A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1065 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12773 болып тiркелдi

•Мәтiн

•Ресми жарияланым

•Ақпарат

•Өзгерiстер тарихы

•Сiлтемелер

•Екi тiлде

•Көшiру

•Қағазға шығару

РҚАО-ның ескертпесi!

Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) тауарларды өндiретiн және (немесе) тауарларды беретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардың тiзбесi;

2) Тауарларды өндiретiн және (немесе) тауарларды беретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардың тiзбесiне енгiзу қағидалары бекiтiлсiн.

2. «Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнен және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 ақпандағы № 99 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11248 болып тiркелген, «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Әлеуметтiк қызметтер департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберудi;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Заң қызметi департаментiне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму вице-министрi С.Қ. Жақыповаға жүктелсiн.

5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрi Т. Дүйсенова


«КЕЛIСIЛДI»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi
_________________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 29 желтоқсан

Жүктеу (DOCX 34 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 26.12.2017 12:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2017 12:05
Қаралым саны: 813

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz