Мекеменiң мекен-жайы: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Первомайка ауылы,
Мекеменiң телефон: 8-716-41- 2-96-30
Мекеменiң негiзделген күнi: 2008 жылы iске асырылды
Мекеменiң директоры: Астанович Лариса Юрьевна
Жоспарлы төсек-орын: тұрақты тұруға 70 орын
Аумағы 1,6 га. Басты корпустың ауданы 1857,9 ш.м. Шаруашылық блоғының ауданы 344,1 ш.м. Ғимараттың құрылысы 2007 жылдың желтоқсан айында аяқталды, қызмет алушылардың көшiп өтуi 2008 жылдың ақпанында толығынан аяқталды. Ғимарат 70 мүгедек тұруына есептелген, барлық санитарлық және гигиеналық талаптарға сәйкес.
Мүгедектердiң тұруы мен дамуына, оларды оңалту үшiн ғимаратта жиһаз және техникамен жабдықталған сыныптар, медициналық кабинет (емдеу, массаж,физио емдеу кабинеттерi), спорттық және мәжiлiс залы, сенсорлық бөлме, ойын бөлмесi, теледидар тамашалайтын бөлме, психолог пен музыкалық жетекшiсi бөлмелерi, кең 4-5 балаға арналған жатын бөлмелерi, жуыну бөлмесi, 70 қызмет алушыға арналған асхана бар.
Тұрмыс жағдайын жақсарту үшiн дизельдiк жағармаймен iстеушi автономдық қазындық, суды тұщыландырушы қондырғы да бар.
Мекемедегi жұмыс «Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнайы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы» Бұйрығына сәйкес жүргiзiледi:
- әлеуметтiк — тұрмыстық;
- әлеуметтiк — медициналық;
- әлеуметтiк — психологиялық;
- әлеуметтiк — педагогикалық;
- әлеуметтiк — еңбектiк;
- әлеуметтiк — мәдениеттiк;
- әлеуметтiк — экономикалық;
- әлеуметтiк — құқықтық.
Мекемеде қызмет алушыларға үй жағдайындағыдай жағдай жаратылған.