A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы

Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Заңы

Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбiн 13-баптан қараңыз.

Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)» деген сөздер тиiсiнше «ауыл, ауылдық», «ауылдың, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды — ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Осы Заң балалы отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар түрiнде әлеуметтiк қолдау көрсетуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1) балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар (бұдан әрi — жәрдемақылар):

бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетiн бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi — бала туғанда берiлетiн жәрдемақы);

бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi — бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы);

РҚАО-ның ескертпесi!

1) тармақшаның төртiншi абзацы жаңа редакцияда көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi — балаларға арналған жәрдемақы);

мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi — мүгедек баланы тәрбиелеушiге берiлетiн жәрдемақы) түрiндегi ақшалай төлемдер;

РҚАО-ның ескертпесi!

2) тармақша жаңа редакцияда көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

2) бала туғанда берiлетiн, бала күтiмi жөнiндегi және мүгедек баланы тәрбиелеушiге берiлетiн жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган — уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi;

РҚАО-ның ескертпесi!

3) тармақшаны алып тастау көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган — республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы;

4) отбасы — некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы;

РҚАО-ның ескертпесi!

5) тармақшаны алып тастау көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

5) отбасының жиынтық табысы — отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;

РҚАО-ның ескертпесi!

6) тармақшаны алып тастау көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы — отбасы жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесiне ай сайын келетiн үлесi;

РҚАО-ның ескертпесi!

7) тармақшаға өзгерiс енгiзу көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

7) өтiнiш берушi — жәрдемақылар тағайындату үшiн отбасы атынан өтiнiш беретiн адам;

РҚАО-ның ескертпесi!

8) тармақшаны алып тастау көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

8) учаскелiк комиссия — әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытынды дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнаулы комиссия;

9) уәкiлеттi мемлекеттiк орган — халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

10) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету, «бiр терезе» қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуге өтiнiштер қабылдау және көрсетiлетiн қызметтi алушыға олардың нәтижелерiн беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру үшiн, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтер көрсетудi қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған заңды тұлға;

11) алып тасталды — ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi).

Ескерту. 1-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 2007.12.19 № 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.02 № 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға қолданылады.

РҚАО-ның ескертпесi!

2-бапты екiншi бөлiкпен толықтыру көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы

заңнамасы

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Уәкiлеттi мемлекеттiк орган:

1) балалы отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау және төлеу қағидаларын және балаларға арналған жәрдемақыны алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;

2) қаржылық және өзге де есептiлiктiң тiзбесiн, нысандарын және Мемлекеттiк корпорацияның оны ұсыну мерзiмдерiн айқындайды;

3) құзыретi шегiнде Мемлекеттiк корпорацияның қызметiн тексерудi жүзеге асырады;

4) балалы отбасыларды әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелердi қолдау қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;

5) балалы отбасыларды әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткiзу қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;

6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. Заң 3-1-баппен толықтырылды — ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi).

Мемлекеттiк корпорация:

1) жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға беру үшiн құжаттар қабылдауды және олардың жинақталуын тексерудi жүзеге асырады;

2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу iстерiнiң макеттерiн қалыптастыру мәселелерi бойынша жәрдемақылар тағайындау жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органдармен өзара iс-қимыл жасайды;

3) балалы отбасыларға жәрдеамақыларды уақтылы төлеудi қамтамасыз етедi;

4) балалы отбасыларды әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелердi жүргiзудi және жаңартып отыруды жүзеге асырады;

5) бала туғанда, бала күтiмiне байланысты және мүгедек баланы тәрбиелеушiге берiлетiн жәрдемақы төлеуге қажеттiлiктi есептеу бойынша болжамды деректердi қалыптастырады;

6) жәрдемақы төлемдерiне ай сайынғы қажеттiлiктердi және оны төлеу графиктерiн қалыптастырады, бала туғанда, бала күтiмiне байланысты және мүгедек баланы тәрбиелеушiге берiлетiн жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтiнiмдердi уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiбередi;

7) балалы отбасыларды әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкiлеттi мемлекеттiк органға бередi.

Ескерту. Заң 3-2-баппен толықтырылды — ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi).

1) бала туғанда берiлетiн жәрдемақы;

РҚАО-ның ескертпесi!

2) тармақша 2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.

2) мынадай жағдайларда:

бала күтiмiн жүзеге асыратын адам мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болып табылмайтын;

2008 жылғы 1 қаңтарға дейiн туған баланың күтiмiн жүзеге асыратын адам мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болып табылатын жағдайларда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы;

РҚАО-ның ескертпесi!

3) тармақша жаңа редакцияда көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

3) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлiк себетiнiң құнынан төмен болған жағдайда, балаларға арналған жәрдемақы;

4) мүгедек баланы тәрбиелеушiге берiлетiн жәрдемақы алуға құқығы бар.

РҚАО-ның ескертпесi!

2-тармақты алып тастау көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

2. Балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы анықтаманы ұсыну арқылы расталып отырады.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2007.12.19 № 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.02 № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

РҚАО-ның ескертпесi!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

2. Тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш:

1) Мемлекеттiк корпорацияға — бала туғанда берiлетiн жәрдемақы, бала күтiмiне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушiге берiлетiн жәрдемақы;

2) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе Мемлекеттiк корпорацияға — балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар отбасының тұрғылықты жерi бойынша берiледi.

Тұрғылықты жерi бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган болмаған кезде өтiнiш берушi балаларға арналған жәрдемақы тағайындау үшiн кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне өтiнiш жасайды.

Адамдар бала туғанда берiлетiн жәрдемақы мен бала күтiмiне байланысты жәрдемақы тағайындау үшiн «электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы өтiнiш жасауға құқылы.

Ата-анасының бiрiнiң, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының жәрдемақы тағайындау туралы жеке өзi өтiнiш жасауға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, ата-анасы, қорғаншылары немесе қамқоршылары белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш жасауға басқа адамдарға уәкiлеттiк беруге құқылы.

РҚАО-ның ескертпесi!

3-тармақты алып тастау көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

3. Мемлекеттiк корпорация өтiнiш қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушi түпнұсқада ұсынған өтiнiштiң, құжаттар мен мәлiметтердiң электрондық көшiрмелерiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерiнен алынған электрондық құжаттар мен мәлiметтердi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.

РҚАО-ның ескертпесi!

4-тармақтың бiрiншi бөлiгiне өзгерiс енгiзу көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

4. Мемлекеттiк органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтiнiш берушi туралы сұратылып отырған мәлiметтердiң жоқ екенiн растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, Мемлекеттiк корпорацияға немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға сұрау салуды жүзеге асырғандар ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен және мерзiмдерде ақпараттық жүйелердегi өтiнiш берушi туралы мәлiметтердi сәйкес келтiру үшiн құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттiгi туралы өтiнiш берушiнi хабардар етедi.

РҚАО-ның ескертпесi!

4-тармақтың екiншi бөлiгi жаңа редакцияда көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

Өтiнiш берушi туралы бұрын болмаған мәлiметтердiң бар екендiгiн ақпараттық жүйелер белгiленген тәртiппен растаған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақының, бала күтiмiне байланысты жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушiге берiлетiн жәрдемақының, балаларға арналған жәрдемақының тағайындалған күнi болып өтiнiш берушiнiң Мемлекеттiк корпорацияға немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға тағайындау үшiн өтiнiш жасаған күнi есептеледi.

5. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы мен бала күтiмiне байланысты жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш жасау мерзiмдерi бала туған күннен бастап он екi айдан аспауға тиiс.

6. Өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық және анық мәлiметтер ұсынуға мiндеттi.

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда — ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

тәртiппен тиiстi уәкiлеттi орган жүргiзедi.

РҚАО-ның ескертпесi!

1-2-тармақты алып тастау көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

1-2. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға құжаттарды қабылдағаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде оларды қорытынды дайындау үшiн учаскелiк комиссияларға бередi.

Учаскелiк комиссиялар уәкiлеттi органнан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтiнiш берушiнiң материалдық жағдайын тексеру нәтижелерi негiзiнде қорытынды дайындайды және оны балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне бередi.

Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi өтiнiш берушiден құжаттарды қабылдаған жағдайда, оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей учаскелiк комиссияның қорытындысымен қоса балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға бередi.

РҚАО-ның ескертпесi!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

2. Тиiстi уәкiлеттi орган өтiнiштi қажеттi құжаттарымен, оның iшiнде электрондық құжаттарымен қоса, олардың Мемлекеттiк корпорацияда немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркелген күнiнен бастап, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда — мемлекеттiк органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерiнiң өтiнiш берушi туралы мәлiметтердi растаған күнiнен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде қарайды.

Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау өтiнiш берушi ұсынған құжаттар мен мәлiметтер, сондай-ақ балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе Мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерiнен алған электрондық құжаттар мен мәлiметтер және учаскелiк комиссияның қорытындысы негiзiнде жүзеге асырылады.

Тиiстi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей тағайындау немесе бас тарту (себебiн көрсетiп) туралы қабылданған шешiм жөнiнде жазбаша не Мемлекеттiк корпорация арқылы электрондық құжат жiберу жолымен, ал «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы өтiнiш жасаған кезде — бiр жұмыс күнi iшiнде электрондық нысанда хабарлайды.

РҚАО-ның ескертпесi!

3-тармақты алып тастау көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

3. Уәкiлеттi орган тиiстi органдардан өтiнiш берушiнiң балаларға арналған жәрдемақы тағайындалу құқығын растайтын мәлiметтер сұратуға құқылы.

4. Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi органның әрекетiне және шешiмiне жоғары тұрған уәкiлеттi органдарға, сондай-ақ сот тәртiбiмен шағым жасауға құқығы бар.

5. Толық мемлекет қарауындағы балаларға жәрдемақы тағайындалмайды.

6. Төлемдi тағайындайтын немесе төлеудi жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақтылы алынбаған жәрдемақылар сомалары өткен уақыт үшiн мерзiмiне шек қойылмай төленедi.

Ескерту. 6-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 2009.12.02 № 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

мен төлеу

2. Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

РҚАО-ның ескертпесi!

8-бап 2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.

мен төлеу

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар болып табылатын және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейiн туған баланың күтiмiн жүзеге асыратын адамдарға бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы баланың туған күнiнен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзiмге тағайындалады.

2. Бiр жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтiмдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларға бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгiлеу туралы шешiм қабылданған күннен бастап тағайындалады.

4. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау кезiнде отбасы құрамындағы ата-анасы өздерiне қатысты ата-аналық құқығынан айрылған балалар есепке алынбайды.

Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2007.12.19 № 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.02 № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

РҚАО-ның ескертпесi!

9-бап жаңа редакцияда көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

9-бап. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен

төлеу

2. Балаларға арналған жәрдемақы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ескерiле отырып ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өтiнiш берген айдан бастап ай сайын төленедi.

3. Азаматтар алғаш рет өтiнiш жасаған кезде, сондай-ақ отбасы табысының мөлшерiне әсер ететiн жағдайлар өзгергенде, уәкiлеттi орган немесе кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi учаскелiк комиссияның отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзуi туралы шешiм қабылдайды.

Жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша учаскелiк комиссия отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және қорытындысын уәкiлеттi органға табыс етедi.

4. Балаларға арналған жәрдемақыны алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледi.

Ескерту. 9-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 2009.12.02 № 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

жәрдемақыны тағайындау және төлеу

2. Отбасында екi және одан да көп мүгедек бала тұрған жағдайда жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленедi.

3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алған мүгедек балалары бар отбасыларға мүгедек баланы тәрбиелеушiге берiлетiн жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешiмi заңды күшiне енгiзiлген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгiлеу туралы шешiм қабылданған күннен бастап тағайындалады.

Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды — ҚР 2009.12.02 № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

1) бала туғанда берiлетiн жәрдемақы:

бiрiншi, екiншi, үшiншi балаға — 31,41 айлық есептiк көрсеткiш;

төртiншi және одан кейiнгi балаларға — 52,35 айлық есептiк көрсеткiш;

2) бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы:

бiрiншi балаға — 5,76 айлық есептiк көрсеткiш;

екiншi балаға — 6,81 айлық есептiк көрсеткiш;

үшiншi балаға — 7,85 айлық есептiк көрсеткiш;

төртiншi және одан кейiнгi балаларға — 8,90 айлық есептiк көрсеткiш;

РҚАО-ның ескертпесi!

3) тармақша жаңа редакцияда көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

3) балаларға арналған жәрдемақы — әрбiр балаға 1,05 айлық есептiк көрсеткiш;

4) мүгедек баланы тәрбиелеушiге берiлетiн жәрдемақы — жалақының 1,05 ең төмен мөлшерi.

Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген жәрдемақылар — республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң өзгеруi ескерiле отырып, ал осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген жәрдемақы — ең төмен жалақы мөлшерiнiң өзгеруi ескерiле отырып төленедi.

РҚАО-ның ескертпесi!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген — ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

2. Өтiнiш берушi жәрдемақының мөлшерiн өзгерту немесе оны төлеудi тоқтату үшiн негiз бола алатын мән-жайлар туралы тиiстi уәкiлеттi органды он жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi.

Өтiнiш берушi бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақының, балаларға арналған жәрдемақының және мүгедек баланы тәрбиелеушiге берiлетiн жәрдемақының мөлшерiне әсер ететiн мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда, көрсетiлген мән-жайлар туындаған кезден бастап жәрдемақы мөлшерi қайта қаралады, бiрақ бұл мерзiм оларды тағайындаған кезден ерте болмауға тиiс.

Ескерту. 10-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 2007.12.19 № 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.02 № 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi); 31.03.2014 N 180-V (01.04.2014 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

1) баланың қайтыс болуы;

2) баланың толық мемлекет қарауына берiлуi;

3) өтiнiш берушiнiң жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексiз мәлiметтер табыс етуi;

4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгiленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшiн жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз мiндеттерiн атқарудан босату немесе шеттету негiз болып табылады.

2. Жәрдемақыны төлеу осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.

Артық төленген сомалар — ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешiмiнiң негiзiнде сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.

РҚАО-ның ескертпесi!

3-тармаққа өзгерiс енгiзу көзделген — ҚР ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).

3. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.

Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2007.12.19 № 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.02 № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы

заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

Осы Заң, 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 8-бапты, 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Президентi

Мақаланың шыққан күні: 26.12.2017 18:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2017 18:05
Қаралым саны: 851

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz