A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Шортанды ауданы, Дамса ауылы, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы » КММ

Директор - Горкушева Галина Ивановна

Ғимарат салынды - 1960 жыл

Жобалық сыйымдылығы:45 орын

Қызмет басталуы: 1998 жылдың сәуірі

Шортанды медициналық-әлеуметтік мекемесі қызметінің басты түрлері тұрақты бөгде адамның күтіміне, тұрмыстық және медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетуге, оңалту қызметтеріне мұқтажды қарт азаматтардың, мүгедектердің тұрақты тұруына арналды.

Қызметкерлер штаты 35 штаттық бірлікті құрайды, МӘМ барлық штаты жасақталған.

Арнайы әлеуметтік қызметтер: МӘМ мамандарымен өзара әрекет етуге әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың жеке бағдарламаларын есептегенде, қажеттілік негізде әрбір қызмет алушыға жұмыстың жеке жоспары әзірленді және бекітілді. Оңалту іс-шаралары жеке жоспарда көрсетілді, белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Қамқорлыққа алынған тұлғаның жағдайын өзгерту МӘМ мамандарымен қаралады және электрондық картотека журналында көрсетумен мониторинг жүргізіледі.

 Әлеуметтік- тұрмыстық қызметтер: қызмет алушылар 2-3 адамнан олардың жағдайына, жас ерекшеліктеріне, физикалық және психологиялық жағдайына, икемділігіне қарай палаталарда орналастырылды; қызмет алушыларға қолдануға қажетті жиһаз және төсек-орын жабдығы берілді. Тамақтану нормаларына сәйкес әртүрлі тамақтар беріледі; МӘМ холлы жұмсақ жиһазбен, теледидарлармен, ДВД плеерлермен жабдықталды, телевизиялық арналарды қарау үшін ОТАУ- ТВ спутниктік желісі орнатылды. Сондай-ақ, қызмет алушылардың қалауы бойынша теледидарлар жеке бөлмелерде орнатылды, таксофон бар.

Әлеуметтік- медициналық қызметтер: есепті кезеңге бар болғаны 36 қызмет алушы. Олардың ішінде мүгедек 12 адам бар:

3 адам - 1 топ

6 адам- 2 топ

3 адам- 3 топ

МӘМ штатында 2 дәрігер жұмыс істейді. Мамандармен барлық қамқорлыққа алынған тұлғаларды  жоспарлы тексеру жүргізіледі. Терапевте «Д» есепте 16 адам тұр. Кардиологта 11 адам, окулистта 6 адам, эндокринологта 1 адам, невропатологта 4 адам, ухирургта 12 адам.

Әлеуметтікқұқықтық қызметтер:  

  • қайта келген қызмет алушыларды тіркеу бойынша, екінші деңгейлі банкіде шоттарды ашу, ЗТМО зейнетақысын және жәрдемақысын алуға құжаттарды жолдау

 

  • қайтыс болған қызмет алушыларды тіркеу бойынша жұмысы жүргізіледі

 

  • ескі үлгісіндегі жеке куәлікті жаңаға ауыстыру жүргізіледі

 

  • қайта жасаушы мерзімінің ескіруі бойынша меншік құқығын тану туралы құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетіледі

Әлеуметтік- экономикалық қызметтер: барлық қызмет алушылары ҚР заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдерді алады.

Әлеуметтікеңбек қызметтер: қызмет алушылар қар мен қоқыстан аумақты тазартуға қолдан келерлік көмегін көрсетеді, аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша іс-шараларда холлдарда гүлдерге су құяды. Күн сайын кір жуатын бөлмеден киім-кешекті жаматумен, жеке киімді шағын жөндеумен айналысады, 3 қызмет алушылары асхананың қызметкерлеріне көкөністерді тазартуға көмектеседі. Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысы бұзылған қамқорлыққа алынған тұлғалармен медициналық және кіші қызмет көрсету персоналымен бірлесе өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалпына келтіру бойынша сабақтар жүргізіледі.

Әлеуметтікмәдени қызметтер: бос уақыт компоненттің жеткілікті әртүрлі іс-шаралар құрайды - өткен жылдардың фильмдерін көру, үстел ойындары, викториналар, концерттер, шағын топтарда жеке оқу жүргізіледі.

Әлеуметтік - психологиялық қызметтер: қызмет алушыларға топтық тренинг арқылы психологиялық қолдау көрсетіледі. Топтық кездесу аптасына екі рет музыкалық арт терапияны қолданатын  психолог және психотерапевт жетекшілігімен өткізіледі.

Дата создания статьи: 03.01.2018 18:15
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2018 18:15
Қаралым саны: 573

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz