A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерi мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң м.а. 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2016 жылы 28 наурызда № 13533 болып тiркелдi

1. Қоса берiлiп отырған Медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерi мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.

2. Әлеуметтiк қызметтер департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) тiркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн iшiнде оның көшiрмесiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшiн «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде бiр данада баспа және электрондық түрде жiберудi;

3) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялау үшiн жiберудi;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму вице-министрi С.Қ. Жақыповаға жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк
даму министрiнiң мiндетiн атқарушы                                                                                 Б. Нұрымбетов

КЕЛIСIЛДI
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi
____________Б. Сұлтанов
2016 жылғы 27 ақпан

Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2016 жылғы 24 ақпандағы

№ 139 бұйрығымен бекiтiлген
байланысты, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерi
мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша
берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану
қағидалары

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9934 болып тiркелген) бекiтiлген тәртiппен оның орналасу орны бойынша аумақтық қазынашылық органында ашылған қолма-қол ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттарына (бұдан әрi — ҚБШ) медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) тұратын және мемлекеттiң толық қамсыздандыруындағы адамдардың (бұдан әрi — адамдар) зейнетақы төлемдерi мен жәрдемақылары Заңның 6-бабында және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 21, 68-баптарында айқындалатын мөлшерде аударылады.

3. Психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) тұратын және мемлекеттiң толық қамсыздандыруындағы, сот шешiмiмен әрекетке қабiлетсiз және қамқорлыққа мұқтаж деп танылған адамдардың (бұдан әрi — қамқорлықтағылар) зейнетақы төлемдерi мен жәрдемақылары Заңның 6-бабында және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 21, 68-баптарында айқындалатын мөлшерде қамқорлықтағылардың ағымдағы шоттарына аударылады.

Қамқорлықтағыларға ағымдағы шоттарды медициналық-әлеуметтiк мекеменiң (ұйымның) басшысы (бұдан әрi — қамқоршы) екiншi деңгейдегi банктерде, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның банк операцияларының тиiстi түрлерiне лицензиялары бар ұйымдарда, «Қазпочта» акционерлiк қоғамының аумақтық бөлiмшелерiнде (бұдан әрi — зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым) ашады.

Қамқорлықтағы адамға ағымдағы шот ашу үшiн қамқоршы зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға адамды әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн, әрекетке қабiлетсiз адамға қамқоршылық белгiлеу туралы қамқоршылық және қорғаншылық органының шешiмiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу ережесiнде (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1199 болып тiркелген) көзделген құжаттарды ұсынады.

4. Қамқорлықтағылардың ағымдағы шоттарындағы зейнетақы төлемдерi мен жәрдемақыларды қамқоршы қосымша тамақ, ең қажеттi заттарды сатып алу үшiн қамқорлықтағылардың жеке қажеттiлiктерiне жұмсайды.

5. Адамдардың ҚБШ-ға түскен зейнетақы төлемдерi мен жәрдемақылары «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Жұмсақ инвентарьдың тiзбесiнде көрсетiлген жұмсақ инвентарьды, санитариялық гигиена заттарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекiтiлген тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесiне кiрмейтiн дәрiлiк заттар мен медициналық қызметтердi сатып алуға жұмсалады.

Медициналық-әлеуметтiк мекеме (ұйым) төлеу шотын ұсыну кезiнде оның негiздiлiгi мен дәйектiлiгi комиссия шешiмiнiң көшiрмесiн және құжаттардың көшiрмесiн (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткiзу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң актiсi немесе оның негiзiнде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа құжат) қоса беру (тiркеу) арқылы расталады.

6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекiтiлген халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарында көзделген нормаларға сәйкес жұмсақ инвентарьға қажеттiлiктiң және (немесе) олардың құнының артуы салдарынан ҚБШ-ға түсетiн қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жұмсақ инвентарь сатып алуға шығыстар көздейдi.

7. Адамдар мен қамқорлықтағылардың қажеттiлiктерiн айқындау мақсатында медициналық-әлеуметтiк мекеменiң (ұйымның) басшысы комиссия құрады.

Комиссияны медициналық-әлеуметтiк мекеменiң (ұйымның) басшысы немесе оның орынбасары басқарады, оның құрамына медициналық-әлеуметтiк мекеменiң медицина бөлiмшесiнiң меңгерушiсi, шаруашылық меңгерушiсi, бухгалтерi, диеталық тамақтану жөнiндегi мейiргерi, дәрiхана меңгерушiсi, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маманы, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органның (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкiлеттi өкiлi кiредi.

Комиссия тоқсан сайын және (немесе) қажеттiлiгiне қарай, бiрақ айына 1 реттен жиi емес ретте адамдардың санитариялық гигиена заттарына, жұмсақ инвентарьға, дәрiлiк заттар мен медициналық қызметтерге қажеттiлiгiн және қамқорлықтағылардың қосымша тамаққа, ең қажеттi заттарға қажеттiлiгiн айқындайы.

Комиссияның адамдар үшiн санитариялық гигиена заттарын, жұмсақ инвентарьды, дәрiлiк заттар мен медициналық қызметтердi сатып алу қажеттiлiгi туралы шешiмi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресiмделедi.

Комиссияның қамқорлықтағылар үшiн қосымша тамақ, ең қажеттi заттарды сатып алу қажеттiлiгi туралы шешiмi осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресiмделедi.

8. Қамқорлықтағылардың ағымдағы шоттарындағы зейнетақы төлемдерi мен жәрдемақыларды қамқоршы қамқоршылық және қорғаншылық органының алдын ала рұқсатымен комиссия шешiмiне сәйкес жұмсайды.

9. Адамдар үшiн санитариялық гигиена заттарын, жұмсақ инвентарьды, дәрiлiк заттар мен медициналық қызметтердi сатып алуға ҚБШ-дан жүргiзiлген шығыстар туралы мәлiметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес журналда көрсетiледi.

Қамқорлықтағылар үшiн қосымша тамақ, ең қажеттi заттар сатып алуға қамқорлықтағылардың ағымдағы шоттарынан жүргiзiлген шығыстар туралы мәлiметтер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес журналда көрсетiледi.

10. Медициналық-әлеуметтiк мекеменiң (ұйымның) басшысы ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн уәкiлеттi органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамдардың алынған зейнетақы төлемдерi мен жәрдемақыларын және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдерi мен әлеуметтiк жәрдемақыларын пайдалану туралы есептi ұсынады.

Қаражатты қолдану жөнiндегi есепке құжаттардың көшiрмелерi (шот-фактуралар немесе тауарды жеткiзу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң актiсi немесе оның негiзiнде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа құжат) қоса берiледi.

11. Жыл бойы санитариялық гигиена заттарын, жұмсақ инвентарьды, дәрiлiк заттар мен медициналық қызметтердi, қосымша тамақ, ең қажеттi заттарды сатып алу қажеттiлiгi туралы шешiмдер, сондай-ақ адамдар мен қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдерi мен жәрдемақыларды пайдалану жөнiндегi шығыс құжаттары iстерге (есептi кезеңнiң айлары бойынша жеке-жеке және қаражатты орналастыру бойынша бөлек) қалыптастырылады.

Көрсетiлген құжаттар «Сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттар тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10345 болып тiркелген) талаптарына сәйкес медициналық-әлеуметтiк мекеменiң (ұйымның) бухгалтериясында сақталады.

12. Адамдар мен қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдерi мен жәрдемақыларының дұрыс жұмсалуын бақылауды «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабының 3-тармағына сәйкес уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Жүктеу (DOCX 28 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 26.12.2017 15:04
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2017 15:04
Қаралым саны: 779

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz