Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы

Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бұйрығы (2018 ж. 04 мамырдағы №166) негiзiнде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсы ағымдағы жылда өткiзiлетiнi туралы хабарланды (бұдан әрi- Конкурс). Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi арасында конкурс төрт номинациялар бойынша: «Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын»

•«Еңбектi қорғау саладасындағы үздiк кәсiпорын»

•«Үздiк ұжымдық шарт»

•«Экологияға қосқан үлесi үшiн»

Үш санаттары бойынша:

•iрi кәсiпкерлiк субъектiсi

•орта кәсiпкерлiк субъектiсi

•шағын кәспкерлiк субъектiсiөткiзiлетiн болады.

Конкурсқа қатысуға өтiнiштер ағымдағы жылдың 01 шiлдесiне дейiн қабылданады. Конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер жергiлiктi атқару органдарына қажеттi материалдарды екi данада ұсынады: 1)осы қағидаға сәйкес қосымшасына толтырылған өтiнiмдi;

2) корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша деңгейiн бiлдiретiнөзiндiк бағалау жәнеоның қызметiнiң нақты нәтижелерi туралы үмiткердiң есебi.

Үмiткердiң есебiне кiру тиiстi мәлiметтер: жеке немесе заңды тұлағынң тарихы;

•ұйымдастырушылық құрылымы;

•басқа қосымша ақпарат; 3) есебтiң қосымшасы (ұжымдық шарттың көшiрмесi және басқа құжаттар);

4) Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бекiтiлiген үлгiсi негiзiнде толтырылған сауалнама; Конкурс жөнiнде қосымша берiлген материалдардан жете толық ақпарат алып танысуға болады.

•Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi

«Парыз» конкурсын өткiзу ережелерi;

•Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi

«Парыз» конкурсының лауреаттарға атақ беру жөнiнде комиссиясы туралы ережесi;

•Номинациялар бойынша сауалнама.

Конкурсқа қатысу жөнiнде барлық мәселелер бойыншааудандардың, Көкшетау және Степногорск қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар, кәсiпкерлiк және кәсiпорынбөлiмдерiне, кәсiпкерлер Палаталардың филиалдарына, мемлекеттiк экологиялық инспекторларына жолығу керек.

Мақаланың шыққан күні: 25.05.2018 10:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.05.2018 10:18
Қаралым саны: 596