны, тестiлердi пайдалана отырып жүргiзiледi және дағдарыс немесе шиеленiс жағдайына тап болған қызмет алушыға белгiленген диагнозына сәйкес тиiмдi педагогикалық көмек көрсету үшiн, балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегiз жастан асқан адамдардың зияткерлiк дамуын айқындау, олардың бейiмдiлiктерiн зерттеу және т.б. үшiн балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегiз жастан асқан адамдардың тұлғасын жан-жақты зерттеу негiзiнде оның жай-күйiнiң шынайы бағасын бередi;

3) балаларды және он сегiз жастан асқан адамдарды оқытуды ұйымдастыру бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, жеке қажеттiктер негiзiнде әзiрленетiн авторлық бағдарламалар (үлгiлер) бойынша қызмет алушылардың өзiне-өзi қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, қозғалу, сенсорлық және когнитивтiк дағдыларын қалыптастыру бойынша қызметтерге де жол берiледi.

Авторлық бағдарламалар (үлгiлер) қандай да бiр қызмет алушының тәрбие дағдыларын немесе оқу материалын қабылдау және меңгеруге қабiлеттiгiн ескере отырып құрылады;

4) әлеуметтiк дағдыларды қалыптастыру және түзеу-дамыта оқытуды жүргiзу үшiн балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен он сегiз жастан асқан адамдарды, олардың жас ерекшелiктерiн әлеуметтiк дағдылары мен когнитивтiк дамуын ескерiп, (үш жастан бес жасқа дейiн, алты жастан сегiз жасқа дейiн, тоғыз жастан он үш жасқа дейiн, он төрт жастан он сегiз жасқа дейiн, он сегiз жастан жиырма үш жасқа дейiн және қажеттiгiне қарай одан үлкен) топтарға, оларды кейiннен толықтыра отырып бөлу жүргiзiледi:

өзiне-өзi қызмет көрсетудiң және жеке гигиенаның қарапайым дағдылары болмаған жағдайда (өздiгiнен жүрiп-тұра алмайтын және өздiгiнен тамақтана алмайтын), үнемi бөгде адамның күтiмiне мұқтаж алты адамнан асырмай;

қалыптасқан (iшiнара қалыптасқан) өзiне-өзi қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болған жағдайда, үнемi бөгде адамның бақылауына мұқтаж сегiз адамнан асырмай;

қалыптасқан (iшiнара қалыптасқан) тұрмыстық дағдылары болған жағдайда он адамнан асырмай;

қалыптасқан қолымен жұмыс iстей алу дағдылары болған жағдайда он екi адамнан асырмай (еңбек бағдары бағдарламасын iске асыруға арналған топ алты адамнан тұратын кiшi топтарға бөлiнедi) бөлiнедi.

Арнайы оқу бағдарламалары бойынша бiлiм алуға жәрдемдесу балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен он сегiз жастан асқан адамдарды оқыту нысанын айқындауды және олардың әлеуметтiк-педагогикалық бейiмсiздену дәрежесiн, бiлiм деңгейiн, физикалық және психикалық жағдайын ескере отырып, оқытуды ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетудi қамтиды.

5) тұрмыстық бағдар негiздерiне оқыту көрнекi және тиiмдi болып табылады, нәтижесiнде қызмет алушылар ас әзiрлеу, киiмдi ұсақ жөндеу, тұрғын орынжайды күту, аумақты тазалау және жайластыру және т.б. сияқты тұрмыстық рәсiмдердi толық көлемде үйренедi;

6) ымдау тiлiн игеруге жәрдемдесу және ымдау тiлiне аудару жөнiндегi қызметтер қызмет алушылардың стационарлық үлгiдегi ұйымның мамандарымен өзара қарым-қатынасын орнатуға жәрдемдеседi.

7) стационарлық үлгiдегi ұйымдардың балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегiз жастан асқан адамдарға сабақ өткiзу ұзақтығы осы стандартқа 7-қосымшада көрсетiлген.

42. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда он сегiз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға көрсетiлетiн әлеуметтiк-еңбек қызметтерiне:

1) қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жөнiнде iс-шаралар жүргiзу;

2) емдеу-еңбек қызметiн жүргiзу;

3) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектердi кәсiптiк бағдарлау;

4) бейiнi бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;

5) қол жетiмдi кәсiптiк дағдыларға үйрету жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу;

6) қарттар мен он сегiз жастан асқан адамдардың бойындағы жоғалған тұрмыстық дағдыларды қалпына келтiру жөнiндегi қызметтер жатады.

43. Әлеуметтiк-еңбек қызметiн көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:

1) еңбек дағдыларын, бiлiм мен шеберлiктi қалыптастыру мақсатында он сегiз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға, олардың жеке қажеттiлiктерiне қарай қызмет алушылардың жеке және әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге жәрдемдесетiн қолжетiмдi кәсiптiк дағдыларға үйрету жөнiндегi iс-шараларға белсендi қатысуын қамтамасыз ететiн еңбек қызметiнiң түрлерi тағайындалады;

2) емдеу-еңбек қызметiн жүргiзу арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және стационарлық үлгiдегi ұйымдарда қызмет алушыларды олардың денсаулық жағдайын ескерiп, тыныс-тiршiлiктiң әртүрлi нысандарына тартуға мүмкiндiк беретiн жағдай жасауды қамтамасыз етедi;

3) он сегiз жастан асқан адамдар мен мүгедектерде шамасы келетiн еңбек дағдыларын қалыптастыру үшiн, сондай-ақ қарттар мен он сегiз жастан асқан адамдардың жойылған тұрмыстық дағдыларын қалпына келтiру бойынша фронтальдi және жеке сабақтар ұйымдастырылады;

4) қолжетiмдi кәсiптiк дағдыларды оқыту, тұлғалық және әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргiзiледi;

5) мүгедектердi кәсiптiк оңалту олардың кәсiптiк дағдыларын барынша ықтимал қалпына келтiруге және жаңа кәсiптердi меңгеруге мүмкiндiк бередi;

6) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектердi кәсiптiк бағдарлау оларға кәсiп таңдауға көмек көрсететiн iс-шаралармен бiрге жүргiзiледi;

7) қызмет алушылардың еңбек дағдыларын зерттеп тексеру жөнiндегi iс-шаралар олардың жеке ерекшелiктерiн, мүмкiндiктерiнiң шектелу дәрежесiн, қызмет алушылардың физикалық және психикалық жай-күйiн ескерiп жүргiзiледi.

44. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда көрсетiлетiн әлеуметтiк-мәдени қызметтерге:

1) мерекелер мен тынығу iс-шараларын ұйымдастыру;

2) клуб және үйiрме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;

3) қызмет алушыларды тынығу iс-шараларына, мәдени iс-шараларға қатысуға (экскурсиялар ұйымдастыру, театрға, көрмелерге, концерттер мен басқа да iс-шараларға бару) тарту жатады.

45. Әлеуметтiк-мәдени қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:

1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткiзу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да мәдени, тынығу iс-шараларын өткiзу стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы бекiткен тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады;

2) көркемөнерпаздар үйiрмелерiн ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтiк-мәдени және рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға, қарым-қатынас саласын кеңейтуге бағытталады;

3) қызмет алушыларды концерт бағдарламалары мен өткiзiлетiн iс-шаралар сценарийлерiнiң жобасын әзiрлеуге тарту қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрiсiнiң кеңеюiне, шығармашылық белсендiлiгiнiң артуына жәрдемдеседi;

4) қызмет алушыларды тынығу iс-шараларына қатыстыру стационарлық үлгiдегi ұйым ұжымының қоғамдық өмiрiне қатыстыру арқылы әлеуметтiк және коммуникативтiк байланыстарын жөнге салуға жәрдемдеседi.

46. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда көрсетiлетiн әлеуметтiк-экономикалық қызметтерге:

«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуiрдегi, «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi, «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес тиесiлi жеңiлдiктердi, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдердi алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу жатады.

47. Әлеуметтiк-экономикалық қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар:

қызмет алушыларға жеңiлдiктердi, жәрдемақыларды, өтемақылар мен басқа да төлемдердi алуға жәрдемдесу олар үшiн қызығушылық тудыратын мәселелердi шешуде уақтылы, толық, бiлiктi және тиiмдi көмек көрсетудi қамтамасыз етедi.

48. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда көрсетiлетiн әлеуметтiк-құқықтық қызметтерге:

1) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлiк консультация беру;

2) заңды мәнi бар құжаттарды ресiмдеуге көмек көрсету;

3) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтiн ұйымдардың әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне өтiнiш дайындауға және беруге көмек көрсету;

4) заңнамада белгiленген жеңiлдiктермен басымдықтарды, әлеуметтiк төлемдердi алуға заңгерлiк көмек көрсету және жәрдемдесу;

5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтiк төлемдердi сенiмхат бойынша алу;

6) құқығы мен мүддесiн қорғау үшiн сотта өкiлдiктi қамтамасыз ету;

7) «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес жетiм балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қамқоршылыққа және қорғаншылыққа алу мәселелерi бойынша заңгерлiк консультация беру жатады.

49. Әлеуметтiк-құқықтық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:

1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтiк қызметтер алу және өздерiнiң мүдделерiн қорғау құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгiленген құқықтар мен ықтимал бұзушылықтардан қорғау тәсiлдерi туралы толық түсiнiк бередi;

2) қызмет алушыларға әлеуметтiк-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасы, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама және т.б.) бойынша консультация беру оларды қызықтыратын заңнамалық актiлер мен көтерiлген мәселелердегi құқықтары туралы толық түсiнiк беруге, осы мәселелердi iс жүзiнде шешу үшiн қажеттi құжаттарды (өтiнiш, шағым, анықтама және тағы да басқа құжаттар) дайындау және тиiстi адресатқа жiберуде қажеттi көмек көрсетедi;

3) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтiн лауазымды тұлғаларының әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарында шағымданатын әрекеттiң мәнiн, жол берiлген заң бұзушылықты жою талабын заң тұрғысынан сауатты жазуға және шағымды адресатқа жiберуге көмек көрсетедi;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша алуға тиесiлi жеңiлдiктердi, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтiк төлемдердi алуға, балаларды, ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға және отбасы тәрбиесiнiң басқа нысандарына алуға) ресiмдеуде заңгерлiк көмек көрсету қызмет алушыларға қажеттi құжаттардың мақсатына қарай мазмұнын, құжаттар мәтiнiнiң баяндалуын және жазылуын (қажет болғанда) немесе нысанды бланкiлердiң толтырылуын, iлеспе хаттардың жазылуын түсiндiрудi қамтамасыз етедi;

5) Кодекске сәйкес қамқоршылық немесе қорғаншылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдарға балаларды, оның iшiнде ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қорғаншылыққа, патронатқа, қамқоршылыққа алуға жәрдемдеседi.

7. Қызмет алушыларды стационарлық үлгiдегi ұйымнан шығару,

шығарып жiберу, уақытша шығару және ауыстыру шарттары

50. Стационарлық үлгiдегi ұйымнан қызмет алушыларды шығару:

1) қызмет алушылардың жазбаша өтiнiшi, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабiлетсiз адамдар үшiн — заңды өкiлiнiң (ата-анасының бiреуiнiң, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешiнiң және «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес қамқор болуды, бiлiм берудi, тәрбиелеудi, баланың құқықтары мен мүдделерiн жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегiз жастан асқан адамның) жазбаша өтiнiшi;

2) мүгедектiк алынған немесе үшiншi топ мүгедектiгi (он сегiз жастан асқан адамдарға және мүгедектерге) белгiленген, медициналық ұйым мүгедектiң денсаулық жағдайы бөгде адамның көмегiнсiз еңбек қызметiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiндей жақсарған деп таныған жағдайда және қызмет алушылардың тұрғын үй аумағы және өмiр сүруге қаражаты болғанда;

3) балалар мен ТҚА бұзылған балалар кәмелетке толғанда;

4) ақылы арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету туралы келiсiмшарт бұзылған жағдайда жүзеге асырылады.

51. Қызмет алушылардың жеке уәждемесi бойынша уақытша (үш айға дейiнгi мерзiмге) шығуына стационарлық үлгiдегi ұйым дәрiгерiнiң қорытындысы ескерiле отырып, мүгедектер мен қарттардың стационарлық үлгiдегi ұйым әкiмшiлiгiне жазбаша хабарламасының, ал балалар мен он сегiз жастан асқан адамдар үшiн — заңды өкiлдерiнiң (ата-анасының бiреуiнiң, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешiнiң және «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес қамқор болуды, бiлiм берудi, тәрбиелеудi, баланың құқықтары мен мүдделерiн жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегiз жастан асқан адамның), жақын туысының жазбаша өтiнiшiнiң негiзiнде рұқсат етiледi.

52. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер бюджет қаражаты есебiнен көрсетiлетiн қызмет алушылар болмаған уақытта стационарлық үлгiдегi ұйым басшысының тиiстi бұйрығымен олар үлестен шығарылады.

53. Қызмет алушыларды одан әрi оңалту үшiн басқа ұйымға бiр жылға дейiнгi мерзiмге жiберу туралы шешiмдi қабылдаушы тараптың қызмет алушыларды ұстау және оларға қажеттi күтiмдi қамтамасыз ету туралы жазбаша мiндеттемесi болған кезде стационарлық үлгiдегi ұйым тәртiпаралық комиссияның қорытындысын есепке ала отырып, стационарлық үлгiдегi ұйым әкiмшiлiгi қабылдайды.

54. Он сегiз жасқа толған балалар, оның iшiнде ТҚА бұзылған балалар медициналық ұйымның және медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының қорытындыларына сәйкес қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк ұйымға, психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк ұйымға ауыстырылады не үйiне шығарылады.

55. Стационарлық үлгiдегi ұйымда тұруға медициналық қарсы көрсетiлiмдерi болған кезде қызмет алушылар мамандандырылған медициналық ұйымға стационарлық емдеуге ауыстырылады.

56. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын қызмет алушыларды бiр өңiрде орналасқан стационарлық үлгiдегi ұйымнан елдiң өзге өңiрiнде орналасқан стационарлық үлгiдегi ұйымға ауыстыру, тиiстi өңiрлердiң уәкiлеттi органдарымен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.

57. Бала он алты жасқа толғанда стационарлық үлгiдегi ұйым әкiмшiлiгi оның жеке куәлiгiн ресiмдеудi қамтамасыз етедi.

58. Қарттар мен мүгедектер:

1) iшкi тәртiп ережесiн тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның iшiнде есiрткi заттарын, спирттi iшiмдiктердi әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлiктi бүлдiрген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған жағдайда;

2) мүгедектер мен қарттар соттың шешiмi бойынша спирттi iшiмдiкке салынудың немесе есiрткi заттарын қолданудың салдарынан әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған жағдайда.

Әрекет қабiлеттiлiгiнiң шектелуi соттың шешiмi бойынша жойылған жағдайда адам жалпы негiзде қайта қабылданады;

3) қызмет алушы стационарлық үлгiдегi ұйым аумағынан өз бетiмен шығып кеткен және екi тәулiктен астам уақыт бойы болмаған жағдайларда шығарылуға жатады.

Стационарлық үлгiдегi ұйым аумағынан шығып кеткен адам осы стандарттың 3-тарауына сәйкес жалпы негiзде қайта қабылдануы мүмкiн, ал маңызды себептер бойынша ол жөнiнде хабардар етуге мүмкiндiгi болмаған адам дереу қайта қабылданады.

59. Осы стандарттың 58-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша стационарлық үлгiдегi ұйымнан шығарып жiберiлген қызмет алушылар осы стандарттың 3-тарауында көзделген тәртiппен, алайда олар шығарып жiберiлгеннен кейiн бiр күнтiзбелiк жыл өткен соң ғана стационарлық үлгiдегi ұйымға қабылданады.

60. Қызмет алушыларды шығару (шығарып жiберу), уақытша шығару, басқа стационарлық үлгiдегi ұйымға ауыстыру стационарлық үлгiдегi ұйым басшысы бұйрығының негiзiнде жүзеге асырылады.

Бұл ретте, мiндеттi түрде шығару немесе ауыстыру эпикризi, стационарлық үлгiдегi ұйым мамандарының ұсынымдары ресiмделедi, олар мүгедектер мен қарттардың қолына не қызмет алушыларды қабылдайтын тарапқа берiледi.

61. Шығару, уақытша шығару немесе басқа стационарлық үлгiдегi ұйымға ауыстыру кезiнде қызмет алушыларға жеке және маусым бойынша өзiне бекiтiлген киiмi мен аяқ киiмi, стационарлық үлгiдегi ұйымда сақталған құнды заттары (құжаттары) берiледi.

8. Стационарлық үлгiдегi ұйымды басқару

62. Стационарлық үлгiдегi ұйымды уәкiлеттi орган немесе құрылтайшы лауазымға тағайындайтын және босататын басшы басқарады.

63. Стационарлық үлгiдегi ұйым персоналының штат нормативтерiн уәкiлеттi орган немесе құрылтайшы осы стандартқа 3-қосымшада көзделген нормативтердi сақтау арқылы бюджет қажеттiлiктерiн және мүмкiндiктерiн ескере отырып бекiтедi.

64. Стационарлық үлгiдегi ұйымда қарттар мен мүгедектер қатарынан мәдени-тұрмыстық комиссия (МТК) құрылады, оны төрағасы басқарады, стационарлық үлгiдегi ұйым басшысы бекiтетiн Мәдени-тұрмыстық комиссия туралы ереже негiзiнде әрекет етедi.

65. Стационарлық үлгiдегi ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кiтабы ресiмделедi, ол стационарлық үлгiдегi ұйым басшысында сақталады және қызмет алушылар мен келушiлердiң бiрiншi талабы бойынша берiледi.

66. Шағымдар мен ұсыныстар кiтабын стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы апта сайын, ал уәкiлеттi орган ай сайын қарайды.

67. Стационарлық үлгiдегi ұйымның заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару үшiн демеушiлiк, қайырымдылық және өзге де шоттары болады.

Жүктеу (DOCX 274 Kb)

Дата создания статьи: 26.12.2017 13:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2017 13:33
Қаралым саны: 490

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz