A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы

•Мәтiн

•Ресми жарияланым

•Ақпарат

•Өзгерiстер тарихы

•Сiлтемелер

•Екi тiлде

•Көшiру

•Қағазға шығару

Жинақталған:

•МАЗМҰНЫ

•стандарттары

Қолданушылар назарына!

Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшiн РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

РҚАО-ның ескертпесi!

Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 22-баптан қараңыз.

Осы Заң өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер — өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтiк проблемаларды еңсеру үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн және оның қоғам өмiрiне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкiндiктер жасауға бағытталған қызметтер кешенi;

2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлер — арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жөнiндегi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес секторларда жұмыс iстейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

3) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттары — арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету сапасын, көлемiн және шарттарын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;

4) әлеуметтiк бейiмсiздiк — жеке адамның әлеуметтiк ортамен өзара байланысының бұзылуы;

5) әлеуметтiк депривация — адамның (отбасының) негiзгi өмiрлiк қажеттiлiктерiн өз бетiнше қанағаттандыру мүмкiндiгiн шектеу және (немесе) одан айрылу;

6) әлеуметтiк қызметкер — арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн және (немесе) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгiленген талаптарға сәйкес келетiн қажеттi бiлiктiлiгi бар қызметкер;

7) әлеуметтiк орта — адамның (отбасының) өмiр сүруiнiң, қалыптасуы мен қызмет атқаруының материалдық, экономикалық, әлеуметтiк, саяси және рухани жағдайларының жиынтығы;

8) өмiрлiк қиын жағдай — адамның тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын, осы Заңда көзделген негiздер бойынша танылған ахуал.

2-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк

қызметтер туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясынанегiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

4-бап. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы

мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi мен

мiндеттерi

1. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясат:

1) адамның құқықтарын сақтау;

2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудiң iзгiлiк, ерiктiлiк, құпиялылық, атаулылық және қолжетiмдiлiк;

3) өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасыларының), арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуға тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету;

4) мемлекеттiк органдардың арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлермен өзара iс-қимылы;

5) кешендiлiк;

6) әлеуметтiк ықпалдасу және халықтың өмiр сүру сапасын жақсарту принциптерiне негiзделедi.

2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi:

1) өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде оны еңсеру үшiн жағдай жасау;

2) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiмен қамтамасыз ету;

3) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету;

4) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң мониторингi және оның сапасын бағалау жүйесiн дамыту;

5) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жүйесiнiң дамуын қамтамасыз ету;

6) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

7) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

2-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДIҢ

ТҮРЛЕРI ЖӘНЕ НЕГIЗДЕРI

5-бап. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң түрлерi

1. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн және ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтердi қамтиды.

2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң бiрыңғай тiзбесi болып табылады.

2-1. Арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемi «Ең төмен әлеуметтiк стандарттар және олардың кепiлдiктерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтiк стандарт болып табылады.

3. Ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтер денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнен тыс ақылы негiзде көрсетiледi.

4. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер ақпараттық, консультациялық және делдалдық қызметтер түрiнде жалпы сипаттағы қызметтер көрсетудi қамтуы мүмкiн.

5. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн, мемлекеттiк секторда жұмыс iстейтiн субъектiлер жалпы сипаттағы қызметтердi бюджет қаражаты есебiнен көрсетедi.

6. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес келуге тиiс.

7. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнен тыс көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң қосымша көлемiн көрсетудiң тiзбесi мен тәртiбiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары бекiтедi.

8. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Ескерту. 5-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.12.2015 № 433-V(01.01.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

6-бап. Адам (отбасы) өмiрлiк қиын жағдайда деп танылуы

мүмкiн негiздер

1. Адам (отбасы) мынадай:

1) жетiмдiк;

2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;

3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;

3-1) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында болуы;

4) үш жасқа дейiнгi балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiң шектелуi;

5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

6) әлеуметтiк мәнi бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуi;

7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;

8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгездiк;

9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);

10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;

11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде болу негiздерi бойынша өмiрлiк қиын жағдайда деп танылуы мүмкiн.

2. Әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып айқындайды.

Жасалған әрекеттерге қатысты қылмыстық iс жүргiзудi қозғау фактiсiнiң бар-жоғына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына, оның iшiнде кәмелетке толмағандар саудасына, оларды пайдаланудың өзге де түрлерiне байланысты әрекеттер, сондай-ақ адам ұрлау әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiк таныту нысандары болып табылады.

Ескерту. 6-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

3-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДI

МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнаулы

әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы

құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесiн бекiтедi;

3) алып тасталды — ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

4) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету бойынша арнаулы әлеуметтiк қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың ерекше тәртiбiн айқындайды;

5) алып тасталды — ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

6) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Ескерту. 7-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

8-бап. Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау

саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде:

1) арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтер ұсыну саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

2) мыналарды:

арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын;

бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша әлеуметтiк жұмыскерлердi аттестаттау тәртiбiн;

әлеуметтiк жұмыскерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;

бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау тәртiбiн;

халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтер ұсынатын ұйымдарда iшкi құжаттаманы жүргiзу тәртiбiн;

халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтер ұсынатын ұйымдарда киiмдi және жұмсақ мүкәммалды есепке алу тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;

3) мыналарды:

арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну бойынша мониторинг жүргiзудi;

халықтың арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтерге қажеттiлiктерiне талдау жүргiзудi;

арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтер ұсыну саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етедi;

4) мыналарды:

Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды;

арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну жүйесiн әдiстемелiк қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi;

жеке және заңды тұлғалармен, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен және басқа да мемлекеттiк органдармен арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтер ұсыну мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасауды;

осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда — ҚР 03.12.2015 № 433-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi).

9-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның

құзыретi

Ескерту. 9-бап алып тасталды — ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

10-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның

құзыретi

Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде:

1) арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

2) бiлiм беру саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарын әзiрлейдi және бекiтедi;

3) әлеуметтiк қызметкерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларды аттестаттау тәртiбiн әзiрлейдi және денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша бекiтедi;

4) әлеуметтiк қызметкерлер мамандықтарының тiзбесiн, оларды даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру стандарттарын бекiтедi;

5) мыналарды:

арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну бойынша мониторинг жүргiзудi;

халықтың арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтерге қажеттiлiгiне талдау жүргiзудi;

арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етедi;

6) мыналарды:

Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;

жеке және заңды тұлғалармен, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және басқа да мемлекеттiк органдармен арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасауды;

осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда — ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

11-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың

және астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар

қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының

құзыретi

1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде:

1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

2) мыналарды:

жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

3) мыналарды:

арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн, өз қарамағындағы субъектiлердi құруды және олардың қызметiн;

арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердiң арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнкөрсетуiн;

халықтың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктерiне талдау жүргiзудi қамтамасыз етедi;

4) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердi кадрмен қамтамасыз етудi, әлеуметтiк қызметкерлердi кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

5) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жүйесiн дамыту жөнiнде шараларды қабылдайды;

6) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнен тыс көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң қосымша көлемiн көрсетудiң тiзбесi мен тәртiбiн әзiрлейдi және оларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының бекiтуiне ұсынады;

7) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi және арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау жөнiндегi қызметтердi көрсету бойынша мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орналастырады;

8) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде:

1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн, өз қарамағындағы субъектiлердi құруды және олардың қызметiн қамтамасыз етедi;

3) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердi кадрмен қамтамасыз етудi, әлеуметтiк қызметкерлердi кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

4) халықтың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктерiне талдау жүргiзудi қамтамасыз етедi;

5) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi және арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау жөнiндегi қызметтердi көрсету бойынша мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орналастырады;

6) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жүйесiн дамыту жөнiнде шараларды қабылдайды;

7) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;

8) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

4-тарау. ӨМIРЛIК ҚИЫН ЖАҒДАЙДА ЖҮРГЕН АДАМҒА (ОТБАСЫНА)

АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДI ҰЙЫМДАСТЫРУ

12-бап. Өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамның

(отбасының) құқықтары мен мiндеттерi

1. Өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының):

1) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң көрсетiлуiне өтiнiш бiлдiруге;

2) өзiнiң құқықтары, мiндеттерi мен арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң көрсетiлу шарттары туралы ақпарат алуға;

3) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiкке бағалау жүргiзуге және оны айқындауға қатысуға;

4) ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн және (немесе) ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердi таңдауға;

5) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуға немесе олардан бас тартуға;

6) лауазымды адамдардың, сондай-ақ арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердiң iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға;

7) лауазымды адамдарға немесе арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлерге мәлiм болған жеке сипаттағы ақпараттың құпиялылығына құқығы бар.

2. Өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адам (отбасы):

1) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi айқындау және оларды көрсету туралы шешiм қабылдау үшiн толық және дұрыс ақпарат беруге;

2) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiкке бағалау жүргiзу және оны айқындау процесiне кедергi келтiрмеуге;

3) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердi осы қызметтердi көрсетуге әсер ететiн мән-жайлардың өзгергенi туралы уақтылы хабардар етуге мiндеттi.

Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

13-бап. Өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының)

арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң көрсетiлуiне

өтiнiш бiлдiруi

1. Өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұратын жерi бойынша (осы Заңның 15-бабының 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң көрсетiлуiне:

1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген және (немесе) кепiлдiк берiлген көлемнен тыс көрсетiлетiн қосымша көлемiне;

2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлерге ақылы қызметтерге;

3) мыналарға:

әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн кызметтер ұсынатын субъектiлерге;

тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбiрленушiлерге көмек көрсететiн субъектiлерге;

баспанасыздық салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдарға) арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн кызметтер ұсынатын субъектiлерге арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтердiң кепiлдiк берiлген және (немесе) кепiлдiк берiлген көлемнен тыс көрсетiлетiн қосымша көлемiне жазбаша өтiнiш беру арқылы жүгiнедi.

2. Өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) мүддесi үшiн арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету туралы өтiнiштi адамның (отбасының) өз бетiнше оны бере алмау себебiн көрсете отырып:

1) отбасының ересек мүшелерiнiң бiреуi;

2) қамқоршысы (қорғаншысы);

3) кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi;

4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенiмхаты бар адам;

5) мынадай:

әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау;

баспанасыздық салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамға) арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтер ұсынатын субъект;

6) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған көмек көрсету жөнiндегi ұйым бере алады.

Ескерту. 13-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

14-бап. Арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi

бағалау және айқындау

1. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер айқындайтын өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiгiн бағалау және айқындау негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiкке бағалау жүргiзу және оны айқындау кезiндегi критерийлер:

1) тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуi;

2) әлеуметтiк бейiмсiздiк;

3) әлеуметтiк депривация;

4) қолайсыз әлеуметтiк орта болып табылады.

3. Әлеуметтiк жұмыскер осы Заңның 13-бабында көрсетiлген адамдардан өтiнiш келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының тапсырмасы бойынша осы Заңның 8-бабы 2) тармақшасының бесiншi абзацында белгiленген тәртiппен арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтерге мұқтаждықты бағалауды және айқындауды жүргiзедi.

4. Арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау және айқындау негiзiнде қорытынды дайындайды, онда қызметтiң түрi, алушының санаты, қызмет көрсетiлетiн жер, қызметтiң көрсетiлу ұзақтығы, қызметтiң мазмұны, жеке ерекшелiктерi айқындалады.

Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 03.12.2015 № 433-V Заңымен (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз).

15-бап. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету

1. Адам саудасына және баспанасыздыққа байланысты әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтердiң кепiлдiк берiлген және кепiлдiк берiлген көлемнен тыс көрсетiлетiн қосымша көлемдерiн ұсыну бюджет қаражаты есебiнен көрсетiлген жағдайда олар аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтерге мұқтаждықты бағалау және айқындау жөнiндегi әлеуметтiк жұмыскердiң қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтер ұсыну туралы шешiм қабылдайды.

Аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтер ұсыну туралы шешiм қабылдағанға дейiн осы адам (отбасы) арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтер ұсынатын немесе тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбiрленушiлерге көмек көрсететiн субъектiлерде, олар бюджет қаражаты есебiнен ұсынылған (көрсетiлген) жағдайда тұра алады.

3. Бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтер ұсынудан бас тартылған жағдайда аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi және арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтерге мұқтаждықты бағалауды жүргiзу және оны айқындау үшiн ұсынылған құжаттарды қайтарады.

4. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуден бас тарту үшiн:

1) осы Заңның 6-бабында көрсетiлген негiздерге сәйкес келмеуi;

2) ұсынылған мәлiметтер мен құжаттардың дұрыс еместiгi негiз болып табылады.

5. Бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудi арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлер оларды көрсету туралы шешiм қабылданған күннен бастап жүзеге асырады.

6. Ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) және арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлер жасасқан шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

7. Баспанасыздық, әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамға) арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтер тұратын жерiне қарамастан ұсынылады.

Ескерту. 15-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

16-бап. Әлеуметтiк қызметкерлердiң құқықтары

мен мiндеттерi

1. Әлеуметтiк қызметкердiң:

1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласына жаңа әдiстемелер енгiзуге, ғылыми-зерттеу қызметiмен айналысуға;

2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын сақтаған жағдайда, арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы қызметтi ұйымдастырудың әдiстерi мен нысандарын еркiн таңдауға;

3) кемiнде бес жылда бiр рет бiлiктiлiгiн арттыруға құқығы бар.

2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтiк қызметкер осы баптың 1-тармағында белгiленген құқықтардан басқа:

1) жергiлiктi атқарушы органдардан қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;

2) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiкке бағалау жүргiзу және оны айқындау үшiн қажеттi мамандарды тартуға құқылы.

3. Әлеуметтiк қызметкер:

1) өзiнiң кәсiби құзыретi саласында тиiстi теориялық және практикалық бiлiмдi меңгеруге;

2) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасын қамтамасыз етуге;

3) өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) туралы құпия ақпаратты жария етпеуге;

4) өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) қатысты кемсiтушiлiкке жол бермеуге;

5) кәсiби шеберлiгiн тұрақты жетiлдiрiп отыруға;

6) кемiнде бес жылда бiр рет аттестаттаудан өтуге мiндеттi. Арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтiк қызметкер, осы баптың 3-тармағында белгiленген мiндеттерден басқа, өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудегi қажеттiлiкке сапалы бағалау жүргiзуге және оны айқындауға мiндеттi.

17-бап. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн

субъектiлердiң құқықтары мен мiндеттерi

1. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлер:

1) бюджет қаражаты есебiнен көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтер, арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған конкурстарға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы және мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес қатысуға;

2) ақылы негiзде арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге;

3) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындауды жүзеге асыруға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң көлемi мен түрлерiне бағалау жүргiзу және оны айқындау үшiн қажеттi ақпаратты жергiлiктi атқарушы органдардан сұратуға және алуға құқылы.

2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлер:

1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын сақтауға;

2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету үшiн қажеттi жағдайлар жасауға;

3) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алушылар мен олардың отбасы мүшелерiнiң қадiр-қасиетiн құрметтеуге;

4) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алушылар мен олардың отбасы мүшелерiне адамгершiлiкпен қарауға және кемсiтушiлiк iс-әрекеттерге жол бермеуге;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету кезiндегi құпиялылықты қамтамасыз етуге;

6) әлеуметтiк қызметкерлердi даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.

18-бап. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жөнiндегi

қызметтi лицензиялау

Ескерту. 18-бап алып тасталды — ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

19-бап. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн

субъектiлердi қаржыландыру

Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердi қаржыландыру:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты;

2) ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуден алынған қаражат;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

20-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк

қызметтер туралы заңнамасының сақталуын

мемлекеттiк бақылау

1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъект осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда, уәкiлеттi орган:

1) тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлерге бұзушылықтарды жою туралы орындалуға мiндеттi ұйғарымдар жiбередi;

2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiнi (оның лауазымды адамдарын) Қазақстан Республикасының заңдарындабелгiленген жауаптылыққа тарту үшiн қажеттi шараларды қолданады.

3. Мемлекеттiк органдардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым жасалуы мүмкiн .

Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда — ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

21-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк

қызметтер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн

жауаптылық

Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Мақаланың шыққан күні: 26.12.2017 12:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2017 12:43
Қаралым саны: 811

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz