A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Еңбекшілдер ауданы, Макинка ауылы, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы » КММ

Мекеменiң мекен-жайы: Ақмола облысы, Еңбекшiлдерауданы, Макинка ауылы, Санаторная көшесi 10 үй

Мекеменiң телефон: 8 (716-39) 2-83-78, 2-05-47

Мекеменiң негiзделген күнi: 1989 жылы iске асырылды

Мекеменiң директоры: Қожахмет Амангельды Қосманович

Жоспарлы төсек-орын: тұрақты тұруға 93 орын

Мекеменiң негiзгi мiндеттерi:

 — қызмет алушылардың тұруына қолайлы жағдай туғызу;

 — мемлекеттiк әлеуметтiк Стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету;

- оңталандыру iс-шараларын өткiзу.

Еңбекшiлдер ауданы, Макинка ауылы, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтiк мекемесi (ары қарай-МӘМ) стационар жағдайында халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы арнайы әлеуметтiк қызмет көрсету бойынша мақсатқа бағытталған жұмыс жүргiзiлуде.

Қазiргi уақытта МӘМ штатындағы қызметкерлердiң саны 83,75 бiрлiктi құрайды. МӘМ-нiң негiзгi мiндетi және функциясы белгiленген көлемдермен арнайы әлеуметтiк қызметтер көрсету Стандартына сәйкес мемлекет қамқорлығындағыларға арнайы әлеуметтiк сапалы қызмет көрсету болып табылады.

Қазiргi уақытта МӘМ-де 93 қызмет алушы тұрады, оның iшiнде бiрiншi және екiншi топтағы — 20 мүгедек, негiзгi ұйымдастырушылық, тоқсандық, тақырыптық жоспарларға және қолданыстағы Стандартқа сәйкес толық көлемде әлеуметтiк-тұрмыстық, әлеуметтiк-медициналық, әлеуметтiк-психологиялық, әлеуметтiк-мәдени, әлеуметтiк-еңбек, әлеуметтiк-экономикалық және әлеуметтiк-құқықтық қызметтер көрсетiледi.

Даулы жағдайлардың профилактикасы, қамқорлықтағылар арасында сау адамгершiлiк-психологиялық ауа райын сүйемелдеу бойынша жұмыс белсендендiрiлген. МӘМ-де қызмет алушылар құрамына кiретiн мәдени-тұрмыстық комиссия (ары қарай — МТК) құрылған. МТК өзiнiң қызметiн жаппай-мәдени тәрбиелеу жұмыстарына және үй жанындағы алқап жұмысына, тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және өзiне-өзi қызмет көрсетуге белседi қатысуды кең ауқымда жүзеге асырады.

Әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтер

Қарт адамдармен басты әлеуметтiк жұмыс бағыты олардың мекендеу орталарын ұйымдастыру, қорыта келгенде, қарт адамдарда жайсыздық жағдайы пайда болмау болып табылады. Сондықтан қызмет алушылармен жұмыстың ең маңызды түрi қызмет алушыларға әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтер жасау болып табылады. МӘМ бiр қабатты ағаш ғимараттарда жайғасқан және бес корпустан құрылған, ол қамқорлықтағыларға, сонымен қатар күйме-арбалармен жүретiн мүгедектерге белгiлi бiр жайлылық берiп, ешқандай кедергiсiз таза ауада серуендеуге қажеттiлiк тудырады. Тұрғын жайлардағы бөлмелер санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға толық сай келедi және қамқорлықтағылардың өмiр сүруiн қолайлы жағдаймен қамтамасыз етедi. Барлық корпустарда сұйық кристалды телевизорлар орнатылған болатын, жиhаздар, шкафтар, үстелдер, орындықтар, тумбочкалар және тоңазытқыштар жаңартылды. Арнайы әлеуметтiк қызметтер көрсету Стандартын енгiзiлгеннен кейiн қажеттi құралдармен жабдықталған, жеделдетiлген күтiм және терапия жүргiзу үшiн паллиативтiк бөлме жұмыс жасауда. Мәдени уақытты ұйымдастыру үшiн әдеби қорының 3 700 кiтабы бар кiтапхана, бильярд үстелi, теннис үстелi, 80 орны бар мәдени зал жұмыс жасауда.

Әлеуметтiк-медициналық қызметтер

Сондай-ақ қызмет алушылармен ең маңызды жұмыстың бiр түрi әлеуметтiк-медициналық қызмет көрсету болып табылады. Бұл жұмыстың ерекшелiгi ол өзiне екi өзiндiк саланы тiркестiруден құрылады: денсаулық сақтау және әлеуметтiк қорғау. Медициналық қызметкерлер қиын жағдайға түскен және жапсарлас мамандықтағы жұмысшылардың қатысуымен: санитарлар, психолог, заңгер т.б. талап ететiн қамқордағылардың барлық кешендi мәселелерiн үйлестiретiн рөл атқарады.

МӘМ қызмет алушыларына келесi медициналық көмектердiң түрлерi ұсынылады: алғашқы медициналық-санитарлық көмек, дәрiгер терапевттiң және аудандық емхана мамандарының келiп қарауы түрiндегi кеңестiк диагностикалық көмек. Медициналық корпуста медбике тәулiк бойы кезекшiлiк атқарады, дәрiгер тағайындаған емшараларды жүргiзедi. Бiр тұрғын жайда палиативтiк көмек бөлiмшесi құрылған. Қазiргi уақытта онда жеке күтiмдi қажет ететiн, қатты ауыратын қызмет алушылар жатыр. Бөлiмшенiң басты мақсаты — тұрақты жеке күтiм есебiмен олардың өмiр сүру сапасын жақсарту болып табылады.

Осы бағдарламаларға сай медициналық-техникалық көмек ұсынылады — мүгедектердi протездiк ортопедиялық құралдармен, арбалармен, сүйенiп жүргiштермен және тифлоқұралдармен қамтамасыз етедi. 2013 -2014 жылдарға ЖЖЖ жасалды, ДЕЭК,СДЭК қортындысында 22 қамқорлықтағылар компенсаторлық әдiспен қамтамасыз етiлдi.

Физио емдеу кабинетi жабдықталған, онда емдеу шаралары электрмен емдеу, жарықпен емдеу, жылумен емдеу, ингаляция жасау, электрлiк массаждар, емдiк дене шынықтыруға арналған тренажерлар арқылы жүзеге асырылады.

Әлеуметтiк-психологиялық қызметтер

Бiздiң мекемеге келiп түскен қарттар мен мүгедектер өмiр сүру жағдайларының өзгеруiнен түрлi жан күйзелiстерiн басынан өткередi. Жаңа өмiр сүру жағдайларына бейiмделу үшiн қамқорлықтағылар мекеменiң қабылдау бөлмесiне келiп түскеннен бастап, қажеттi бағдарламалардан өтедi. Анықталған бұзылыстарды: есте сақтау қабiлетiнiң нашарлауы, кеңiстiктегi бағыттың бұзылуы, жүйке-психикалық орнықтылықтың, жалпы көңiл-күй қалпының бұзылуын түзету бағдарламасы iске асырылады. Осы бағдарламалардың қортындысы бойынша қамқордағыларға психологиялық-түзету және басқа да әдiстемелер қолданылады. Психологиялық кеңес беру жеке жұмыс және топтық сабақ түрлерiнде ұйымдастырылады. Жеке сабақтарға өмiрдiң қиын жағдайларына тап болғанда бiрлесiп келiсiмге келеуге мүмкiндiк беретiн сұхбаттар, кеңестер жатады. Топтық сабақтардың мақсаты- осы ұжымдағы өзара қарым-қатынасты орнату, сенiмдiлiктi ұялату, әлеуметтiк белсендiлiктi арттыру. Егде адамның мiнезiн, әдеттерiн, қызығушылықтарының ерекшелiктерiн зерделеу, дау-жанжал жағдайларын болдырмау және қалыпты моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру психологтың негiзгi жұмысы болып табылады. Психотерапияның барлық түрлерiн жүзеге асыру үшiн психологиялық РАЗГРУЗКАның жабдықталған бөлмесi бар.

Әлеуметтiк-еңбектiк қызметтер

Еңбек машықтарын, бiлiмi мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында жеке қажеттiлiктен шыға отырып еңбек қызметiнiң түрлерi белгiленедi. Тiгiн және ағаш шеберханасы жұмыс iстейдi. «Шеберлер» үйiрмесi жұмыс iстейдi, онда қызмет алушылар бисерден бұйымдар жасайды, тоқиды, тiгедi, пэчворк стилiнде жұмыс iстейдi. Экспонаттар бiрнеше рет облыстық және аудандық халықаралық көрмелерде қойылды және Лауреаттар Дипломы мен Құрмет грамотасымен және сыйлықтармен марапатталды. Мекеме маңындағы жерде қызмет алушылар өздерi үшiн көкөнiстер мен көктердi отырғызады. Өз бөлмелерiндегi терезелерiнiң алдында қалауы бойынша гүлдер өсiредi. Мұның бәрi денелiк белсендiлiктi сақтап, оңтайландыруды тудырады.

Әлеуметтiк-мәдени қызметтер

Егде адамдарға жалғыздықты бастан өткеруге, тұйықтылықты серiлтуге, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға мүмкiндiк беру, достық қарым-қатынастарын орнатуға көмектесу, барлық болып жатқан оқиғалардан құлағдар ету, өзiнiң қоғамға қажет екендiгiн сезiнуге көмектесу — бұл әлеуметтiк-мәдени қызметтiң басты мақсаттары.

Демалыстарын және бос уақытын әр түрде ұнамды өткiзу құқығын жүзеге асырмаса, адамның өмiрi құнды болып табылмайды. Қызмет алушылардың мәдени демалысы әртүрлi, әр бiр адам өзiне ұнаған сауық түрлерiн таба алады: өзiнiң қарауынша кiтапханадан кiтап алу, үстел ойындарын ойнау, компютерлiк сауаттылықты арттыру, бейнефильмдер көру.

Табиғатқа шығулар ұйымдастырылады, астанамыздың назар аударарлық орындарын және Бурабайдың көрiктi жерлерiн таныстыруға саяхат ұйымдастырылады. Қызмет алушылардың қатысуымен көркемөнерпаздар байқауы және спартакиадалар өткiзiледi.

Республикамыздағы ұлттық және мемлекеттiк мерекелерiне орай жаппай-мәдени спорттық, салтанатты iс-шараларын өткiзу дәстүрге айналды. Жаңа жылды қарсы алу, Халықаралық әйелдер күнi 8 Наурыз, «Наурыз», «Жеңiс күнi», «Қарт адамдар күнi», «Мүгедектер күнi», «Тұңғыш Президент күнi» сияқты атаулы күндер бiр күндiк мерекелiк iс-шарамен шектелмей, мазмұнды мерекелiк iс-шаралармен онкүндiк ретiнде өткiзiледi, мерекелiк iс-қатысатын қонақтар болып табылады.

Әлеуметтiк-экономикалық қызметтер

Әлеуметтiк-экономикалық қызметтер Қазахстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарттар мен мүгедектердiң өмiр сүру деңгейiн жақсартуға бағытталған. Бiздiң мекеме мына қызметтердi көрсетедi: шоттағы дипозиттiк шотты ашуға көмектеседi, зейнетақы мен жәрдемақыны алуда қадағалау жүргiзедi, жеңiлдiктердi, жәрдемақылар мен өтемақыларды алуға құжаттарды ресiмдеуге жәрдемдеседi.

Әлеуметтiк-құқықтық қызметтер

Жаңадан келiп түскен қызмет алушымен заңгер қызмет алушылардың тұру ережесi мен жағдайлары және құқықтары мен мiндеттерi туралы түсiндiрмелi жұмыстар жүргiзедi.

Арнайы әлеуметтiк қызметтердi көрсету саласында әлеуметтiк қамтамасыз ету құқығымен және әлеуметтiк көмектерге байланысты мәселелер бойынша заңгерлiк кеңестер Қазахстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көрсетiледi. Әрбiр қызмет алушы құжаттарын ресiмдегенде, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелерге шағым дайындап жазғанда, заңнамамен белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды, әлеуметтiк төлемдердi алғанда заңгердiң көмегiн ала алады.

Дата создания статьи: 04.01.2018 14:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.01.2018 14:49
Қаралым саны: 1324

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz