A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысы

•Мәтiн

•Ресми жарияланым

•Ақпарат

•Өзгерiстер тарихы

•Сiлтемелер

•Екi тiлде

•Көшiру

•Қағазға шығару

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 3-тармағынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған тауарларды өндiретiн және (немесе) беретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi                                                                                                         К.Мәсiмов


Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1181 қаулысымен
бекiтiлген

Тауарларды өндiретiн және (немесе) беретiн, жұмыстарды
орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы
мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi мен Қазақстан
Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған
ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiнiң тiзбесi

1. Төсек жаймаларының барлық атаулары, көрпе, матрастар, жамылғы, жастық түрлерi, сүлгi, майлық, жастық тыстары, матрасқа арналған тыстар, жаялықтар.

2. Аспаз костюмi, наубайшы костюмi, түрлi қалпақтар.

3. Дәретхана қағазы, қағаз сүлгiлер.

4. Перделер, машиналарға, креслоларға арналған тыстар, шымылдықтар.

5. Шахтер сөмкесi, түрлi қаптар, шахтер белбеуi.

6. Термотөзiмдi брезенттен жасалған костюм, мақта-матадан жасалған жұмыс костюмi, мақта-матадан жасалған далалық костюм, бүркемеленген далалық күртеше, брезент костюм, дәнекерлеушiнiң, аккумуляторшының костюмi, жұмыс комбинезоны, су өткiзбейтiн қанықтырмасы бар брезент жадағай, қарауыл жадағайы, резеңкеленген жадағай.

7. Түрлi бушлаттар, мақтадан жасалған күртеше, мақтадан жасалған жылы шалбар, синтепоннан сырып тiгiлген медициналық бушлат, «Зима» жылы костюмi, терiден тiгiлген костюм, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы кеудеше, жылы күртеше, бүркемеленген далалық костюм, шалбар, фуфайка, терiден тiгiлген костюм.

8. Әртүрлi пижамалар, ерлердiң iш киiмдерi, трусилер, шұлықтар, шұлғаулар, әртүрлi iшкi жейделер, әртүрлi жейделер.

9. Жаңа туған нәрестеге арналған жиынтық.

10. Қолғаптар мен биялайлардың барлық атауы.

11. Түрлi үшкiл орамалдар, шлемнiң астынан киетiн түрлi қалпақтар, беторамал, жаға астары.

12. Жұмыс халаты, түрлi алжапқыштар, бiрегей нысанды киiм, киiм-кешек (офицерлiк құрамнан басқа), сигналдық кеудеше, медициналық халаттардың барлық түрi, хирургиялық костюмдер, түрлi бахилалар, нысанды және арнайы киiм, көрпе, госпиталь халаттары, түрлi халаттар, мектеп формаларының барлық түрi.

13. Терi құлақшын.

14. Аяқкиiм тiгу және жөндеу.

15. Қоқысқа арналған қалақтар, түймелер, қыстырғыштар, шахматтар, дойбылар, iлгiштер, шыны банкаларға арналған металл, пластмасса қақпақтар, медициналық фольга қалпақтар, қорғаныш каскалар, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған контейнерлер, оқшаулау торабының Р-50, Р-65 оқшаулау бөлшектерi, құжат тiгiлетiн папкалардың құлыптары, шылапшындар, шелектер және электр энергиясын есепке алу құралдарына арналған тыстар мен корпустар, жануарларға арналған биркалар, дөңгелек металл щетка, жануарларға арналған шынжыр, рабица тор.

16. Құжат тiгiлетiн папкалар, конверттер, қағазға арналған папкалар, сызғыштар.

17. Орайтын қораптар, архив қораптары.

18. Фармацевтикалық қызмет, дәрiлiк заттарды өндiру, жасау және сату.

19. Биметалл камералық температуралық реле датчигi, автоөткiзгiштер, шамдар, розеткалар, өшiргiштер, ұзартқыштар, ИП 212-45 өрт кезiндегi хабарлағыштар, 1000 В-гe дейiнгi кернеудегi түрлi модификациядағы электр қалқандар, өрт сөндiру-күзет сигнализациясының аспаптары.

20. Көлiк құралдарының, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлардың қосалқы бөлшектерi (сүзгiлер, щеткалар, ору машинасына арналған тармақ, елейтiн шатун).

21. Орын-жайлар мен аумақтарды жинау.

22. Абаттандыру, көгалдандыру.

23. Мүгедектердiң демалысын және санаторийлiк-курорттық емдеудi ұйымдастыру.

24. Жерлеу бойынша көрсетiлетiн қызметтер.

25. Жерлеу бюросының көрсететiн қызметтерi.

26. Полиграфиялық, жарнамалық, баспаның көрсетiлетiн қызметтерi.

27. Қылқалам-щетка бұйымдары.

28. Мүгедектердiң оңалту техникасын (балдақтар, таяқтар, жасанды ағаш аяқтар, көтергiш құрылғылар мен механизмдер, телерадиоаппаратура) жасау, құрастыру, жөндеу және оған қызмет көрсету.

29. Ағаштан жасалған бұйымдар (түрлi саптар, ыдыс жәшiктер).

30. Орын-жайларды жалға беру.

31. Кресло-арбалар.

32. Жиһаз жасау.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1181 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзбесi

1. «Тауарлар өндiретiн және (немесе) беретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнен және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 16, 193-құжат).

2. «Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдарда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 4 мамырдағы № 431 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 285-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнен және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 7 тамыздағы № 618 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 43, 325-құжат).

Жүктеу (DOCX 20 Kb)

Дата создания статьи: 26.12.2017 11:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2017 11:56
Қаралым саны: 405

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: akmout@mail.online.kz