A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң м.а. 2016 жылғы 24 ақпандағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2016 жылы 28 наурызда № 13543 болып тiркелдi

1. Қоса берiлiп отырған адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарты бекiтiлсiн.

2. Әлеуметтiк қызметтер департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiне орналастыру үшiн «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жiберудi;

3) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялау үшiн жiберудi;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Заң қызметi департаментiне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму вице-министрi С.Қ. Жақыповаға жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк
даму министрiнiң мiндетiн атқарушы Б. Нұрымбетов


КЕЛIСIЛДI                             
Қазақстан Республикасының
Бiлiм және ғылым министрi             
____________ Е. Сағадиев

КЕЛIСIЛДI
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрi
____________ Қ. Қасымов

2016 жылғы 26 ақпан 2016 жылғы 25 ақпан

Денсаулық сақтау және әлеуметтiк
даму министрiнiң мiндетiн атқарушының
2016 жылғы 24 ақпандағы
№ 138 бұйрығымен бекiтiлген

2. Осы стандарт адам саудасының құрбандарына (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтердi алушылар) күндiз болуға (күнiне бiр сағаттан төрт сағатқа дейiн), уақытша тәулiк бойы (6 ай мерзiмге дейiн) немесе ұзақ тұруға (шарт ұзартылған жағдайда) арналған мемлекеттiк және мемлекеттiк емес меншiк нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрi — ұйым) арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну көлемiн және оның шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптарды белгiлейдi, ұйымның қызмет тәртiбiн, арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну, көрсетудi тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды.

3. Осы стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

1) адам саудасының құрбаны — жасалған әрекеттерге катысты қылмыстық iс жүргiзудi қозғау фактiсiнiң бар-жоғына қарамастан, адам саудасымен байланысты құқық бұзушылықтан тiкелей зардап шеккенi жөнiнде пайымдауға негiз бар жеке тұлға;

2) адам саудасының құрбанын сәйкестендiру — Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2014 жылғы 22 қыркүйектегi № 630, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2014 жылғы 26 қыркүйектегi № 399 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2014 жылғы 19 қарашадағы № 240 бiрлескен бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10013 болып тiркелген) Әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерiне (бұдан әрi — Критерийлер) сәйкес адам, оның iшiнде кәмелетке толмағандар саудасымен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерiмен байланысты iс-қимылдар, сондай-ақ адамдарды ұрлау салдарынан әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қараудан зардап шеккендерге жатқызу;

3) қайта әлеуметтендiру — индивидтiң үзiлген әлеуметтiк байланыстарын қалпына келтiруге немесе жағдаяттармен нашарлаған әлеуметтiк байланыстарын нығайтуға бағытталған психологиялық, педагогикалық, кәсiби және заңды шаралар кешенi, сондай-ақ адам саудасының құрбандарын отбасы мен қоғамға қайта интеграциялауға бағытталған өзге де iс-шаралар.

4. Ұйымдар:

1) адам саудасының құрбандарын оңалту орталығы;

2) адам саудасының құрбандарына әлеуметтiк көмек көрсету орталығы;

3) адам саудасының құрбандарына арналған баспана;

4) адам саудасының құрбандарына қызметтер көрсететiн өзге де ұйымдар түрiнде құрылады.

5. Ұйымдар Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан жеке тұлғаларды, оның iшiнде кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, оның iшiнде, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, түрлi себептерге байланысты жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайды.

6. Мынадай:

1) науқастың өзi үшiн және айналасындағылар үшiн қауiптi мiнез-құлықтың ауытқуларымен сүйемелденетiн психикалық аурулардың;

2) белсендi процесс сатысындағы туберкулездiң, инфекциялық аурулардың, карантиндiк инфекциялардың, шаш және терi жұқпалы ауруларының;

3) алкогольдiк, есiрткiлiк масаю жағдайының;

4) паллиативтiк көмек көрсету және мейiргерлiк күтiм қызметтерiн қажет ететiн аурудың терминалдық (түпкiлiктi) сатысының;

5) мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық ем алуды қажет ететiн басқа да аурулардың және (немесе) жарақаттанулардың болуы көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың ұйымдарда болуына медициналық қарсы көрсетiлiмдер болып табылады.

Жоғарыда аталған медициналық қарсы көрсетiлiмдерi бар адамдар тиiстi денсаулық сақтау ұйымдарына жiберiлуге тиiс.

1) адам саудасының құрбандарын сәйкестендiру;

2) жеке жоспарға сәйкес қызметтер көрсету арқылы қорғауды және көмектi қамтамасыз ету;

3) көрсетiлетiн қызметтердi алушыны социумға қайта әлеуметтендiру процесiне жәрдемдесу;

4) көрсетiлетiн қызметтердi алушының ұйымда болу және тұру кезеңiнде қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету;

5) көрсетiлетiн қызметтердi алушының жеке басының және оның жеке өмiрiнiң құпиялылығын сақтау ұйымның негiзгi мiндеттерi болып табылады.

8. Мыналар:

1) көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды қабылдау және (немесе) орналастыру, қайта әлеуметтендiру жөнiндегi iс-шараларды өткiзу;

2) көрсетiлетiн қызметтердi алушыны орналастырған кезде койка-орын беру, төсек керек-жарақтарымен, жеке гигиена заттарымен, қажет болған жағдайда iшкиiммен, киiммен және аяқкиiммен қамтамасыз ету;

3) ұйымда қолайлы моральдық-психологиялық климат қалыптастыру;

4) осы стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету;

5) көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң көлемдерi мен түрлерi, ұйымның iшкi тәртiп қағидалары туралы хабардар ету;

6) еңбектi ұйымдастыруды жетiлдiру және персоналдың бiлiктiлiгiн арттыру;

7) ұйымның қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асыру;

8) көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды қайта әлеуметтендiру, олардың азаматтық, мүлiктiк және өзге де құқықтарын қайта қалпына келтiру мәселелерiн шешу үшiн жергiлiктi атқарушы органдармен, бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау, iшкi iстер, әдiлет, сыртқы iстер органдарымен, үкiметтiк емес ұйымдармен, көрсетiлетiн қызметтердi алушы шығатын елдердiң Елшiлiктерiмен және басқа да органдармен өзара iс-қимыл жасау;

9) ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар ұйымның негiзгi функциялары болып табылады.

10. Ұйым көрсетiлетiн қызметтердi алушының өтiнiшi негiзiнде жүгiнген күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органмен бiрлесiп Критерийлерге сәйкес адам саудасының құрбанын сәйкестендiрудi жүргiзедi.

11. Iшкi iстер органдары адам саудасымен байланысты құқық бұзушылықты анықтаған (айқындаған) кезде, адам саудасының құрбанын сәйкестендiрудi iшкi iстер органдары уәкiлеттi органмен, ұйыммен бiрге, ал анықталған адамның нақты тұратын жерiнде уәкiлеттi орган, ұйым болмаған жағдайда, ол анықталған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде өз бетiнше жүргiзедi.

12. Сәйкестендiру жеке контактi кезiнде әңгiмелесу түрiнде (бұдан әрi — әңгiмелесу) жүргiзiледi. Сәйкестендiру нәтижелерi бойынша осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес бағалау парағы толтырылады.

13. Әңгiмелесу жүргiзуге мынадай талаптар қойылады:

1) анықталған адам тұрған ұйым, адамды сәйкестендiруге уәкiлеттi адамның жұмыс орны, өзге де үй-жай әңгiмелесу жүргiзу орны болып табылады;

2) әңгiмелесу жүргiзуге арналған үй-жай қауiпсiз, оқшауланған, жарық әрi жылы;

3) әңгiмелесу жүргiзу кезiнде уәкiлеттi маман басқа жұмысты орындауға, телефон қоңырауларына жауап беруге, басқа адамдармен сөйлесуге алаңдамайды.

14. Егер ұйымға жүгiнген адам, адам саудасының құрбаны деп сәйкестендiрiлген жағдайда, ұйым бiр жұмыс күнi iшiнде арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсынуға рұқсат алу үшiн оның өтiнiшiмен бiрге бағалау парағын уәкiлеттi органға жолдайды.

Егер жүгiнген адам, адам саудасының құрбаны деп сәйкестендiрiлмеген жағдайда, оған арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсынудан бас тартылады.

15. Уәкiлеттi орган бағалау парағын және өтiнiштi алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсынуға рұқсатты бередi және келiсiлген күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ұйымға жiбередi.

Ұйым рұқсатты алған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтердi алушымен қайта әлеуметтендiру туралы шарт (бұдан әрi — шарт) қайта әлеуметтендiру туралы үлгiлiк шарт негiзiнде жасасады.

16. Шарттың қолданылу мерзiмi 6 айды құрайды. Шартты ұзарту мынадай:

1) көрсетiлетiн қызметтердi алушыға қатысты қылмыстық iстiң iс жүргiзумен аяқталмауы;

2) көрсетiлетiн қызметтердi алушы медициналық ұйымда стационарлық ем қабылдау негiздерi бойынша, бiрақ үш айдан аспайтын мерзiмге жүзеге асырылады.

17. Егер жүгiну сәтiнде оларға қатысты заңды өкiлi болып табылатын адамның қасында кәмелетке толмаған балалар болса, онда ұйымға балалармен бiрге қабылдау жүзеге асырылады.

18. Ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкiлдерiмен бiрге түсетiн балалар көрсетiлетiн қызметтердi жеке алушылар ретiнде есептеледi.

19. Баланың заңды өкiлдерi болмаған жағдайда, ұйым қамқоршылық және қорғаншылық органдарын хабардар етедi және баланы Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталығына бередi.

20. Ұйымға түскен адам тiркелуге тиiс.

Ұйым мамандары осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтердi алушының ұйымға тiркелу карточкасын толтырады.

21. Көрсетiлетiн қызметтердi алушы iшкi iстер органдарына өтiнiш беруден бас тартқан жағдайда, ұйым өз бетiнше үш жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтердi алушының дербес деректерiнiң құпиялылығын ескере отырып, адам саудасымен байланысты жүгiну фактiсi туралы iшкi iстер органдарына ақпарат жiбередi.

23. Құрылтайшы ұйымның техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз етедi.

24. Ұйым ғимараты онда тұруды қолайлы ету, оған кедергiсiз кiрудi құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес үй-жайдың iшiнде және ғимарат маңындағы аумақта жүрiп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталады.

25. Ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кiтабы ресiмделедi, ол ұйым басшысында сақталады және көрсетiлетiн қызметтердi алушылар мен келушiлердiң алғашқы талап етуi бойынша ұсынылады.

26. Шағымдар мен ұсыныстар кiтабын ай сайын ұйым басшысы қарайды.

Ұйым персоналының штаттық нормативтерi осы стандартқа

5-қосымшада белгiленген ұйымдардағы персоналдың ең төменгi штаттық нормативтерiн сақтау арқылы бюджеттiң қажеттiлiктерi мен мүмкiндiктерi ескерiле отырып қалыптастырылады.

Қажеттiлiктi бағалауды және айқындауды ұйым мамандары шарт жасалғаннан кейiн күнтiзбелiк үш күн iшiнде көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды бақылағаннан соң жүргiзедi.

28. Қажеттiлiктi бағалау және айқындау кезiнде сәйкестендiру нәтижелерi мен көрсетiлетiн қызметтердi алушының пiкiрi ескерiледi.

29. Көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қажеттiлiктерiн бағалау қорытындысы бойынша ұйым мамандары үш жұмыс күнi iшiнде шарт жасалған мерзiмге немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбiр көрсетiлетiн қызметтердi алушыға жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрi — жеке жоспар) әзiрлейдi және оны ұйым басшысы бекiтедi.

30. Жеке жоспардың орындалу мониторингiн әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман немесе мониторинг жүргiзуге ұйым басшылығы уәкiлеттiк берген адам жүзеге асырады.

31. Өткiзiлген iс-шаралар мен тоқсан сайынғы мониторингтiң қорытындысын ұйым мамандары осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда (электрондық картотекада) жеке жоспардың орындалуы (мониторингi) жөнiндегi журналда (бұдан әрi — журнал (электрондық картотека) көрсетедi. Журнал (электрондық картотека) әрбiр көрсетiлетiн қызметтердi алушыға жеке-жеке жүргiзiледi.

32. Көрсетiлетiн қызметтердi алушының жағдайы өзгерген немесе жеке жоспардың iс-шарасын көзделген мерзiмнен бұрын (не кешiрек) орындауға ықпал ететiн ахуал туындаған жағдайда, жеке жоспар түзетiлуге тиiс.

33. Ұйым мамандарының жұмыс сапасын шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталу қорытындысы бойынша ұйым басшысы немесе қайта әлеуметтендiрiлген көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың саны жөнiндегi уәкiлеттi орган бағалайды.

34. Ұйымда осы стандартқа 5-қосымшада белгiленген персоналдың штаттық нормативтерiнде көзделген қажеттi мамандар болмаған жағдайда, шарттық негiзде мамандар тартуға рұқсат етiледi.

35. Ұйымның әрбiр маманы лауазымдық нұсқаулыққа және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге қатысады. Атқарылған iс-шаралардың нәтижелерi тоқсан сайын журналға (электрондық картотекаға) тiркеледi.

36. Ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтiк мiндеттердiң сапалы орындалуын тұрақты бақылауды ұйым әкiмшiлiгi жүзеге асырады.

37. Көрсетiлетiн қызметтердi алушылар бөлмелерге олардың денсаулық жағдайы, жынысы, психологиялық үйлесiмдiлiгi және туыстық дәрежесi ескерiле отырып орналастырылады.

38. Ұйымда болу және тұру тәртiбi ұйымның басшысы бекiтетiн iшкi тәртiп қағидаларында айқындалады.

1) көрсетiлетiн қызметтердi алушыларға тамақ ұсына отырып, оларды уақытша орналастыру;

2) алғашқы медициналық тексеру жүргiзу және дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек көрсету;

3) өзiне-өзi қызмет көрсету (iшкиiмдi жуу, кептiру, үтiктеу, ыдыс жуу, ұйымдардағы үй-жайды тазалау) және санитариялық-гигиеналық рәсiмдердi (душ немесе ванна бөлмелерi, санитариялық тораптар) жүзеге асыру үшiн жағдай жасау;

4) төсек жабдығымен, киiммен және ең қажеттi заттармен қамтамасыз ете отырып, койка-орын ұсыну.

40. Қайта әлеуметтендiру туралы шарт жасаған көрсетiлетiн қызметтердi алушы арнаулы әлеуметтiк қызметтердi жеке жоспарға сәйкес мынадай көлемде және түрлерде алады:

1) әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтер:

көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды қабылдау және (немесе) орналастыру;

төсек жабдығымен, киiммен және ең қажеттi заттармен қамтамасыз ете отырып, койка-орын ұсыну;

оңалту, емдiк, бiлiм беру, мәдени iс-шаралар, еңбекпен емдеу қызметiн ұйымдастыру, өзiне-өзi қызмет көрсету және тұрмыстық бағдар беру үшiн жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықпен жарақтандырылған үй-жайлар беру;

өзiне-өзi қызмет көрсету (iшкиiмдi жуу, кептiру, үтiктеу, ыдыс жуу, ұйымдардағы үй-жайды тазалау) және санитариялық-гигиеналық рәсiмдердi (душ немесе ванна бөлмелерi, санитариялық тораптар) жүзеге асыру үшiн жағдай жасау;

жол жүру құжаттарын сатып алу немесе жол жүру уақытында тамақ өнiмдерiмен қамтамасыз ету арқылы бұрын тұрған жерiне жiберуге жәрдемдесу, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтердi алушының тұрғылықты жерiне әлеуметтiк қызметкер iлесiп барған жағдайларда, iссапар шығыстарын төлеу;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 қарашадағы № 896 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12828 болып тiркелген) Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарында, күндiз болу бөлiмшелерiнде, әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарында қызмет көрсетiлетiн адамдар үшiн заттай тамақтану нормаларына сәйкес тамақ өнiмдерiн ұсыну;

көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды емдеу, оңалту, оқыту, мәдени және бос уақытты өткiзу iс-шараларына қатысу үшiн көлiкпен тасымалдау қызметтерiн ұсыну;

хаттарды жазуға және оқуға көмек көрсету (қажеттiлiгiне қарай);

ұйым жүрiп-тұруында қиындығы бар адамдарға және шетелдiктерге межелi жерiне дейiн iлесiп жүрудi (қажеттiлiгiне қарай) қамтамасыз етедi.

Әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтердi ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

берiлетiн тұрғын үй-жайлар осы Стандарттың 22-тармағының көлемдерi мен басқа да көрсеткiштерiне қарай (ғимараттар мен үй-жайлардың жай-күйi, олардың жайлылығы) санитариялық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес келедi және көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың тұру қолайлылығын қамтамасыз етедi. Көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды тұрғын үй-жайларға (бөлмелерге) орналастыру кезiнде, олардың денсаулық жағдайы, жас ерекшелiктерi, физикалық және психологиялық жай-күйi, бейiмдiлiктерi, психологиялық үйлесiмдiлiгi, тұлғалық даму, әлеуметтендiрiлу деңгейi және туыстық дәрежесi ескерiледi.

Әлеуметтiк-еңбек қызметiн ұйымдастыру, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету үшiн ұсынылатын үй-жайлар көлемдерiне, орналасуына және конфигурациясына қарай көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың ерекшелiгiн ескере отырып, осы үй-жайларда жоғарыда аталған барлық iс-шаралардың өткiзiлуiн қамтамасыз етедi;

ұйым мамандарының кабинеттерi қажеттi жиһазбен және жабдықпен жарақтандырылады;

әрбiр мамандандырылған кабинетке еркiн нысанда ресiмделген паспорт толтырылады;

көрсетiлетiн қызметтердi алушыларға пайдалануға берiлетiн жиһаз, жабдық, жұмсақ инвентарь Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес келедi;

көрсетiлетiн қызметтердi алушыларға берiлетiн киiм, аяқкиiм, iшкиiм және басқа да ең қажеттi заттар кигенде ыңғайлы, көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың жынысына, бойына және өлшемдерiне, санитариялық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап бередi;

тамақ сапалы өнiмдерден дайындалады, теңгерiмдiлiк пен калорий талаптарына жауап бередi, санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес келедi және көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың денсаулық жағдайы ескерiле отырып ұсынылады;

емдеу, оқыту үшiн көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды автомобиль көлiгiмен тасымалдау кезiнде автокөлiк құралдарын пайдалану нормативтерi мен қағидалары, жол жүру қауiпсiздiгiнiң талаптары сақталады;

2) әлеуметтiк-медициналық қызметтер:

алғашқы медициналық тексеру мен бастапқы санитариялық өңдеу жүргiзу;

дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек көрсету, ем алуға мұқтаж көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және оларға iлесiп жүруге жәрдемдесу;

сот-медициналық, медициналық-әлеуметтiк, наркологиялық және психиатриялық сараптамаға жолдау үшiн құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;

тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуға жәрдемдесу;

дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

бейiндi мамандардың, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық консультациялар беруiне жәрдемдесу;

емдеушi дәрiгердiң тағайындауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес емдiк манипуляциялар жүргiзу.

Әлеуметтiк-медициналық қызметтердi ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуға жәрдемдесу денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген шеңберде жүзеге асырылады;

емдiк манипуляциялар жүргiзу көрсетiлетiн қызметтердi алушыларға қандай да бiр зақым келтiрмей, аса мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;

дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек көрсету «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекiту қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 281 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11268 болып тiркелген) сәйкес жүзеге асырылады;

көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына емдеуге жатқызу немесе емдеуге жатқызуға жәрдемдесу оперативтi түрде және уақтылы жүргiзiледi;

салауатты өмiр салтын насихаттау жүргiзiледi. Көрсетiлетiн қызметтердi алушылармен зиянды әдеттердiң алдын алу және олардан арылу бойынша жеке жұмыс жүргiзу зиянды әдеттердiң (алкоголь, есiрткi тұтыну, шылым шегу) келеңсiз салдарын, олар әкеп соқтыратын терiс нәтижелердi түсiндiруге бағытталған және нақты жағдайларға байланысты осы әдеттердiң алдын алу немесе еңсеру бойынша қажеттi ұсынымдармен сүйемелденедi;

медициналық-әлеуметтiк, сот-медициналық, наркологиялық және психиатриялық сараптамаға жолдау үшiн құжаттарды дайындауға жәрдемдесу уақтылы және толық көлемде көрсетiледi;

дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу көрсетiлетiн қызметтердi алушылар ауруларының, жарақаттануларының уақтылы алдын алуға және емдеуге ықпал етедi;

денсаулық сақтау ұйымдарының бейiндi мамандарының консультациясын алуға жәрдемдесу көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың ауруларын уақтылы анықтауды және емделуiн қамтамасыз етедi;

3) әлеуметтiк-психологиялық қызметтер:

жеке адамды психологиялық диагностикалау және тексеру;

әлеуметтiк-психологиялық патронаж (жүйелi түрде қадағалау);

көрсетiлетiн қызметтердi алушылармен психологиялық- профилактикалық жұмыс;

психологиялық консультация беру;

шұғыл психологиялық көмек;

көрсетiлетiн қызметтердi алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның iшiнде әңгiмелесу, қатынаста болу, тыңдау, сергiту, белсендiлiкке ынталандыру;

психологиялық тренингтер;

көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды психологиялық түзету;

өзара қолдау көрсету топтарында, қарым-қатынас жасау клубтарында сабақтар өткiзу.

Әлеуметтiк-психологиялық қызметтердi ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

психологиялық консультация беру көрсетiлетiн қызметтердi алушыларға даулардың алдын алу және еңсеру үшiн тұлғааралық қарым-қатынастарды жөнге салу бойынша бiлiктi көмек көрсетудi қамтамасыз етедi. Көрсетiлетiн қызметтердi алушыдан алынған ақпараттың негiзiнде психологиялық консультация беру және туындаған әлеуметтiк-психологиялық проблемаларды онымен талқылау iшкi ресурстарды ашуға және жұмылдыруға, осы проблемаларды шешуге көмектеседi;

көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды психологиялық диагностикалау ұйымның психологы әзiрлеген психологиялық-диагностикалық топтаманың негiзiнде жүзеге асырылады. Тұлғаны көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың мiнез-құлықтарындағы ауытқулар мен айналадағы адамдармен өзара қарым-қатынастарына ықпал ететiн олардың психикалық жай-күйi мен жеке тұлғалық ерекшелiктерiн айқындау және талдау нәтижелерi бойынша психологиялық диагностикалау және тексеру түзету iс-шараларын жүргiзу жөнiнде болжам жасауға және ұсынымдар әзiрлеуге қажеттi ақпаратты бередi;

психологиялық түзету белсендi психологиялық әсер ету ретiнде көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың мiнез-құлқындағы, эмоциялық жай-күйiндегi ауытқуларды (жекелеген адамдардың эмоциялық ден қоюы мен мiнез-құлық стереотиптерiнiң қолайсыз түрлерiн, даулы қарым-қатынастар мен мiнез-құлқындағы басқа да ауытқуларды) еңсерудi немесе бәсеңдетудi қамтамасыз етедi, бұл осы көрсеткiштердi жас нормаларына және әлеуметтiк ортаның талаптарына сәйкестендiруге мүмкiндiк бередi;

психологиялық тренингтер белсендi психологиялық әсер ету ретiнде психологиялық-жарақаттаушы ахуалдардың салдарын, жүйке-психикалық шиеленiстi жоюда, тыныс-тiршiлiктiң әлеуметтiк емес түрлерiн еңсеретiн адамдар бойында әлеуметтiк құнды мiнез-құлық нормаларын қалыптастыруда, оларды өзгерiп отыратын жағдайларға бейiмдеу үшiн тұлғалық алғышарттарды қалыптастыруда тиiмдiлiгiмен бағаланады;

көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды жүйелi түрде қадағалау негiзiндегi әлеуметтiк-психологиялық патронаж психикалық жайсыздық, тұлғалық (iшкi тұлғалық) немесе тұлғааралық даулы жағдайларды және көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың өмiрлiк қиын жағдайының күрделенуiне ықпал ететiн басқа да жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға сол сәтте қажеттi әлеуметтiк-психологиялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;

көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас жасау клубтарында сабақтар өткiзуге тарту көрсетiлетiн қызметтердi алушыларға жайсыз күйден шығуға, олардың психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтуда, стреске төзiмдiлiктi, психологиялық мәдениет деңгейiн арттыруда, бiрiншi кезекте, тұлғааралық қарым-қатынастар, дауларды шешу және қарым-қатынас саласында көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;

шұғыл психологиялық көмек көрсетiлетiн қызметтердi алушыларға кiдiртпестен психологиялық консультация берудi, олардың дағдарыстық күйден шығуы үшiн физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлiк ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемаларды өз бетiнше шешу және қиындықтарды еңсеру үшiн олардағы қолайлы құралдар диапазонын кеңейтуге, өзiне деген сенiмдiлiктi нығайтуға жәрдемдесудi қамтамасыз етедi;

психологиялық-профилактикалық жұмыс көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың психологиялық бiлiм алу қажеттiлiгiн және оны өзiмен және өз проблемаларымен жұмыс жасау үшiн пайдалану ниетiн қалыптастыруға ықпал етедi, әрбiр оңалту кезеңiнде тұлғаның толыққанды психикалық дамуы, тұлғаның дамуындағы ықтимал бұзылушылықтардың уақтылы алдын алу үшiн жағдай жасайды;

әңгiмелесулер, қарым-қатынас жасау, тыңдау, сергiту, белсендiлiкке ынталандыру, өмiрлiк тонусты психологиялық қолдау көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзiмдiлiгi мен психикалық қорғалуын арттыруды қамтамасыз етедi;

4) әлеуметтiк-педагогикалық қызметтер:

кәмелетке толмаған балалардың ұйым орналасқан жерде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан өтуiне жәрдемдесу;

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының ұсынымдарын ескере отырып, әлеуметтiк-педагогикалық iс-шаралар әзiрлеу;

құндылық бағдарларын, бағыт берулер мен мiнез-құлық дағдыларын трансформациялау бойынша сабақтар ұйымдастыру және өткiзу;

ұйымда уақытша тәулiк бойы немесе ұзақ уақыт болған жағдайда, үй жағдайларында кәмелетке толмаған балаларды бiлiм беру процесiне қосуға жәрдемдесу;

дамуы тежелген және бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерiнде немесе оңалту орталықтарында, ұйымдарында немесе ұйым орналасқан жерде түзету-дамыту көмегiнiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуына жәрдемдесу;

көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың физикалық мүмкiндiктерi мен ақыл-ой қабiлеттерiн ескере отырып, бiлiм алуларына жәрдемдесу.

Әлеуметтiк-педагогикалық қызметтердi ұсынуға қойылатын талаптар:

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация беру үшiн әлеуметтiк-педагогикалық диагностикалау ұйым жағдайларында баламен тәрбие және педагогикалық жұмыс жүргiзу бағыттары мен мазмұнын айқындауға мүмкiндiк бередi;

құндылық бағдарларын, бағыт берулер мен мiнез-құлық дағдыларын трансформациялау бойынша сабақтар өткiзу зорлық-зомбылықтың қайталану жағдайларының алдын алуды қамтамасыз етедi;

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының ұсынымдарын ескере отырып, әлеуметтiк-педагогикалық iс-шаралар әзiрлеу бiлiктi мамандардың ұсынымдарын ескеру арқылы баламен және баланың өзiнiң қажеттiлiктерiмен әлеуметтiк-педагогикалық жұмыс жасау құрылымын қамтамасыз етедi;

балаларды жалпы бiлiм беру процесiне қосуды ұйым орналасқан жердегi жалпы бiлiм беретiн мектеп жүзеге асырады және ол баланың қауiпсiздiгiн ескере отырып, үйде оқыту нысанында ұсынылады;

балаларды оқулықтармен және оқу керек-жарақтарымен қамтамасыз етудi бiлiм беру ұйымы жүзеге асырады;

5) әлеуметтiк-еңбек қызметтерi:

көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың еңбек дағдыларын тексеру жөнiнде iс-шаралар өткiзу;

кәсiптiк бағдарлауға және консультация беруге жәрдемдесу;

көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды қолжетiмдi кәсiптер мен практикалық дағдыларға, оның iшiнде еңбекпен емдеу қызметi, қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық пайдалы жұмыстар арқылы үйрету жөнiнде iс-шаралар өткiзуге жәрдемдесу.

Әлеуметтiк-еңбек қызметтерiн ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

көрсетiлетiн қызметтерiн алушылардың еңбек дағдыларын тексеру жөнiндегi iс-шаралар олардың жеке ерекшелiктерi, мүмкiндiктерiнiң шектелу дәрежесi, көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың физикалық және психикалық жай-күйi ескерiле отырып жүргiзiледi;

көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың жеке қажеттiлiктерiне сүйене отырып, олардың тұлғалық және әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге ықпал ететiн қолжетiмдi кәсiптiк дағдыларға үйрету жөнiндегi iс-шараларға белсендi қатысуын қамтамасыз ететiн еңбекпен емдеу қызметiнiң түрлерi тағайындалады;

қоғамдық пайдалы жұмыстар жүргiзу ұйым аумағында, күндiз жұмыспен қамту ұйым кабинеттерiнде жүзеге асырылады және көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып, оларды тiршiлiктiң түрлi нысандарына тартуға мүмкiндiк беретiн жағдай жасауды қамтамасыз етедi;

қолжетiмдi кәсiптiк дағдыларға үйрету жөнiндегi iс-шаралар көрсетiлетiн қызметтердi алушының тұлғалық және әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге ықпал етедi;

кәсiптiк бiлiмi жоқ көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды кәсiптiк бағдарлау оларға кәсiп таңдауға көмектесетiн iс-шаралармен сүйемелденедi;

6) әлеуметтiк-мәдени қызметтер:

мерекелер мен бос уақытты өткiзу iс-шараларын ұйымдастыру;

үйiрме жұмысын ұйымдастыру;

қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ете отырып, көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды мәдени және бос уақытты өткiзу iс-шараларына тарту;

мамандардың қатысуымен телефон байланысы және (немесе) Интернет желiсi арқылы телефонмен немесе скайппен туыстарымен, достарымен, мамандармен сөйлесу мүмкiндiгiн ұсыну.

Әлеуметтiк-мәдени қызметтердi ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

мәдени және бос уақытты өткiзу iс-шараларын өткiзу ұйым басшысы бекiткен жоспар бойынша жүзеге асырылады;

үйiрмелер мен бос уақытты өткiзу қызметiн ұйымдастыру көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың әлеуметтiк-мәдени және рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған;

көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды концерттер мен өткiзiлетiн iс-шаралар сценарийлерi бағдарламасының жобаларын әзiрлеуге тарту көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың жалпы және мәдени ойлау қабiлетiн кеңейтуге, шығармашылық белсендiлiгiн арттыруға ықпал етедi;

мамандардың қатысуымен телефон байланысы және (немесе) Интернет желiсi арқылы туыстарымен, достарымен, мамандармен сөйлесу мүмкiндiктерiн ұсыну агрессия рецидивiн болдырмау, көрсетiлетiн қызметтердi алушының мүлiктiк, азаматтық және өзге де құқықтарын қорғау мәселелерiн шешудi жеделдетудi және неғұрлым тиiмдi шешудi қамтамасыз етедi;

7) әлеуметтiк-экономикалық қызметтер:

«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуiрдегi, «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi, «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес тиесiлi жеңiлдiктердi, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдердi алуға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу.

Әлеуметтiк-экономикалық қызметтердi ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

көрсетiлетiн қызметтердi алушыларға жеңiлдiктердi, жәрдемақыларды, өтемақыларды, және басқа да төлемдердi алуға, тұрғын үй мәселелерiн шешуге жәрдемдесу көрсетiлетiн қызметтердi алушылар үшiн қызығушылық тудыратын мәселелердi шешуде уақтылы, толық, бiлiктi әрi тиiмдi көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;

8) әлеуметтiк-құқықтық қызметтер:

арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласында және азаматтық, отбасылық, мүлiктiк және заттық құқықтарға, құжаттарды қалпына келтiруге, тұрақты тұратын жерiне қайта оралуға, алименттердi, келтiрiлген залал үшiн өтемақы өндiрiп алуға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтiк қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша заңдық консультация беру;

адам саудасының фактiлерiн тергеу, сот өндiрiсi және оны атқару шеңберiнде құқық қорғау, сот органдарымен ынтымақтасуға жәрдемдесу;

мемлекеттiң дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерiне азаматтық тиесiлiлiк бойынша қол жеткiзуге жәрдемдесу;

заңдық маңызы бар құжаттарды ресiмдеуге көмектесу;

келген жерi бойынша тiркеу және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтiру;

Елшiлiктерге, сыртқы iстер, iшкi iстер, әдiлет, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау, бiлiм беру органдары мен мекемелерiне арыздар (өтiнiштер, апелляциялар) дайындауда және беруде көмек көрсету;

арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсынатын және көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтiн ұйымдардың әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне өтiнiштер дайындауға және беруге көмек көрсету;

заңда белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды, әлеуметтiк төлемдердi алуға жәрдемдесу;

көрсетiлетiн қызметтердi алушының мүдделерiн бiлдiруге сенiмхаттарды ресiмдеу;

iс құжаттарын, нысандары мен материалдарын көрсетiлетiн қызметтердi алушының ана тiлiне аудару;

медициналық тексерулер кезiнде сотта, мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдар мен мекемелерде аудармашымен (мүмкiндiгiнше, көрсетiлетiн қызметтердi алушымен бiр жынысты) қамтамасыз ету.

сот-тергеу органдары мен мекемелерiнде көрсетiлетiн қызметтердi алушының мүдделерiн бiлдiру.

Әлеуметтiк-құқықтық қызметтердi ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

көрсетiлетiн қызметтердi алушыларға арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алу және өз мүдделерiн қорғау құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгiленген құқықтар мен ықтимал бұзушылықтардан қорғану тәсiлдерi туралы толық мағлұмат бередi;

көрсетiлетiн қызметтердi алушыларға азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама мәселелерi бойынша және басқа да мәселелер бойынша консультация беру оларға өздерiн қызықтыратын заңнамалық актiлер мен қозғалатын мәселелердегi құқықтар туралы мағлұмат бередi;

құжаттарды (өтiнiштер, шағымдар, анықтамалар және басқа да құжаттар) дайындауға және оларды тиiстi адресаттарға жiберуге көмектесу көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың құқықтары мен мүдделерiн қалпына келтiрумен (қорғаумен) байланысты мәселелердiң практикалық шешiлуiн қамтамасыз етедi;

медициналық тексерулер кезiнде, сотта, мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдар мен мекемелерде аудармашының қатысуы алушыны проблемаларды шешу процесiне қосуды қамтамасыз етедi, қайталанатын агрессияның алдын алуға оның қабiлетiн арттырады.

1) көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың еркiн нысандағы жазбаша өтiнiшi бойынша;

2) шарт бұзылған немесе оның қолданылу мерзiмi аяқталған жағдайда;

3) шарттың талаптары мерзiмiнен бұрын орындалған жағдайда;

4) жеке жоспардың iс-шаралары көзделген мерзiмнен бұрын орындалған жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудi аяқтауды жүзеге асырады.

42. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудi ұйым осы стандарттың 6-тармағында айқындалған медициналық қарсы көрсетiлiмдер анықталған жағдайда тоқтатады.

Мұндай жағдайларда көрсетiлетiн қызметтердi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi медициналық ұйымдарға, халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарына жiберiлуге немесе ауыстырылуға тиiс.

43. Көрсетiлетiн қызметтердi алушылар мынадай жағдайларда:

1) Iшкi тәртiп қағидаларын жүйелi түрде (үш реттен артық) бұзған, оның iшiнде есiрткi заттарын, спирттiк сусындарды iшке алып кiрген және тұтынған, тауар-материалдық құндылықтарды және өзге де мүлiктi бүлдiрген, құқыққа қарсы iс-қимылдар жасаған кезде;

2) көрсетiлетiн қызметтердi алушы ұйым аумағынан өз еркiмен кеткен және ұйым әкiмшiлiгiне ескертпей, үш тәулiктен көп уақыт болмаған жағдайда шарт бұзыла отырып ұйымнан шығарылуға тиiс.

Ұйым аумағынан кетiп қалған адам осы стандарттың 3-тарауына сәйкес жалпы негiздерде қайта қабылданады, ал дәлелдi себептермен (iшкi iстер органдарының ұстауы, денсаулық сақтау мекемесiнде болу, көрсетiлетiн қызметтердi алушыға қатысты қылмыс жасалған және басқа да жағдайларда) бұл туралы хабарлауға мүмкiндiгi болмаған адам — дереу қайта қабылдануға тиiс;

3) көрсетiлетiн қызметтердi алушылар тарапынан негiзсiз жәбiрлеп, айыптаған, шарттың талаптарын орындамаған жағдайларда шарт бұзыла отырып ұйымнан шығарылуға тиiс.

Арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну көрсетiлетiн қызметтердi алушы денсаулық сақтау мекемесiнде болған кезеңге тоқтатылады.

44. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудi аяқтау, тоқтату, көрсетiлетiн қызметтердi алушыларды ұйымнан шығару, басқа ұйымға жiберу немесе ауыстыру ұйым басшысының бұйрығы негiзiнде жүзеге асырылады.

45. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету аяқталған, тоқтатылған, көрсетiлетiн қызметтердi алушылар ұйымнан шығарылған, басқа ұйымға жiберiлген немесе ауыстырылған кезде оларға жеке және маусымға байланысты бекiтiлген киiм мен аяқкиiм, ұйымда сақталатын олардың құнды заттары (құжаттары) берiледi.

Жүктеу (DOCX 52 Kb)

Дата создания статьи: 26.12.2017 13:23
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2017 13:23
Қаралым саны: 491

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz