A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 11 желтоқсанда № 8950 тiркелдi

•Мәтiн

•Ресми жарияланым

•Ақпарат

•Өзгерiстер тарихы

•Сiлтемелер

•Екi тiлде

•Көшiру

•Қағазға шығару

«Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23) тармақшасына және «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Автомобиль көлiгi департаментi (Е.Е. Джұмашев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, соның iшiнде оны Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында және мемлекеттiк органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Әдiлет» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесiне ресми жариялауға көшiрмелерiн жiберудi;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жiберу туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi М.Қ. Пiшембаевқа жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министрдiң мiндетiн атқарушы                                                                                 С. Сарсенов


КЕЛIСIЛДI
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрi
_________________ Т.Дүйсенова
2013 жылғы «___» ____________

Жүктеу (DOCX 27 Kb)

Дата создания статьи: 26.12.2017 11:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2017 11:38
Қаралым саны: 336

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: akmout@mail.online.kz