A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
       Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз!


      1. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері 24 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленетін маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері алымдарды төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне байланысты осы қаулыға қосымшаға сәйкес мөлшерлерде белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бірақ 2017 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов


 Үкіметінің       
2016 жылғы 18 тамыздағы
 № 459 қаулысына    
 қосымша       

Р/с
Экономикалық қызмет түрінің атауы Айлық есептік көрсеткішпен мөлшерлемелер
шетелдік жұмыскерлердің бірінші санаты шетелдік жұмыскерлердің екінші санаты шетелдік жұмыскерлердің үшінші санаты шетелдік жұмыскерлердің төртінші санаты
1 2 3 4 5 6
1 Ауыл, орман және балық шаруашылығы 137 158 179 200
2 Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 154 178 202 225
3 Өңдеуші өнеркәсіп 154 178 202 225
4 Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау 137 158 179 200
5 Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау 137 158 179 200
6 Құрылыс 171 198 224 250
7 Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу 154 178 202 225
8 Көлік және қоймаға жинау 137 158 179 200
9 Тұру және тамақтану бойынша қызметтер 137 158 179 200
10 Ақпарат және байланыс 137 158 179 200
11 Қаржы және сақтандыру қызметі 137 158 179 200
12 Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар 137 158 179 200
13 Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет 137 158 179 200
14 Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 137 158 179 200
15 Міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 137 158 179 200
16 Білім беру 137 158 179 200
17 Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер 137 158 179 200
18 Өнер, ойын-сауық және демалыс 137 158 179 200
19 Өзге де қызмет түрлерін ұсыну 154 178 202 225
20 Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін үй шаруашылықтарының қызметі 137 158 179 200
21 Бұрынғы аумақтық ұйымдардың және органдардың қызметі 137 158 179 200

 

Дата создания статьи: 25.12.2017 12:27
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.12.2017 12:27
Қаралым саны: 505

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz