A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi № 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi (бұдан әрi — тiзбе) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн тiзбенiң 3-тармағының 13), 14) және 15) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi                                                                                        Б. Сағынтаев


№ исх: 102 от: 03.03.2017

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2017 жылғы « » __________
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 20 шiлдедегi
№ 754 қаулысымен
бекiтiлген

Мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi

1. Протездiк-ортопедиялық құралдар:

1) қол протездерi (иық протездерi, бiлек протездерi, қол-саусақ протездерi);

2) жiлiншiк протездерi;

3) жамбас протездерi;

4) кеуде бездерiнiң протездерi;

5) аппараттар, туторлар;

6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;

7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;

8) бандаждар, емдiк белбеулер, балалардың профилактикалық шалбаршалары;

9) ортопедиялық аяқкиiм және қосымша құрылғылар (кебiстер, супинаторлар);

10) аппараттарға арналған аяқкиiм;

11) жейде киюге арналған құрылғы;

12) колготки киюге арналған құрылғы;

13) шұлық киюге арналған құрылғы;

14) түйме тағуға арналған құрылғы (iлмек);

15) белсендi ұстағыш;

16) ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш;

17) қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш;

18) кiлтке арналған ұстағыш.

2. Сурдотехникалық құралдар:

1) есту аппараттары;

2) веб-камерасы бар ноутбук;

3) көп функционалды дабылды жүйелер;

4) мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметi бар ұялы телефондар;

5) саңырау және нашар еститiн адамдарға арналған сағаттар;

6) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары;

7) дауыс шығаратын аппарат.

3. Тифлотехникалық құралдар:

1) тифлотаяқтар;

2) оқу машиналары;

3) сөйлеу синтезi бар экрандық қол жеткiзу бағдарламасымен қамтамасыз етiлген ноутбук;

4) Брайль жүйесi бойынша жазу құралы;

5) Брайль жүйесi бойынша жазу грифелi;

6) рельефтi-ноқатты қарiппен жазуға арналған қағаз;

7) дыбыспен хабар беретiн және диктофоны бар ұялы телефондар;

8) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер;

9) нашар көретiн адамдарға арналған сағаттар;

10) сөз шығаратын термометр;

11) сөз шығаратын тонометр;

12) тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр;

13) брайль қарпiн өз бетiмен үйренуге болатын сөйлейтiн құрал;

14) Брайль бойынша алмалы-салмалы әлiппе;

15) көру қабiлетi бұзылған мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тiгiн инелерi.

4. Арнаулы жүрiп-тұру құралдары:

1) бөлмеде жүрiп-тұруға арналған кресло-арбалар;

2) серуендеуге арналған кресло-арбалар.

5. Мiндеттi гигиеналық құралдар:

1) несеп қабылдағыштар;

2) нәжiс қабылдағыштар;

3) жөргектер;

4) сiңiргiш жаймалар (жаялықтар);

5) катетер;

6) стоманың айналасындағы терiнi қорғау және тегiстеуге арналған паста-герметик;

7) қорғаныш крем;

8) сiңiргiш ұнтақ (опа);

9) иiстi бейтараптандырғыш;

10) терiнi тазартқыш;

11) санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық;

12) дәретхана бөлмесiне арналған қайырмалы тiреуiш тұтқалар;

13) жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар.

___________________

Пошталық мекен-жайы: 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көш

Мақаланың шыққан күні: 26.12.2017 10:20
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2017 10:20
Қаралым саны: 640

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz